Түскі ас уақыты. Тамақ  алуға көрші дүкенге шыққанбыз. Көше бойындағы машинадан жігіттер түсіп жатыр. «НАДО ЖЕ! Какие люди!» деп біреуіне жабыса кеттім. Ол да танып жатыр. Анау-мынау, «институтқа барып тұрасың ба?», «кім-кімдермен араласасың?», «Тимурды танисың ба?», «Қай жердесің қазір?» деген сияқты кезекті сұрақтар мен соған жауаптар кетіп жатыр бірінен соң бірі. Бір кезде телефон алмаспақ болып, нөмерін жазып алып, енді кім деп сақтайтынымды/сохранять білмеймін, елки-зеленые аты кім ед?! Сызылып тұрамын ба?!

– Кешірш, бірақ, атың кім ед?

– Уахахааа мен де сенен сұрай алмай тұр едім ыха ыха…

Сонымен сол… Фото память, алғысым шексіз саған, бірақ құлақ памятьпен қайта достасшы, өтінемін…