Айконаның үнсіздігінен

Алғашқы нұсқа:

Махаббатың барына сенгізбейді ғой сенгізбейді… Жүрегімді алып ұшып «міні!» деп – «дүк-дүк дүк-дүк»: құлақ аспай, «ақ қайыңға барып сырыңды айттың…» Оңбайсың ғой оңбайсың! «Жаныма жалын берген сенсің» деп тағы ұсындым: айға қарап мені ұқсаттың ба?! есіңе түсірдің бе?! Ұқпадым! Бар көңілімді жинап, ойыма салып, ақылыммен буып әдемілеп, есім қалмай упоковать етіп берсем, не дедің: «…алма бақты аралаумен, жалғыз кетіп барамын-ау мен, махаббатым, қайдасың қайда?!…» Мүмкін, саған әшки керек?! Бойым кіші болған соң көрмеген болар деп каблук кисем «…бұл-бұл құсым жырақта ма?!…» дегеніңді қалай ғана түсінемін… Жерге түссеңші?! Қыз деген жерде жүреді-не деген жылаңқысың… «жанарыма кеп түйір жас тығылады»-жүрекке «пышақ» кеп сұғылады…

Шынымен, сезім болмаса мың жерден әдемі бол, мың жерден ақылды бол, сені көрмейді екен 🙂

Келесі нұсқа:

Кірпігіме күн оралып аштырмайды, сығырайған көз астынан қарап тұрған менің санама жымиған қалпың сақталып қалсыншы… Күннің құдіретін-ай…

Күн күлкіңмен жағаласып, көзіңді аштырмай тұрғанын қарамайсың ба?! Көздеріңе ғашықпын! Толықтай ашшы… Өмірдің сырын кірпіктерің жауып тұрғанын-ай…

Жауапты болғанының өзі бір бақыт қой 🙂 Айт айтпа оны екеу сезеді ғой…

– Кетпеші…

– Мен үйіме барып, жастығымды алып келейін да???

– Кетпеші… мен сені жақсы көремін, қатты жақсы көремін…

– Мен де сені жақсы көремін…

– Жоқ, сен мені жай жақсы көресің, мен сені қатты жақсы көремін…

Осындайда, сол баяғы Интернеттегі, спам есіме түсіп кетеді: бір бала өте ашуланшақ, қызу-қанды екен, елдің бәріне жаман сөз айтып, өкпелетіп, ұрсысып жүреді. Бір күні әкесі шақырып алыпты да бір уыс шеге мен балға береді «адамға жының ұстағанда мына шегеден бір талдап ана тұрған қашаға қағып қой!» деп. Күннен күнге шеге саны азая береді, бала өз эмоцияларын жинауға, ашуын басуға үйрене бастайды. Шеге біткеннен соң әкесіне келген балаға «енді, әрбір сабыр сақтаған жағдайыңда шегені қайта суыр» дейді. Бір де бір шеге қалмағанда баласын әкесі сол қашаға алып келіп: «енді қарашы, сен ашуыңды басуды, сабырлықты үйрендің. Ал сен өкпелеткен адамның жүрегінде осындай тесік қалады» деп шұрық-шұрық қашаны көрсетіпті.

Кейбір адамдар елді өкпелетуден жалықпайды, «ұмытты-ау» дегеннің өзінде де «сыр-сандықтың» түбінде бір «тыртық» қалады. Білемін, өзінің жоғары екенін көрсету үшін де, санасына жетсін деп те қатты-қатты айтылады. Бірақ, әр нәрсенің шегі болады. Қазақтың жақсы қасиеттерінің бірі – жұрттың көңіліне қарау. ЖОҚ, оны жағымпаздық деп білмеймін, елеңдеу деп те білмеймін… Өз ойын, өз көзқарасын басқаның «ӨЗІМ» дегеніне тиіспей жеткізу.

Бір-бірімізге АДАМ деп қарауға үйренейікші 🙂