Баяғыда Қарынбай деген мыңғырған бай болыпты. Мал-мүлікті өзі де жемей, ешкімге тышқақ лақ та бермей жинай беріпті, жинай беріпті. Содан, Құдай оның сараңдығына ашуланып бүкіл жиған-тергенін құрт-құмырсқаға айналдырып жіберіпті, ал қоян сол Қарынбайдың түйесі деседі.

Рэ́йки (яп. 霊気), Рейки — это духовная практика, основанная в 1922 году японским буддистом Микао Усуи (англ. Usui Mikao). (Википедия)

Психотерапевт (әйел адам) деп жіберген адам рейкидің мастері екен. Йогамен, психотерапиямен, рейкимен айналысады. Сөз басталғаннан бір сұрақ қойып тығырыққа тіреп тастады: «Сен өз өміріңде өзіңді қалай сезінесің?». Қалай сезінемін?… Мен өз өмірімде кіммін, вообще?

Түсіндіруге тырысты, әр түрлі өмірден (жалпы, өз өмірінен) мысалдар келтірді.

Соңында рейки жасады: шалқадан түсіп жаттым, алдымен көзіме қолдарын қойды. Ештеңе ойламауға тырыстым. Іштей «Рейки деген не?» деп сұрасаң жауап келеді екен кейбір адамдарға. Маған келмеді, содан өзімнің ішкі сезімдеріме көшіп кеткенде, самайым шытынап сынып кеткендей болды. Көздерімнен алақандарын алып, самайға қойды. Мүмкін энергия ағымдары тым нәзік, тым тылсым шығар – ештеңе сезбедім (терім/аурам қалың ғой деймін). Содан қолдарын иығыма қойды – алақандары ыстық екен. Сол кезде ұйықтап кетіппін. Қолдарын алғанда – ояндым. «Енді не сезінесің?» дейді. Сенесіз ба, басымда жарты ой да қалмаған. Өтірік айта алмадым, сол моменттегі бар шындығым сол болды – ешқандай сезім жоқ, ешқандай тұжырым жоқ, қабірдегідей тыныштық. Қорқынышты, ия?!

Рейки – дін емес. Жалпы, дінге қатысты үш бағыт десек те болар бар дейді: бірі – «ресми» мешіттердегі, храмдардағы, т.т., екіншісі – секталар, өте қауіпті (Құдай сақтасын), үшінші – осы, рухани даму, баю.

Ақпарат легі күшті болғаны сондай, сол кісіден шыққаннан кейін басым қазандай боп кетті: ойымды бір ретке келтіру қиын болды.

Психотерапевттің 4 сағат сөйлегенінен:

– Немқұрайлық – өліммен тең. Немқұрайлықтан тіпті «жек көру» артық екен.

– Су – махаббат, ауа – ақыл-ес. (Күні бойы жүріп келгенмін, аяғым шылқ-шылқ су болған, содан шай төгіп алдым үстіме. Сонда, «психотерапевт»: «саған махаббат ұмтылады екен» дейді, біртүрлі қызық екен… Қандай махаббат екен маған жете алмай жүрген ))))) (қыз емес шығар, надеюсь)

– Ішіңде (жаныңда, миыңда, т.т) туған сұрақты айтып тұру керек, жазып тұру керек, әсіресе ер адамдарға 🙂 олар біздің (нәзік жандылардың) ойымызды оқып үйренбеген ғой әлі.

– Өзіңнің қара басыңның жағдайын ойлап, басқа адамдардың іс-әрекетіне әсер етпеу керек екен.

– Жан-дүниедегі өзгерістер сырт бейне-пішініңе тікелей әсер етеді екен.

– Адам ол – физикалық денесі. Адам ол – жан-дүниесі. Адам ол – рух. Рухы мықты адамның жан-дүниесі де ден-саулығы да мықты болады екен.

– Адамның «МЕН» дегені әртүрлі энергиялық жеті қабаттың астында екен. Ал, тауып көр «өзіңді»?!

– Кез-келген эмоция бей жай кетпейді. Сыртқа шықпаған энергия жиналып, жиналып бір ауруға әкелуі мүмкін.

– Энергиямен жасалған дүние ұзаққа барады. т.т

Күмән пайда болды:

1) инициация алу (рейки мүшесі болу үшін) үшін ақша төлейсің, содан сетевой маркетинг па деп қалдым. Психотерапевттің күлкісі қатты шықты :)…

2) адам ойлап тапқандықтан бір күмәнім бар. Шын, өтірігін қалай білемін?!

Әрине, бұрыннан белгілі дүниелер және миыма «керек» деген ақпаратты ғана сақтайтындықтан, көп әңгіме сол жерде қалды.

Әрине, «күмәндарым» күшті болғандықтан көп ақпаратты қабылдамадым.

Әрине, менің жан-дүниемдегі бар құбылыстарды шеше алмады (өзім шеше алмай жүргенде, басқа адам шешіп береді дегенге сенбеймін), ол туралы сөз қозғаған да жоқпыз. «Психоанализ» дегеннің маңы тұрмақ, шаңына жоламадық.

Әрине, ол кісі менен 4 сағаты үшін тиын-тебен алуы керек еді, бірақ алмады.

Әрине, барлық қиындық бірінші мида, сосын өмірде пайда болады.

Әрине, әр адам өз таңдауына өзі ғана жауапты.

Әрине, ешкімге ешкім міндетті емес.

Әрине, әр адам бақытқа лайық.

Қазақстан мен Жапония қыздары шайбалы хоккей ойнағанда билет іздеп Балуан Шолаққа (стадион) барып, билет таппай, көңіл түскені сондай тамаққа тойып алып үйге тарасқан күні аялдамада бір қыз келіп «*** микрорайонына Төле би-Әуезовтан қалай жетуге болады?» деген. Мен сол *** микрорайонында тұрамын. «Қаланы білмейтін біреуге түсіндіруі керек шығар» деп дұрыстап айтып тұрғанымда менің күтіп тұрған автобусым кетті де қалды. Шынымды айтайын, өзім онсыз да ызалы боп тұрғанмын, іштей біраз «жақсы» сөздер айтып қалдым әлгі қызға. Содан, таныстым деңіз: жақында ғана тұрмыс құрған екен, *** микрорайонында тұрады екен, күйеуі ыстрашно қызғаншақ екен, сенбейді екен, әрдайым тексеріп тұрады екен, жан-жарына айтпай, Төле би-Әуезовта тұратын әпкесіне бармай Абай-Байтұрсыновтағы құрбысына барғанын айтып шықты. Екі автобус ауыстырып баратын болдық (ақшасы да соған жетеді екен). Не керек әңгімені жақсы айтады екен. Көрші болғандықтан телефон алмастық (қарап тұрсаңыз, безобидно). Сонымен, үйіме жеттім. Әлгі қыз туралы ұмытып та кеттім. Бір сағаттай өткенде таныс емес нөмір телефон соғад… МА-МА… әлгі қыздың күйеуі!!! «Қайдан танисыз? Қайдан қашан қай автобусқа отырдыңыздар?… » анау-мынау… е-мое… сөзім жоқ, ағайындар…

 

Таныстар 1

25-і ақпан күні 11-Жапон кинофестиваліне бардым. 1985-і жылы бірінші фестиваль өтсе керек. Алдыңғы екі жылда мүмкіндік болмаса да биыл (әйтеу) ұйымдастырыпты.

Брошюрадағы мәтінді еркін аудармамен аударып жіберсем:

Жапон киносы осыдан ғасыр бұрын пайда болған. Классикалық жапон киносы – бұл «Токиолық оқиғасымен» Одзу Ясудзиро (1903-1963),  жапондық киноны әлемге танытқан Акира Куросава (1910-1998), «Жапон Диснейі», жапон мультипликациясы мен манганың атасы Тэдзука Осаму (1928-1989). Сонымен қатар, бұл тірі классиктер – Канн кинофестивалінің лауреаты Осима Нагиса (1932 ж.д.к), табынарлықтай аниматор-режиссер Миядзаки Хаяо (1941 ж.д.к), режиссерлікпен қатар өз фильмдерінде басты рөлдерді сомдайтын және де жапон халқының сүйікті тележүргізушісі Китано Такэси (1947 ж.д.к.).
Алматы қаласындағы биылғы кинофестивалінің бағдарламасында – соңғы 15 жылдағы фапон кинокатографисттерінің ең керемет картиналары ғана. Кинофестиваль мақсаты – замнауи жапон киносының жан-жақтылығын көрсету: әлемге әйгілі анимеден әлем киносыншыларымен жоғары бағаланған терең, драмалық картиналарға дейін. …
Ұйымдастырушылар Фестиваль киносүйерлер мен жапон мәдениетінің жанкүйерлерін ғана жинап қоймай, сонымен қатар көптеген қонақтарға Жапонияны басқа жағынан ашуға көмектеседі.

Сонымен не керек, көңілді Көңілашар хабарласты «барасыңдар ма жоқ па» деп, «билет болса болды» деп мен зыта жөнелдім.

11-і фестивальдың ашылуына бұл фильм жайдан жай таңдалмаса керек. Такаши Ямазакидің «Always san-chome no yuhi» («Әрқашан: үшінші авенюдегі күнбатыс») кинокартинасынан басталды. Слоганы «Адамдар кедейлеу, бірақ жанашыр болған бұрынғы бай заман туралы». Шындығында, керемет түсірілген. Адамдардың ойламай жасайтын кейбір қылықтарын бергенде еріксіз күлесің да жылайсың.

пысы: Жанна, көөөп рахмет!!!

«Прикинь, да?!» дегеннің қазақша баламасы «ойлап кетші» (сыпайы түрі «ойлап қараңызшы») дегенге келетін сияқты.

Ойлап кетші, қайтыс болғанда әлем жылайтындай адам қандай болу керек?!  Бір минут өзіңді сондай адаммын деп елестетіп көрші… Қандайсың? Өлгеніңде (ең құрығанда) Қазақ елі жылайтындай адам болуды кім армандайды екен, а? Біздің арамызда бар ма екен, вообще?!

Қызметкер: «бла бла бла жинап, бір таблицаға тізіп жіберейін деп едім. Сіз кеңсеге қашан келесіз?»

Бастық: «Келмеймін, обходтамын»

Қызметкер: «Түстен кейін де келмейсіз ба? Сіз бір қарап жіберсеңіз»

Бастық: «аа келем ғой. Сіз бір таблицаға жинап қойыңыз, түстен кейін келіп тексеремін»

 

Жоғарыдағы диалогтың бір жері ұнамайды, қай жері екенін өзім түсінбей отырмын… Что-то тут не так…

Тапсырыс берушілердің (Заказчик) еркеліктері:

– хаттардың бәрі «Аса құрметті» деп басталсын;

– есікті қағып, «Кешіріңіз» деп сұрап, аяқты сүртіп, шашты тарап, тик-так шайнап, бір коробка конфетті қолтық астына қысып кіру керек;

– откат/подкадтардың бәрі кем дегенде алты нөлден тұрсын;

– жаңа жыл, қытай жаңа жылы, мұсылман жаңа жылы, еврей жаңа жылы, мая жаңа жылы, т.т. толып жатқан жаңа жылдардың бәріне салмағы 5 кг-дан кем түспейтін сыйлықтар сыйлансын;

– тапсырыс берушілердің бастықтарының барлығы барлық корпоративті кештерге шақырылсын, құрмет-қошеметке бөленсін;

– кез-келген санға жабысқанда ешқандай қарсылық көрсетілмесін, барлық циферлар сол моментте өзгертілсін;

– қол қоятын жерлерге стикерлер қойылып, тапсырыс беруші парақтап отырмайтындай ашылып тұрсын (өзің ашып тұрасың ба, біреуге аштырып тұрасың ба – сенің проблемаң).

Неужели, амал жоқ?!