1) Кук қиындығы
Бір де бір есеп шешімінің дұрыстығын тексеру, сол шешімді табуға кеткен уақыттан ұзағырақ бола алады ма? Бұл логикалық есеп криптография (ақпаратты шифрлау) негіздерін «адам танымастай» өзгертер еді.
2) Риман гипотезасы
2, 3, 5, 7, т.т сияқты өзіне ғана бөлінетін жай сандар бар. Қанша жай сан бар екені белгісіз. Шешімі бар екенін және олардың таралу заңдылықтарын анықтауға болатынын Риман болжаған. Кімде кім тапса – криптографияға үлкен қызмет болар еді.
3) Берч және Свиннертон-Дайер гипотезасы
Қиындық – дәрежелі үш белгісізі бар теңдеуді( x2 + y2 = z2 типтес) шешумен байланысты. Күрделілігі әр түрлі теңдеулерге жарайтын тәсіл табу керек. Евклид x2 + y2 = z2 теңдеуінің шешімін толығымен түсіндіріп кеткен. Бірақ, күрделі теңдеулерді шешуге өте қиын.
4) Ходж гипотезасы
Күрделі объекттердің формасын зерттеу амалдарын математиктер ХХ ғасырда тапқан. Гипотезаның негізгі идеясы объекттің орнына қарапайым «кірпіштерді» қолдану. Ол «кірпіштер» өзара жабыстырылған және объекттің көшірмесіндей. Объект құрастыруға болатынын және бұның әр уақытта мүмкін екенін дәлелдеу керек.
5) Навье-Стокс теңдеуі
Ұшақта отырып есіңізге түсіріңіз. Теңдеу ұшақты ауада «қалқытатын» ауа ағындарын сипаттайды. Қазіргі күні жорамалдап шығарады, жорамал формулалармен. Дәл теңдеуді анықтап, әрдайым дұрыс және үш-өлшемді кеңістікте (трехмерое пространство) шешімі бар теңдеулер барын дәлелдеу керек.
6) Янг-Миллс теңдеуі
Физика әлемінде гипотеза бар: егер элементар бөлшектерде масса болса, онда оның төменгі шегі де болады. Қандай екені – белгісіз. Бұл ең қиын есептердің бірі. Шешімін табу үшін, табиғаттағы барлық әрекеттесу күштерін байланыстыратын «барлық теория» теңдеуін ойлап табу керек. Тапқан адам, сөзсіз Нобель сыйлығын алар еді.
7) Д’Аламбер-Эйлер парадоксы
Бұл парадокс – гидродинамика қағидасы, кез-келген шектеулі формалы дененің шексіз сығылмайтын, тұтқырлықсыз, әрі құйынтуғызбайтын және жылдамдық үзілу жазықтықтарынсыз сұйықтықтың ішіндегі бірқалыпты және сызықтық қозғалысы кезінде сұйықтықтың дене қозғалысына қорытынды үйкеліс күші нөлге тең (1744-жылы Ж. Д’Аламбер, 1745 жылы Л. Эйлер айтқан). Адиабатты қозғалатын идеал газ үшін дәлелденген. Физикалық үйкеліс күшінің жоқтығы жоғарыда айтылған жағдайларда сұйықтық не газ ағындары қозғалыстағы дененің арт жағында тұйықталуымен түсіндіріледі, жалпы сұйқтық арт жаққа әсер ете отырып, алдыңғы жаққа түсірілетін күшті теңестіреді.
Желтоқсан 11, 2008 at 5:11 тд
Алтыншы есебің армандатып жіберді…
Екеуміз қазірден бастап кетсек та зерттеуді. Қырық жыл өткесін аппақ қудай болып зертханадан шығып келе жатсақ, көзілдірік +15 әрқайсымызда, қолда үлкеен әйнек баллон, соны көтеріп келе жатырмыз. Вовочканың «нано»-саясаты біздің саясаткерлерге де жұғып, сол желікпен қырық жыл бұрын бастап кеткенбіз ғой ең кіші бөлшекті іздеуді. Айко былай тұр, мен армандап жатырмын Балғырғанмен. Содан не еді әлгі?. А, ия, Нобель сыйлығына келе жатырмыз екен ғой… Не үшін? – Алу үшін. Не үшін беріп жатыр деймін? – А, ия, ең кіші бөлшекті көрсетеміз, сахнада тұрып салмағын өлшейміз, сосын бізге сыйлық береді. Қалай көрсетесіңдер, ғалымсымақтарым-ау, ол өзі ең кіші бөлшек болса, а? – Ммм, әні, әйнекке салып әкеле жатырмыз, мана Балғырған салып қойған әдемі қылып. Әйнекке? Оның әлгі молекулаларының арасынан түсіп кетпей ме? – Не дейд, дұрыстап салып па едің, Бәке?
Хмм… Қазір түсқайта диспансерге барып көрініп қайтпасам болмас…
Желтоқсан 11, 2008 at 6:40 тд
3 – есепті Универде Ферманың дәлелденбеген ұлы теоремасы деп оқытқан, кейбір сандар үшін ғана кейбір ғалымдар дәлелдеген деседі. Осыны шешкен адамды да үлкен сыйлықтар күтіп тұр 🙂
Тағы бір қызық гипотеза: әлемдегі қарапайым бөлшектердің (бұл жерде атомнан да, протоннан да, нейтронннан да кіші бөлшектер – элементарная частица) қарсы бөлшектері бар (античастица) демек бізді құраған атомдардың қарсы бөлшектері болса онда біздің егізіміз бар, ол кім, қайда???
Желтоқсан 14, 2008 at 12:43 тд
Осы шешімі қиын есептерді не үшін қажет етеді?
Желтоқсан 19, 2008 at 6:22 тд
Русеке 🙂 о заман да бү заман… былай емес па еді… ҮЛКЕН зал, 30 мыңға жуық халық-ғалымы бар, туған-туыс, дос-жаран(бүкіл Қазақстан келген ба өзі) бәрі жиналыпты. Жарқ-жұрқ вспышкалар, СМИ-өкілдері ары-бері жүгіріп жүр, анда фотоаппарат, мында камера, жүргізуші ағылшынша «мынау біздің(жер бетінің дегені ғой) физика ғылымында революциялық жарылыс жасағандар!» УУУУУУ ду қол шапалақ! тоқтамай жарқылдайтын фотовспышка, даңғыр-дұңғыр музыка(барабанынан басқа ештеңе естіп тұрсың ба?!) Екеуміз зертханадан жаңа шыққан, жабайылар сияқты үркіп тұрмыз, жастау сенсің ғой жылмың етіп, микрофонды ала салып 3 футбол алаңы сиярлық экрандағы формулаларды түсіндіре бастайсың. мен? мен – қазақ қызы, ердің жолын қимаған, кішінің басын сипаған, талаптыны көре етегінен баспаған – жымия қарап тұрар едім 🙂
упс…мен болғам, алматинский филиалында… «не исправима!» деген қағаз берд…
Бауржан, Ферманың кіші теоремасы дәлелденген еді ғой… Антибөлшектер барлық элементар бөлшектерде бар екен да, фатонда жоқ екен деген де бар :)))
Желтоқсан 19, 2008 at 6:25 тд
Аңсар әлгі не ғой… ммммм ну … білмеймін… қызық үшін шығар…
Желтоқсан 19, 2008 at 9:24 тд
Уахахаха!!! :)))))
Екеуміз бір зертханадан шығып тұрмыз.. Қырық жылдан соң… Оның алдында адам баласын көрмегенбіз, 2009-дың 17-ші қаңтарынан бері-дачы.
содан кейін де «қазақ қызы, ердің жолын қимаған, кішінің басын сипаған, талаптыны көре етегінен баспаған – жымия қарап тұрар едім :)» деп тұрар ма едің, Бәке??? ))))
Ұятты ойлағышын.. Түс, қане, машинадан. Алақанға салып аялап алып келгеніміз – қырық жылдық еңбегіміздің нәтижесі болған, талай-талай түндерде ұйқы бермеген (ғылым деген оңай ма?)… жалғыз түйір бөлшек қой, соның өзін дұрыс қорапқа салмай, жоғалтып алып, аузымды ашып тұрады екенмін ғой мен, ал сен болсаң, жайлап жылыстап кетіп бара жатсың, мені тіпті танымайтын жан құсап, тем более Балғырған сен емес сияқты болып… Кейін қайт, ұстаңдар ананы, осы қыз бәрін бүлдірген, мен… мен… анау… маған керек емес сыйлық, мен кеттім, қаржы дейсіз бе, тьфу мә! ал мен қаштым.
😦
Желтоқсан 19, 2008 at 9:48 тд
ХЕЙ!!!!!!! Русссеке бүкіл церемонияны құртып кеттің ғой…
Психодохтрыңа бармай қашып жүрсің, дәріңді неге уақытылы ішпейсің осы?!
Желтоқсан 19, 2008 at 10:16 тд
Дәріні де ішіп отырмын, ол жағына қорықпа, одан да ана сыйлықты қағып алып кет, мен үлгере алмай қалдым.
Желтоқсан 19, 2008 at 10:21 тд
Осы жерде азғана өмір сүре тұрсам рұқсат па? А то біздің кабинет салқындап кетті.
Желтоқсан 19, 2008 at 10:39 тд
Электрді де бес минут сайын ажыратып тастап жатыр.
Ана бір әңгімедегі Линковщик сияқты болып виртуал өмірде жүрмегесін. Ана бір блондинко бір сілтемені басқанда жүгіріп барып ашып беріп жүрсем, сайтына барып рұқсатын алып келіп, мәліметтерді көтеріп клиенттің компотырына әкеліп салсам… Жоға, барып кел шауып кел бов кеткем-ау.
Сервер болып отырсам, немесе. Сендер менен бірдеме сұрайсыңдар, ал мен, жағдайыма байланысты, жауап беріп отырам, мазалай бергендерге 502 не 504 деп ұрсып та жіберер қауқар болады… Ай, бірақ, жан-жақтан тиісіп маза бермессіздер-ау сонда да… Әнебіреуі әкеліп бір мөшек флудты төгіп тастар, екіншісі келіп тағы төгер, кірер-шығар жолым бітеліп, ешкімге жауап беруге шама жетпей жатармын «құлап» 😦
Кім болсам екен, а?
Желтоқсан 19, 2008 at 10:47 тд
Русланннн мында келіп блондинколарға ұрсып кеткенің ба?!
сыйлықты алам десең әлі 40 жылың бар… бос отырмай іске кіріс қазірден!
Желтоқсан 19, 2008 at 10:55 тд
Жоға, әлі сол армандаумен отырмын ғой. Жүгіріп жүрсем деймін да. Интернетті тасымалдап жүрген уақытымда, ана бір свитердегі сақалды админ ағаның сұраған рпм-пакетін көтере алмай, белімді ауыртып алып, немесе балаң мұрты тебіндеп келе жатқан ініміздің сұрап отырған видеосын (хех! «Мектептегі видео» деп қояды еще, қайдан білейін, сабаққа қатысы бар бірдеме болар деп ойлағам… Ұятын-ай..) тасып жүргеннен гөрі деймін да, ақ шашты апа-қарындасымыздың сұрап отырған поштасын тасып, кайппен жүрмеймін ба, асықпай, космополитанның беттеріне кіріп, өйтіп-бүйтіп, спамботтармен (әлгілер бар ғой, нигі маша, аты оля) танысып дегендей…
Сервер болсам өлтіреді мыналар.
Желтоқсан 19, 2008 at 11:01 тд
онлайн боп кетті ғой…
40 жылдан соң сенің миыңның салмағы мен статусыңның салмағы жүгіріп жүргенге келмес… Русеке, қазір не бітіріп жүргеніңді толық экранға түсіре алмай отырм…
Желтоқсан 19, 2008 at 11:57 тд
Өзімнің де миым ашып, сенің де миыңды ашытып отырмын.
Қараша 16, 2009 at 11:07 тд
Кіріспе
1.1 Астероидтар мен кометалар дегеніміз не?
Кеңістік шексіз… Сол ғажап шексіздікте миллиондаған галлактикалар бар. Ал менің жұмысымда өзіміздің «Құс жолы» галлактикасындағы Күн жүйесінің кеңістікте қаңғып жүрген еркін денелер зерттелген. Астероид – радиусы 10м-ден 1000даған км-ге жететін күнді эллипс бойымен айналып жүретін, планеталардан өте кішкене, өте қатты ғарыш денесі. Бұл терминді алғаш ХVІІІ ғасырда Уильям Гершель енгізген, «жұлдыз секілді» деген мағына береді. Өте үлкен телескоптармен қарағанда олар тек нүктелі жарық болып көрінеді. Себебі астероидтар өздерінен жылу немесе жарық шығармайды, тек оны шағылыстырады. Астероидтардың көлемі мен массасы арнайы астрофизикалық өлшемдер көмегімен анықталады. Қазірге тек Марс пен Юпитердің арасындағы астероидтардың ғана массасы мен ара қашықтығы белгілі. Олар Күннен 2,2-3,2 а.б. қашықтықта орналасқан. 20км/с жылдамдықпен Күнді бізге белгілі 20000 астероид 3-9 жылда бір айналым жасап қозғалады. 10000 астероидтың есімі бар және олардың орбиталары дәл алынған. Негізі орбиталарының эклиптикадан бұрылуы 50-100, кейбіреулерінікі 700қа дейін жетеді. Әр астероидтың жарықтығы әртүрлі. Телескоппен бір астероидтың қозғалысын зерттеген кезде оның жарқырауы тұрақты емес екендігі білінеді. Бұл астероид бетінің кратерлер мен воронкалардан тұратындығын аңғартады. Ал кратерлер мен воронкалар астероидтың басқа қатты ғарыш денесімен түрлі соқтығысуларынан пайда болған
Жерге қауіп төндіретін астероидтар.
Астероидтардың орбиталарында өзге де топтар бар. Ол топтар орбитадан шеткері жүреді. Олар Жермен, Марспен, тіптен Меркуриймен және Шолпанмен де соқтығысу ықтималдығы бар. Қатаң орбита бойымен жүрмейтін астероидтардың тобына Амур, Атон және Аполлон топтарын кіргізе аламыз. Бұл астероидтар өзге планеталардың гравитациялық өрісіне жақындап, сол планетаға құлауы да ықтимал. Сол себептен астероидтар бір топтан екінші топқа оңай өтіп кетеді. Амурлықтар элипстік траекториямен қозғалады. Оның Күнге ең жақын аймағы яғни перигелий 1,3 а.б. Ал Аполлон тобындағы астероидтардың перигелиийі 1 а.б. Сол себептен Жер орбитасының ішіне кіріп кетеді. Сонысымен аполлондықтар мен атондықтар Жерге айтарлықтай қауіп төндіреді. Сонымен, Жерге қауіп төндіретін астероидтар – орбитасының ара қашықтығы 1,3 а.б. аспайтын, элипстік орбита бойымен айналатын астероидтар тобы. Қазіргі таңда мұндай денелердің 800 дей түрі анықталған. 1873 жылы 14 шілде күні Джеймс Уотсон Энн Арбор обсерваториясында 132 Аэрта астероидын ашты. Үш аптадан соң осы обьектіні таба алмай қалды. Кейінірек анықтап қараса ол Марс орбитасының ішінде анықталған. Жер оритасын жақындап қалған алғашқы астероидты 1898 жылы Густав Витт Берлиндегі Урания обсерваториясында жұлдыздар арасында өте үлкен жылдамдықпен қозғалып жатқан обьектіні тіркеді. Бұл ұзындығы 25 км 433 Эрос болатын. Оның Жермен ара қашықтығы 22 млн. км болған.
• 1911 жылы 3 қарашада Иоганн Пализа Венада Жерге 1,12 а.б. жақындаған 719 Альбертті ашты.
• Дәл осындай орбитада орналасқан 1918 жылы Макс Вольф Гейдельбергте 887 Алинданы тапты.
• 1932 жылдың 12 наурызында Эжен Дельпорт Бельгиядағы телескоп арқылы 1221 Амур атты астероидты байқады. Оның периглийлік ара қашықтығы 1,08 а. б. Болатын. Ашылған жылы Күнді 16,5 млн. км қашықтыққа дейін жақындады.
Астероидтардың зерттелуі
Төмендегі кестеде кейбір ірі астероидтар туралы мәліметтер келтірілген.
1.Кесте. Кейбір астероидтарың мәліметтері:
N Астероид
Атауы
орыс./Лат. Диаметр
(км) Масса
(1015кг) Айналу периоды
(сағ) Орбиталық периоды
(жыл) Спектр.
класс Орб.үлкен жарты осі
(а.б.) Орбита эксцентриситеті
1 Церера/
Ceres 960 х 932 87000 9,1 4,6 С 2,766 0,078
2 Паллада/
Pallas 570 х 525х 482 318000 7,8 4,6 U 2,776 0,231
3 Юнона/
Juno 240 20000 7,2 4,4 S 2,669 0,258
4 Веста/
Vesta 530 300000 5,3 3,6 U 2,361 0,090
8 Флора/
Flora 141 13,6 3,3 S 2,201 0,141
243 Ида/ Ida 58 х 23 100 4,6 4,8 S 2,861 0,045
253 Матильда/
Mathilde 66 х 48 х 46 103 417,7 4,3 C 2,646 0,266
433 Эрос/Eros 33 х 13 х 13 7 5,3 1,7 S 1,458 0,223
951 Гаспра/
Gaspra 19 х 12 х 11 10 7,0 3,3 S 2,209 0,174
1566 Икарус/
Icarus 1,4 0,001 2,3 1,1 U 1,078 0,827
1620 Географ/
Geographos 2,0 0,004 5,2 1,4 S 1,246 0,335
1862 Аполлон/
Apollo 1,6 0,002 3,1 1,8 S 1,471 0,560
2060 Хирон/
Chiron 180 4000 5,9 50,7 B 13,633 0,380
4179 Тоутатис/
Toutatis 4,6 х 2,4х 1,9 0,05 130 1,1 S 2,512 0,634
4769 Касталия/
Castalia 1,8 х 0,8 0,0005 0,4 1,063 0,483
Кейбір астероидтар туралы мәліметтер:
1 Церера – ең алғаш ашылған ең үлкен астероид. Оны 1801жылдың 1 ақпанда итальяндық Джузеппе Пиацци ашты. Оған рим құдайының атауы қойылды.
2 Паллада- үлкендігі бойынша және ашылуы бойынша екінші астероид. Бұны 1802 жылы 28 наурызда неміс астрономы Генрих Ольберс ашты.
3 Юнона – 1804жыл К. Гардинг ашты.
4 Веста—көлемі жағынан екінші орын алатын астероид. Оны 1807 жылы
Г. Ольберс ашты. Бұл дененің қызықты бір жері онда базальт қабаты көрінген. Дискі тәрізді қабаты алғаш 1995 жылы американың Хаббл телескомен көрінген.
8 Флора – ең үлкен ұяластың ішіндегі үлкен астероид. Ұялас осы астероидтың атымен аталған. Флораның мінездемесін ең алғаш К. Хирояма зерттеді. Бұл ұяластықтағы астероидтардың орбиталары бір-біріне өте жақын орналасқан.
243 Ида – бұл астероидтың пішіні ең алғаш 1993 жжылдың 28 тамызында «Галилео» атты ғарыш аппараты арқылы алынды. Дәл осы жасанды серіктің арқасында Иданың серігі Дактил де анықталды.
253 Матильда – 1997 жылдың шілде айында «НИАР» атты жасанды серіктің көмегімен пішіні анықталған астероид.
433 Эрос – 1999 жылы «НИАР» атты жасанды серік арқылы зерттелген, Жерге жақындап келе жатқан астероид.
951 Гаспра – 1991 жылдың 29қарашада «Галилео» атты плантеааралық аппараттың көмегімен зерттелген, екі денеден тұратын немесе тұрақты пішіні жоқ, Жерге қарай келе жатқан астероид.
1566Икарус – Эксцентриситеті 0,8268 болатын, Жер орбитасын кесіп өтетін астероид.
1862 Аполлон – Эксцентриситеті 0,56 болатын, Жердің орбитасын кесіп өтетін астероид.
2060 Хирон – Уран мен Сатурн арасында эксцентриситеттік траектория бойымен қозғалып жүрген, эксцентриситеті 0,3801 болатын астероид-комета. Астероид-комета дейтініміздің себебі – ол перигелийге жеткен кезінде өзінің соңынан із қалдырып жарқырайды.
4179 Тоутатис – бір-бірімен контактіде тұратын, өлшемдері 2,5км және 1,5км болатын екі астероид. Бұл астероидтың суреттері Аресибо мен Голдстоунде орналасқан радиолокаторлардың көмегімен алынған. Тоутатис астероиды ХХІ ғасырда Жерге өте жақындаған астероид(2004 жылдың 29 қыркүйегінде 1,5 млн. км болған).
951 Гаспра астероидының суреті, «Галилео» атты ғарыштық аппараттың көмегімен, дәлірек айтқанда қызыл, жасыл және күлгін түстердің комбинациялары арқылы суреттелген. Үстіндегі кратерлері анық көріну үшін айқындауыш түстері күшейтілген. Гаспра дұрыс емес пішінді 19*12*11км . Күн астероидты оң жағынан сәуле түсіреді.
NASA GAL-09 суреті
243 Ида және оның серігі Дактилдің «Галилео» атты ғарыштық аппараттың көмегімен алынған суреті. Сурет 10500 км қашықтықтан алынған. Түстік вариациялар оның үстінің тегіс емес екендігін анық байқатады. Иданың ұзындығы 58 км.
NASA GAL-11 суреті
253 Матильда астероиды.
NASA суреті. NEAR ғарыш аппараты көмегімен алынған
Астероидтардың химиялық құрамындағы минералдар Жердегідей өте көп емес. Жерде 4000 дай минерал болса, ал астероидтарда 300 дей ғана минерал бар. Себебі Жер тобындағы планеталар Күнге жақын болғандықтан химиялық рекциялар тез жүріп бірінші минералдан екінші минералға көбейіп отырған. Ал астероидтардың күннен алшақ орналасуына байланысты құрамында сонау 4,5млрд. жыл бұрын қалыптасқан элементтер баяу қозғалуда. Химиялық құрамына тоқталатын болсақ: Бірінші ретте – олар сусыз силикаттардан тұрады. Олардың жалпы химиялық құрамы: пироксендер: ABZ2O6, бұл жердегі «А» және «В» әртүрлі катиондар болса, ал «Z» – Al немесе Si, оливиндер: A2+2SiO4, мұндағы A2+=Fe, Mg, Mn, Ni. Кейде плагиоклаздар, (Na,Ca)Al(Al,Si)Si2O8 сияқты жалпы формуласымен. Басқа типке жататын силикаттар – олар гидросиликаттар немесе қатпарлы силикаттар. Оларға серпентиндер: жалпы формуласы A3Si2O5(OH), мұндағы A=Mg, Fe2+, Ni, хлориттер: A4-6Z4O10(OH,O)8, мұндағы A және Z – әртүрлі металдар катионы, және тағы басқа гидроксил тобы бар минералдар кіреді. Астероидтар негізінен темір-магнезиялық силикат-оливиндерден және әртүрлі құрамды пироксендерден құрамында магнийі жоқ таза фаялит және ферросилиттен, құрамында темір кездеспейтін таза форстерит және энстанитке дейнгі элеметтерден тұрады.
Астероидтардың пішіндері өте кішкене болғандықтан олардың массалары өте аз болады. Сондықтан олардың массаларына байланысты астероидтардың шар тәрізді болулары өте қиын. Бұл жерде аққыштық өте үлкен рөл ойнайды. Ұзындықтары 300-400 км келетін астероидтардың бойында аққыштық құбылыс ешқашан байқалмайды. Ал көлемі шамалы үлкендеу астероидтарда өте баяу байқалады. Астероидтардың пішіндерінің тұрақты болмауы, кратерлерінің көп болуы олардың арасындағы бір-бірімен болған соқтығыстардан пайда болғандығы анық байқалады.
Қазіргі таңда астероидтар негізгі 14 спектрлік типке жіктеледі: A, B, C, F, G, D, P, E, M, Q, R, S, V,T. А типтегі астероидтар жоғарғы альбедолы және қызыл түске ие. Ол жоғарғы температуралы оливиндерден(балқу температурасының шегі 1100-19000С) немесе оливиндер қоспасынан тұрады. В,С, F, және G типіндегі астероидтардың альбедосы өте төмен(В типтегі астероидтар сәл жарықтау келеді), түссіз, көзге көріну диапазонында. Сондықтан бұл астероидтарды төменгі температурадағы гидратталған силикаттардан(500-15000С шегінде балқып немесе ыдырайды) тұрады. Ал қызыл түсті және төменгі альбедолы астероидтар Р және D типіне жатады. Бұлардың құрамы көміртектер мен органикалық заттарға өте бай. D және Р типтегі астероидтарды қасиеттеріне байланысты 4,5 млрд. жыл бойы ең аз өзгеріске ұшыраған астероидтар болып есептеледі.
Е типтегі астероидтар альбедосы жоғарғы дәрежеде(оған түскен Күн нұрының 50% шағылады) және ашық қызыл түске ие.
Астероидтар Күннен өте алшақ орналасқандықтан олардың температурасы өте төмен. Себебі ішкі қабатынан сыртқа қарай жылу ағымы жоқ есебіндей болады.
2.3 Астероидтардың жерге құлауы және олардың
алдын алу
NASA мамандарының есептеуінше, біздің күн жүйемізде Жермен соқтығысуы мүмкін 20 мыңдай астероидтар мен құйрықты жұлдыздар – кометалар бар. Олардың бәрінің диаметрі 140 метрден жоғары. Қазіргі жағдаймен ғалымдар осындай 6 мыңдай нысанның орнын біліп отыр. Диаметрі 140 метрден 1 шақырымға дейінгі астероидтар жалпы Жерге қатер төндірмегенімен, бір өңірді толығымен жойып жібере алады. Өткен айда NASA астрономдары бір астероидтың Юпитермен соқтығысу оқиғасын қадағалады, соның салдарынан планетада көлемі Жермен бірдей шұңқыр түзілген.
Астероидтардан сақтану шаралары өте көп. Соларға мысал келтірсек те болады. Күн жүйесінде астеридтар өте көп және олардың жылдамдықтары 72-16км/с тан кем болмайды. Бұдан бізге астероид кез-келген уақытта кез-келген тұстан шабуыл жасауы ықтимал. Ал соның өзін алдын ала анықтап, оған қарсы антиастероидтық қорғаныстың ракеталарын жіберу керек. Бірақ осы аталмыш антиастероидтық қорғаныс жүйесінің астероидқа болған реакциясы қанша уақытта іске асуы мүмкін деген сұрақ туындайды. Ол бізге астероид жерден өте алшақта орналасқанда хабар беретін антиракеталық жүйе керек. Ал қазіргі таңдағы антиракеталық жүйелердің хабар беру аумағы 100 мың км ге жетеді. Оптикалық құралдардың көмегімен осы 100мың км ді 15 млн кмге дейін ұзартуға болады. Бірақ 15млн. км қашықтағы астероидқа біз қарсы әрекет жасап үлгермейміз. Еш болмаса астероидтардың түсу аумағындағы халықты эвакуация жасатып үлгереміз. Антиастероидтық қорғаныс жүйесі астероидтың қай аумаққа құлайтындығын, дәл координатасын береді. Ал Жердегі мамандар оның құлайтын аумағындағы халықаралық маңызы бар нысандарды аман сақтап қалуға тырысады.
Ғарыштық обьектілердің ашық мұхитқа құлауы. Ашық мұхиттағы барлық кемелерге дауылдық дабыл беріледі. Капитандарға өз кемелерін апаттық аймақтан тез алып шығуы тапсырылады. Ал апаттық аймақтан шыға алмайтын кемелердегі адамдарды тез арада мұхиттан алып шығады. Мұхитта орналасқан экономикалық маңызы бар нысандарда төтенше жағдай жарияланып, дауыл дабылында орындалатын барлық іс-қимылдар жүзеге асырылады. Оларға тез арада тамқ пен медикаменттер жіберіледі.
Ғарыштық обьектілердің өте үлкен мұхит бассейндеріне және жағалауға құлауы, цунами басталуы. Порттарда және рейдтердегі барлық кемелерге дауылдық дабыл беріледі. Порттардағы барлық сауда-саттық тоқтатылады.
Қараша 16, 2009 at 2:39 тк
Санжар, мынауыңыз кәдімгі РЕФЕРАТ қой!!! Бұл толық емес сияқты, қарсы болмасаңыз жеке жазба ретінде жарияласам?
КӨП КӨП рахмет!
Ақпан 14, 2014 at 4:15 тк
) Кук қиындығы
Бір де бір есеп шешімінің дұрыстығын тексеру, сол шешімді табуға кеткен уақыттан ұзағырақ бола алады ма? Бұл логикалық есеп криптография (ақпаратты шифрлау) негіздерін “адам танымастай” өзгертер еді.
2) Риман гипотезасы
2, 3, 5, 7, т.т сияқты өзіне ғана бөлінетін жай сандар бар. Қанша жай сан бар екені белгісіз. Шешімі бар екенін және олардың таралу заңдылықтарын анықтауға болатынын Риман болжаған. Кімде кім тапса – криптографияға үлкен қызмет болар еді.
3) Берч және Свиннертон-Дайер гипотезасы
Қиындық – дәрежелі үш белгісізі бар теңдеуді( x2 + y2 = z2 типтес) шешумен байланысты. Күрделілігі әр түрлі теңдеулерге жарайтын тәсіл табу керек. Евклид x2 + y2 = z2 теңдеуінің шешімін толығымен түсіндіріп кеткен. Бірақ, күрделі теңдеулерді шешуге өте қиын.
4) Ходж гипотезасы
Күрделі объекттердің формасын зерттеу амалдарын математиктер ХХ ғасырда тапқан. Гипотезаның негізгі идеясы объекттің орнына қарапайым “кірпіштерді” қолдану. Ол “кірпіштер” өзара жабыстырылған және объекттің көшірмесіндей. Объект құрастыруға болатынын және бұның әр уақытта мүмкін екенін дәлелдеу керек.
5) Навье-Стокс теңдеуі
Ұшақта отырып есіңізге түсіріңіз. Теңдеу ұшақты ауада “қалқытатын” ауа ағындарын сипаттайды. Қазіргі күні жорамалдап шығарады, жорамал формулалармен. Дәл теңдеуді анықтап, әрдайым дұрыс және үш-өлшемді кеңістікте (трехмерое пространство) шешімі бар теңдеулер барын дәлелдеу керек.
6) Янг-Миллс теңдеуі
Физика әлемінде гипотеза бар: егер элементар бөлшектерде масса болса, онда оның төменгі шегі де болады. Қандай екені – белгісіз. Бұл ең қиын есептердің бірі. Шешімін табу үшін, табиғаттағы барлық әрекеттесу күштерін байланыстыратын “барлық теория” теңдеуін ойлап табу керек. Тапқан адам, сөзсіз Нобель сыйлығын алар еді.
7) Д’Аламбер-Эйлер парадоксы
Бұл парадокс – гидродинамика қағидасы, кез-келген шектеулі формалы дененің шексіз сығылмайтын, тұтқырлықсыз, әрі құйынтуғызбайтын және жылдамдық үзілу жазықтықтарынсыз сұйықтықтың ішіндегі бірқалыпты және сызықтық қозғалысы кезінде сұйықтықтың дене қозғалысына қорытынды үйкеліс күші нөлге тең (1744-жылы Ж. Д’Аламбер, 1745 жылы Л. Эйлер айтқан). Адиабатты қозғалатын идеал газ үшін дәлелденген. Физикалық үйкеліс күшінің жоқтығы жоғарыда айтылған жағдайларда сұйықтық не газ ағындары қозғалыстағы дененің арт жағында тұйықталуымен түсіндіріледі, жалпы сұйқтық арт жаққа әсер ете отырып, алдыңғы жаққа түсірілетін күшті теңестіреді.