Қаңтар 2009


yes_manЧестно говоря, на фильм шла с настроем на смех и приколы в стиле Джима Керри.  В принципе(!), так и получилось… Все таки САМ Джим Керри… Но! Немного постаревший Джим Керри…

Выводы для себя: над каждым НЕТ буду думать «стоит ли отвечать да?!»

Думаю, стоит посмотреть тем кто не умеет говорить «ДА!»

ratingОбъект нөмірі: 55

Есімі: Салтанат

Жасы: 23

Өлшемдері: ***-**-*(см-кг-размер)

Мекен-жайы: Алматы қаласы, пәленбай-туленбай…

Телефондары: 87272******, 8777*******

Туған жері: Талды-Қорған

Елі: найман(!!!)

Танысу күні: **.**.200*

Қылықтары: қолын қалтасынан алмайды – айтары бар, көзіме қарамайды – айтып тастауы мүмкін, басын изей береді – айта алмаған ойларымен келіспегені болар, сағатына көп қарайды, сосын тез жүреді – «тезірек кетсем екен» деп тұрғаны ма, әлде тығыз шарусы бар ма?!…

Жоспар: бірнеше рет шығарып саламын, киноға, үйреншікті сценарий бойынша…

Бұл сияқты тесттерден өттіңіз бе? УПС, білмей жүрген де боларсыз… Микроскоппен «ісіңізді» зерттеп жатқанын білмейсіз-ау… Білмеген дұрыс шығар, білсең білмегенсіп жүру қиын екен… Сіздің де тестіңіз дайын болар?

Объект нөмірі: ***

Жасы: 25

Өлшемдері: ***-**-** (см-см-кг)

Мекен-жайы: Алматы қаласы, маған дейін 20 мин

Телефондары: 8700*******, 8777*******, 8702*******, 87272******(үй), 87272******(жұмыс), 8707*******

Туған жері: есімде жоқ

Елі: есімде жоқ

Танысу күні: **.**.200*, Балғырған блогы

Қылықтары: сағызын аузынан алмайды – күйіс қайыратын шығар, машинасын жақсы көреді – темінартір, жаны жоқ, киноның жылайтын жерінде жыламайды – тасжүрек, жолда жылдам жүреді – эгоист, аузы жабылмай сөйлей береді – эгоист, үш сағатта бір телефон соғады – сараң, қалжың көтермейді – қызықсыз, жұмысында проблема, үйінде проблема, бір жері ауырады та жүреді, ақшасы постоянно жоқ, машинасының ходовкасы «ақсайд» – лузер, тамақ істеу біледі – неткен керемет(!), қызтеке, трактор айдап үйреніпті – ТАМАША, жетпегені сол еді, болымсыз затқа жүгіреді…

Негізі, өтірігі көп анкетаға ұқсайды ма?! Психологияның қағидаларына сүйеніп қимыл, әрекеттеріңнің бәрін саралап, адамның ішкі дүниесін түсінуге болады ма?! Қандай әріптес/құрбы/дос/жар боларын байқауға болатын шығар, бірақ жүректің не деп тұрғанын қалай түсінсе болады… Болмайтын шығар… А болса ше?! Онда бәріміз бір-бір кітап құшақтап аса білімді болып кетер ма едік?!

Жалпы, адамның ішінде бір таразысы бар ғой… «мынау жақсы! мынау біртүрлі! мынау андай! мынау мындай!» деп топтап, рейтинг бойынша талдап тастайтын (сізде жоқ па?! онда сіз біртүрлі адамсыз!). «Адамдардың бәрі бірдей»,  «адамның жаман-жақсысы жоқ» дейді, сонда біз қандай принцип бойынша бір-бірімізбен араласамыз?! Э, ия… «ұқсас ұқсасқа тартылады»… ия ия… Физиканың «теріс-оң», «оң-теріс» дегені адам өмірінде келмейтіні есімнен шыға береді… Бірақ, «ұл-қыз», «ақ-қара», «шәй-сүт», «шоколад-қант», тағысын тағы мысалдар бір-бірімен қалай үйлесіп кетеді 🙂 Ойымды жалғастырсам, 1 сыныпта <=> деген таңбаларды үйрететін, бірақ бұл таңбаларды мағынасын сіз оған дейін де білетінсіз, жәй қағаздағы «түрін» мұғалима көрсетеді. Өсе, есее, сіз бұл таңбалармен қоштаспайды екенсіз, оны да білесіз… Адамдарды, оқиғаларды, кино болсын, әрекет болсын «Үлкен-Кіші-Тең» деп саралап, топтап, өз рейтінгіңізді жасайсыз… «Солай ма екен, олай емес пе екен» деп сұрап отырған шығарсыз өзіңізден… Мен де… Тарыдай шашырап кеткен ойымды жинай алмай қалдым… Түк түсінбесеңіз, кешірім өтінемін 🙂

Балаларды ата-анасының мазасын алмасын деп ойындар ұйымдастырған едім

1) Ұста-Ұста: бірінің артынан бірі белінен ұстап тұрады. Ойынның мақсаты: бірінші тұрған ойыншы соңғы тұрған ойыншыны ұстап алу. Ойыншылар саны: шектеусіз.

2) Басам: шарды тобыққа байлау керек. Ойын мақсаты: өз шарыңды жарғызбай, басқанын шарын жару. Ойыншылар саны: шектеусіз. Керек-жарақ: үрленген шарлар. (суретті қараңыз)

3)Мумия: Біз екі «мумияны» ортаға алып, екі топқа бөлініп, «мумияларды» орадық. Ойынның мақсаты: «Мумияға» «киімін» кигізу/орау. Керек-жарақ: орамақағаз(туалетная бумага). Мысалы, бізге бір «мумияға» 2 орама жетті. (суретті қараңыз)

4) Отырам!: сол бұрынғы бәріміз білетін ойын. Орындықтарды дөңгелете қойып айнала жүріп «стоп» дегенде отыра қалу. Орындықтар саны ойыншылар санынан бір дана кем екенін ұмытпау керек.

5) Жұмбақ: шаршағанда бір-біріне жұмбақ жасыру.  Мысалы: судан шығады, судан қорқады (из соли выходит, соли боится). (суретті қараңыз)

basam

mumuyarelax2

greenАлматыға жаңа көшіп келген кез… Алғашқы пәтеріміз… Ремонт жасауға тиын-тебен аздау… Жамауға келетінін жамап, ауыстыратынын ауыстырып «адам» кейпіне келтіруге тырыстық (тырысты 🙂 ). Балалар бөлмесінің керегеқабы (обои… тілмаштардан кешірім, қазақшасын білмеймін) «іске» жарамайды екен, мен ол кезде 11-12-лердемін, менен кейінгілер одан да жас екенін түсіну үшін математиканың 1-2 сыныбы да жеткілікті. Сөйтіп, бөлмеміз жап-жасыл боп шыға келді. Керегеқаптағы жануарлар жасыл алаңда жүргендей әсер береді, көздері «табақтай» дәу, ыржитып қойған бәрін,  құстары да, шыбын-шіркейі де бар, жалпы балалардың бөлмесіне арналған ғой. Айтпағым – сол керегеқаптан бір орама (рулон) қалыпты – тастамайды ғой енді. Сөйтіп, әжетханаға жапсыра салмай ма… Әжетхананың өлшемі 1,5х2х2,5… Кірсең есік тура мұрныңның жанында тұратын… Сосын ана қағазды жапсырған соң, кірген адам жымиып шығатынды шығарды… «Сол күннен бастап… әжетхананның лағап аты «комната смеха» болып кетті» дейді үйіші.

Қазір ол пәтер де, керегеқап та жоқ… А, «комната смеха» әр үйде бар 🙂

Бетім әлі дуылдап отыр…

А.Ж. біткен сызбамды тексертіп жатқанмын, жұмыс орнымда… Екеумізді раушан гүлі жалт қаратты… «ЭТО ВАМ!» деген монтажник ағаларымыздың бірі екен… Аң-таңмын ғой деймін, доқтырға қаралмағанына бірнеше уақыт болғанына күмәнім жоқ, жалпы… «А за что?» орынды сұрақ, ия?! … Жан-жақтан түрлі жауаптар кетті, қайсы бір дұрыс қой дейсіз, бәрі кекетіп, шымшып, баяғы… Ал ана кісінің жауабы…  Шыбын жаным «қайда қашсам екен?!» деп қалды… Елдің бәрі ду күлкіде… Аға-ау, бұныңыз не?! … «СДЕЛАЙ МОНТАЖНУЮ СХЕМУ, ПОЖАЛУЙСТА!» дейді… ОҺ, ұят-ай… Ол типтес сызбалармен кездеспеген екенмін… «Хорошо! Я поспрашиваю!» деген жауабым ұнамай, «СОЛНЦЕ! ПОЖАЛУЙСТА! СДЕЛАЙ!» деп қолын жүрегінің тұсына қойып, қайталайды… Аяп кеттім ба?! «Я сделаю!» деген нақты жауабын алып «жоқ» болды…  Ізденуге түрткі… Мен кеттім, Гугл тәтейден/ағайдан сұрайн… Сіз білмейсіз ба, случайно?! 🙂

Пысы: жауқазыннан басқасын гүл деп санамаймын, мына «гүлді» не істеймін… Қалай сызу керектігін білсеңіз, сізге силаймын… 😀

guestАуылда қонақтың қалай келіп, қалай кететіні есімде жоқ. Ал, қаладағы 10 шақты жыл ішінде біздің үйдің «қонақ күту салты» қалыптасқанын ӘРИНЕ байқадым, бәлкім сіздерде де төмендегідей «ережелер» бар шығар.

1 саты: Қонақ келмей тұрып

Дайындық: үй

Қажет уақыт: бөлме саны мен соңғы уборкаға байланысты. Тек 12-14 сағаттан аспауы керек, қонақтар шашылып жатқан үйге кірсе ыңғайсыздау болар… Е … тағы, «бос қолдар» санына да байланысты екен ғой…

Қонақтың шақырылу уақытына байланысты «үй жиыстыру» процедуралары басталады. Ең алдымен, көзге «оттай» батып тұрған шаң басқан/баспаған телевизор экранын, газет-журнал тұратын үстел үстін(үстінде тұрғандарды астындағы полкаға жинағансып тыға салуға болады), айналарды бір сүртіп, үй ішінде шашылып, ақтарылып жатқан заттарды көзге түспейтінде жерге қою керек, міндетті түрде. Үлкен үстел алғызбай жүргендігіңді мойындап, екі кіші үстелдерді біріктіріп, дастарханын төсеп қою – уақытты үнемдеуге бір септігін тигізеді.

Ескерту: бір сүртіп деген бірінің шаңын біріне жағу емес.

Дайындық: ас

Маманың жұмысына араласпаймыз, жалпы. Бірақ, «турап бер!», «аршып жібер», «пісіре сал», «араластыр!» деген сыңайлы бұйрықтарын орындамауға болмайды. Асханаға «аспаз» ретінде жол жоқ болғандықтан, келер қонақ санына қарай үстел әзірленеді. Орындық тасу, салфетка/стақан ұмытпау,  үлкен/кіші қасық дайындау, ет тартылатын болса, пышақтарды қайратып алу… Алдын ала «не керек?» деген сұрақтың барлық жауаптарын білу міндетті болмаса да, білген қажет.

2 саты: Қонақ келді

Біріміз қалмай кіреберіске шығып «Сәлеметсіздер ма?!» деп сырт киімдерін алудан басқада шаруаң жоқ… Егер қонақ сенікі болса… онда әңгіме басқа… Қонақтардың алдында «құрдай жорғалау» емес, бірақ былай ыңғайын табуға тырысасың деп ойлаймын, жалпы.

Қонақтардың әйел заты асханаға «зып» етеді, ерлері құрылған үстел жаққа жылжиды. Асханада – мама, залда – папа. Кіші кезімізден үйреткен екен – қонақ отырған орынға «сыпыңдап» кірмеу, бірдеңе сұрау былай тұрсын. Қонақ баласын бағуды, тыныштық сақтауды асханада жүруге жасы жетпегендердің біріне жүктейміз. Асханаға кезекші ретінде тағайындалған «қызмет» көрсетуші – шайдың ыстық болуына жауап береді. Қалған қолы бостар – ерігуге рұқсат – қонақ баласын «шұқылап», жылатасың ба өз еркің, бірақ БІРАҚ тыныштыққа жауапты «қызмет» көрсетушімен қарым-қатынасың шытынауы мүмкін.

3 саты: Қонақты шығарып салу

Біріміз қалмай кіреберіске шығып «Сау болыңыздар!» деп сырт киімдерін беруден басқада шаруың жоқ… Егер қонақ сенікі болса… онда әңгіме басқа… «Сарқыт» деп пакет дайындау керексің ба жоқ па – білмеймін… жастарда ондай жоқ қой деймін… Өзімнің қонақтарымды үйге шақырмайды екенмін 🙂

4 саты: Қонақтың «соңы»

«Өздембай» шай: үстелдің бір бұрышы тазаланып, жаңартылып «қызмет» көрсеткен ұжымға(ішінде папамыз да бар) шай беріледі.

Шайға қанған «қызмет» көрсетулішер үстел үстін жинауға кіріседі. Салған кәмпит-мәмпиттерді бөліп-бөліп пакет-пакетімен мамаға өткізіледі. Салат сияқты тез бұзылатындардың ыдысын ауыстырып (хрусталь қонақ шақырғанда ғана қолданылатынын бірі білсе бірі білмейді, сосын хрустальді сындырсаң біттің… құлағыңнан қиқу кетпейді), ыдыс жууға тағайындалған «қызмет» көрсетушіге жіберіледі. Ыдысқа жолауға болмайды дегендер үстелді, орындықтарды орын-орнына қояды.

Жұмыс әрбір «қызмет» көрсетушіге бірқалыпты бөлінгендіктен, бір уақытта тамамдалады да бірдей дем алуға рұқсат!

Айтпақшы, мына жазу 2009 жылғы бірінші 🙂