Сол жайлы ақпарат керек болып, орысшадан қазақшаға аударып, жинақтаған материал. Кім білсін, біреу-міреуге керек боп қалады ма деген ой ғой…

Темекі шегу туралы ақиқаттар немесе сіз білесіз бе?

1)   1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб белгісіз аралдың (қазір Америка екенін білеміз ғой) жағалауына келіп тоқтағанда арал тұрғындары қонақтарға күнге кептірілген бүктеулі жапырақ ұсынады.Олар оны «петум» деп атаса керек. Колумбтың екінші саяхатынан соң табак дәні бірінші Испанияға, содан бүкіл жер бетіне тарап кеткен. Табактың кең таралуы – оның тәуелділік тудыру қасиетінде.

2)   Темекі түтініне ерекше «аромат» пен «дәм» беру үшін адам зәрінің құрамына кіретін урина дейтін химиялық компонент қолданылады;

3)   АҚШ-та темекі шегетін әйелдер саны (22%) шылым шегетін ер адамдар санына  жетіп қалды (35%). Европада айырмашылық 20 пайыздай(46 пайыз ер адамдар, 26 пайыз әйел адамдар). Статистика бойынша темекі тартатын әйелдер саны шылым шегетін ер азаматтар санынан әлдеқайда аз.

4)   Шылым шегушілердің көбі Американың Кентукки, Индиана және Теннеси штаттарында тұрады екен.

5)   Жылдан жылға ең танымал темекі маркаларының өнімдерінде никотин мөлшері артуда.

6)   1970 жылы АҚШ президенті Никсон темекі қорапшаларында ескерту жазуларды қолдануды міндеттейтін және темекі өнімдерінің жарнамаларын телеарналарда жүргізуге тыйым салу туралы заңға қол қойды.

7)   Темекі – ең сатылмалы тауар. Жыл сайын әртүрлі елдерде 1 триллиондай «темекі» сатылады.

8)   АҚШ-тың темекі өндірісінің басты табыс көзі – темекі экспорты, яғни сыртқа сату. Американың өзіне қарағанда, басқа елдер американдық темекілерге толы. (толығырақ…)