Агент болсын, аська болсын, скайп болсын – қатар бірнеше адаммен сөйлесе аламын… Тақырыптарды ауыстырмаймын, шатастырмаймын(анда-санда)…

Ал, телефонмен сөйлесіп тұрып параллельно агентке жазып, тлибизор қарап тұра алмаймын…

Екі адамды бірдей тыңдап тұрып, екеуінің де айтқанын бірдей есте сақтай алмаймын 😦

Бірінен бірі биік тұратын бастықтардың қарама-қайшы бұйрықтарын орындай алмайтын жағдайлар да бар 😦

Әкем былай, мамам былай деп екі ортада қалып қойған ыслушайлер ше?!

Ұйқым кеп-ақ тұр, бірақ мына жазбаны бітіру керек. Неге ояу жүріп ұйықтай алмаймыз?!

Бірнеше ойды бір мезетте ойлай аласыз ба?

Екі аяқты бірдей алып жүре аласыз ба?

Бір ұйықтағанда бірнеше түс көре аласыз ба? ия, қатар қатар…

Ұйықтағанда бір өзіңіз бірнеше боп бөлініп кеткен жағдайлар болды ма?…

Ал, екі қайықтың басын бірдей ұстап?…

Отступление: бала кезімде «не мынау не мынау» деп таңдатып қоятын. Сонда ойлайтынмын, «ну қашан еш ойланбастан анау да мынау да болатын күн болар екен» деп. Ешқашан келмейтін сияқты ол күн. Барлық жерде таңдау.

Адамдарики, таңдауларыңыз әрдайым оң/дұрыс болсын!

Так-с, ваннада қаншауы қалды екен? Етысқышта ше? Сумен ағып кеткенін кім санап жатыр? МММ… Көзге көрінгенін жинап, теріп, тарақтағысын алып… Бір уыс болған шашқа қарап тұрып «делать нечего, бір жуғанда неше шаш түсетінін санап…» Қысқа шашты жинау қиын, ұзын шашты санау оңай болғанымен, екеуінде де нақтылығы күмәнді…

Шашты 200 рет тараса жылтырып тұрады дейді, тараймыз ба? Бір, екі, үш, төрт… жиырма, отыз, қырық…

Бір жағынан қызық қой, бірақ уақытыңды жейді-ақ… Сондықтан, адамдар, көп ерікпеңдер :))