Вообщим, студент сіңлім менің жұмысыма жақындағанда қалтафонға гудок лақтыратын болып келіскенбіз. Ал, жұмыста барлығымызда бір операторда болу үшін жаңа нөмірлер алатын болып коллективно (что не мало важно) шешкенбіз . (Айта кететін жағдай, мен алдын ала ол операторға қосылып қойғанмын + сіңлім нөмірлерін өте жиі ауыстырады, ол естен шығып кетіпті)

Түскі ас уақыты. Белгісіз нөмір маяк тастайды. Ұшып тұрып кете берейін десем, қайта соғады. Сөйтсем, кофе-брейк жайында хабарласып тұр екен. «Ибааай» деп курткамды шешіп қайда жұмысыма отырдым.

Бір кезде бухгалтерия келді нөмірлерін арқалап. Мәз-майрам бәрі. Абыр-сабыр. У-шу. Ығы-жығы.

Қалтафоным шыр ете қалды, апыл-ғұпыл жиналдым да шығып кеттім. Далаға шығам, жан-жағыма қарайм – сіңлім жоқ. Соңғы нөмірге соқсам, бухгалтер алад: «Салта, этож я» деп… «Мисыз бас екі аяққа тыным бермес» деген мен туралы боп қалғанына күлкім келді :)))

«Маягі» құрысын…