Қараша 2009


хм… мынау мен ойлап тұрған зат па?!

Алматының Жандосов-Айманов қиылысындағы аялдамаға қарама-қарсы тұр…

«Ата-ана баласы үшін өмір сүреді»

Күндердің күнінде ата-ана жас кезінде армандаған армандарын ұмытып балаларының армандарымен өмір сүре бастайтын сияқты.  Қай бала өз ата-анасының арманын біледі екен?! Бұрынғылары жайлы тақырып қозғаудың қажеті жоқ(армандаған институт, армандаған қалыңдық/жігіт, қолдан кеткен мүмкіндік, т.т), бірақ «өлгенге дейін» орындауға болатын армандары бар шығар.

Өз армандарымызды қуамыз деп ата-анамыздың армандарын ұмытып кетпейік… Интересно, ақ шашты, сары тісті ата мен апа болғанда  немен айналысқысы келеді екен?!

Мәзбін! Мәәәәзбін! Кучкунтай жеңіс 🙂 Былтыр тихо-мирно-не официально жеңген едім(сол кезде түсінбегенмін: что? где? когда? почему именно я? каким боком?) 🙂 Биыл, все как положено 🙂

Аңсар, көптен көп рахмет… Бірақ, менің блогым екі түсті, әрі қарапайым, сенің жоғары бағаңды көтере алмас, ұялып отырмын, «автобустардан басқа ештеңе жазбадым ғой» деп…

Шама келсе, тірі болсақ, адал еңбек етіп, аман болып, саналы болсақ нәтижесі өзін тостырмас/күттірмес…

Поштама келген хат:

—    «Max factor»-дың тушын алып кетесің бе не?

—    Ия.

—    Мен ше? (көзімді бақырайтып, түсінбеген кейіп танытып)…

—     Ол болса өзіне тән жайбырақат кейіппен «сен «Mary Kay»-дің тушымен амалдай тұрасың мен келгенше, — дейді.

—    Крем ше, тени ше? Мәссаған, сонда мені косметикасыз қалдырайын деп тұрсың ғой…(іштей сезіп тұрмын, кіші «ІІІ дүниежүзілік соғыс» басталып кетпесе осы деп)…

—    Сен «Chanel»-ді алып қал, маған қоңыр түсті тени  қажет емес. Румянаны да алып қал.

—    «Vichy»-дің де алып кетем деме тек…

—    Енді маған да керек қой ол крем…

Қап…амалсыз көнуге тура келеді…Қанша дегенмен кремнің қожайыны сол ғой. О, маған бір ой келді J

—    Сен костюм-шалбарыңды киесің ғой ия. Ол ана менің көк  жолақты кофтаммен  әдемі жарасып тұрады.

—    Ия. Түстері де сәйкес келеді, шынымен. Соны алып кетейін, ендеше.

—    Өзіме керек қой (yes, yes, әлсіз тұсыңды таптым-ау деп мәзбін іштей)

—    Саған крем керек пе?

—    (ойлан, ойлан, тезірек, крем, әлде тушь…сұра, сұра….түуууу, екеуі де қажет ау…тез, тез, айт енді…)…ия, крем керек

—    Жақсы. Кремнен құтыға құйып алып қал.

—    Қалайша, құйып алып қал …

—    Енді маған да керек емес пе. Мен саған дөңгелек сырғаны тастап кетем ғой

—    (эхххххх, сырғалар менің осал тұсым екенін біліп алған). «Ия» деп келісімге келмеске амал жоқ….

Әпкем екеуміздің екі жақты келісіміміз сәтті жасалған секілді.

— Ай, сен қыздар да осы, бір жаққа кететін болсаңдар, бәрін бөлісіп… қыздары бар үйдің бәрі осындай ма екен?— деген мамамның даусы естіліп жатыр келесі бөлмеден…

Былай екен… Диплом қорғау үшін саған 1) бухгалтерияда регистрация; 2) офисрегистраторда регистрация; 3) 23-і күні тағы регистрация.

Жүйелері қызық, мен, значит, баяғы бай заманда төлеп қойған оқуымның кветогын көрсету керек екенмін: бөліп төлесең – неше бөлдің, сонша құжат болуы міндетті. Жоқ па?! Онда ректор атына өтініш жазасың, содан БІР аптада кветокты/тарды қалпына келтіріп береді. «Сіздің компьютерде бар ғой, барлық ақпарат, қарай салуға болмайды ма?» десем, «Буду я на всех по 20 минут тратить!» дейді… Ал егер, өтініш жазбасаң, онда бітті, қарыз ретінде кетеді… Сондай жүйе…

Бухгалтерияларында(бас бухгалтерді жеке кабинеті бар) 3 компьютер тұр: біреуі ғана «рабочий». Регистрация жасатқандары – бухгалтерияларына сенбеушілігі ма деп қалдым?! Сырттай оқитындарға ғана емес, очниктерге де сондай талап. Төрт бухгалтер ұстағанша, бір жақсы программа сатып алмайды ма?! Автоматтандырылған… Үш бухгалтердің жалақысын бір сисадминге берсін…

Просто ойым ғой, егер жүйені жүйелеп тастаса жүйке сақталады ма деп 🙂

Бүкіл әлемім жоқ болғандай, армандарым, қиялдарым… Кейде ойлаймын, өзімнің әлімді білмей, алдыма тым көп мақсат қоямын ба деп, жынды адамша бірінен соң бірін… Өзіңе ұрысқаннан не пайда, ми өзіне имунитет жасап алған – көп ұрсып, тұзу жолға қайта-қайта қоя берген соң амалы қалмаған ғой 🙂

Сөз ұқпайтын санама ән тыңдаттым, қоймайды… Көз жасы мөлтілдеп, тоқтата алмай отырғаны, ең көңілді деген әннен көңілсіздік нотасын іліп алып, аспанын қара түнек басқандай, жанын көміп отырғандай…

Басқаның жұбатуы жақпағанда, өзіңнің сөзің өтсін бе?! Тірісің, жассың, өмір алда, бір шалындың – мойымадың; екі шалынғанда сынғаның ба? Көтерілші, жыламашы!

хе хе Жол аштыратын апашкаға барайын ба?! :))) ну а вдруг…

Оқымас бұрын: Басқа жерден оқысаңыз менің көңіліме қарамай тура айтыңыз – мен, өзімді, супер ақылды сезінбес үшін :)) Алдын ала ескертіп қояйын, тым дөрекі десеңіз, тура бетке айта аласыз – дым/түк/еш ренжімеймін(ну, басында бұлтан-талқаным шығуы мүмкін).

Биоэнергияның қолданысы туралы естіген боларсыз. Мысалы, қимен(жалпы айтқанда) жүретін трактор, қимен жылитын, жарықтанатын үй, т.т. Сиырдың жапасын(аналогы боқ) арнайы контейнерлерге салып метан бөліп алып, содан оны кинетикалық энергияға айналдырып, одан ары электр тоғын алады екен(деп естідім). Ауылдық жерде осындай жанар-жағармай табу оңай, қалада не болмақ? Мысалы деймін да, адамның несінен(сіз түсіндіңіз ғой не екенін) де энергия алатын болсақ. Сондай машина жасаса, прям орындыққа керек кезде ашылатындай етіп тесік жасаса, оны құбырмен контейнерге түсіп, ары қарай энергияға айналса. Күшті ғой?! Өз машинаң жоқ болса, тұлпарлы досыңа барып, «Подбросишь? Я те залью» деп кете беретін едік та… Бірақ, жағымсыз иісті кетіру мен машинада тамақтану туралы арнайы ойластыру керек екен… Қол жууды дымқыл майлықтармен шешсе болады, бірақ нетіп отырған жерде тамақтану біртүрлі сияқты ма…

Өкініп қалдым:

– бірнеше, мен үшін сөзі қомақты адамдардың сөзі 5 тиынға түсіп қалды;

– күн тіпті суық болды, суық тиді ме, көз тиді ме, 2 күнде сауыға алмай, қазір жұмыста ауырыңқырап отырмын;

– сағат 10-да(!) басталады делінген, 11/30-де басталды; Әрине, студенттерге бағытталған семинар, студенттер сенбі күні ТАҢҒЫ онда әзер тұрады, анау да мынау, түсінуге болар еді, алайда…

– бір ғана презентацияға қатысып, қалғандарына «қоя ғой» дедім;

– маған емес, болашақ журиктерге қажет кітаптарды арқалап үйге апардым, менің сөремде емес басқа бір студенттің сөресінде пайдалырақ болатын кітаптар. Салып жіберейін «Тәжірибелік журналистика» және «Практическая журналистика» кітаптары кімге керек?

Өкінбеймін:

– Мотороллердің әншісін көрдім;

– «Анатомия души» деген кітап алғаныма;

– кешкі 5-ке таман «гражданская журналистика» жайында презентацияға бармағаныма;

Елдармен кәдімгідей қол алысып, танысқаныма*.

Азаттықтың презентациясында болдым. Сайтты қалай қолдану керек, сайтта не бар, не жоқ, журналисттерге қойылатын талаптары, принциптері, сайттың оң жағында не, сол жағында не, тігінен, көлденеңінен тақырыптар, т.т айтылды(бұл ақпаратты сайттан да таба аласыздар). Сайтты жарнамалау, бір сөзбен айтқанда 😦

Меніңше, журфактарға барып, болашақ журналисттердің бәрін жинап оқылатын заттар, бес-алты студент-қыздарға айтылғаннан қандай нәтиже күтуге болады?!

* Толықтыру 16.11.2009

Автобуста келе жатып, өзімді энергия шоғыры деп, «паф» етіп жарылып, бәріне тарап кетсем деп елестетіп көрдім, ойша әрине… Білесіз бе, қолымнан/ойымнан келмейді екен… Толықтай «жоқ» боп кете алмайтынымды байқаймын. хе хе энергияның сақталу заңы бойынша: жоқтан пайда болмайтын энергия менде қайта қайдан пайда болады деген ой шығар :))) Өмірді сүйетін шығармын, мүмкін эгоистпін, да?!

Ресей белгілерінің бірі Матрешка, 19 ғасырдың аяғында Абрамцев Хонсю аралынан(Жапония) алып келген будда данасы Фукурума ханымның образынан алынғанын, тіпті орыстардың өзі біле бермейді.  Халық аузында Матрешкалардың алғашқы нұсқасын Хонсю аралында тұраған орыс шіркеу қызметкері(короче монах) ағаштан жасай бастаған деген әңгіме/аңыз қалған. 1890 жылы Василий Звёздочкин алғашқы орыс матрешкасын ойып жасаған да, суретші Сергей Малютин оларды қыздар мен ұлдар етіп бояған екен. Сол матрешкалардың киімі қарапайым болған: сарафан, алжапқыш, әтештері бар орамал және 8 фигуркадан құралған(ну бірінің ішіне бірі салынады ғой, сол 8 болған). 8-і қыз-ұл болып алма-кезек ауысумен қатар киім түстері де өзге болып тұрған екен, ең соңғысы бөленген сәби болған.

«Матрена» деген есім сол уақытта өте кең тараған. Содан кеткен «матрешка-матрешкалар» деп…

Көбірек білгіңіз келсе

Келесі бет