Бір тамшыдан


Баяғыда Қарынбай деген мыңғырған бай болыпты. Мал-мүлікті өзі де жемей, ешкімге тышқақ лақ та бермей жинай беріпті, жинай беріпті. Содан, Құдай оның сараңдығына ашуланып бүкіл жиған-тергенін құрт-құмырсқаға айналдырып жіберіпті, ал қоян сол Қарынбайдың түйесі деседі.

Рэ́йки (яп. 霊気), Рейки — это духовная практика, основанная в 1922 году японским буддистом Микао Усуи (англ. Usui Mikao). (Википедия)

Психотерапевт (әйел адам) деп жіберген адам рейкидің мастері екен. Йогамен, психотерапиямен, рейкимен айналысады. Сөз басталғаннан бір сұрақ қойып тығырыққа тіреп тастады: «Сен өз өміріңде өзіңді қалай сезінесің?». Қалай сезінемін?… Мен өз өмірімде кіммін, вообще?

Түсіндіруге тырысты, әр түрлі өмірден (жалпы, өз өмірінен) мысалдар келтірді.

Соңында рейки жасады: шалқадан түсіп жаттым, алдымен көзіме қолдарын қойды. Ештеңе ойламауға тырыстым. Іштей «Рейки деген не?» деп сұрасаң жауап келеді екен кейбір адамдарға. Маған келмеді, содан өзімнің ішкі сезімдеріме көшіп кеткенде, самайым шытынап сынып кеткендей болды. Көздерімнен алақандарын алып, самайға қойды. Мүмкін энергия ағымдары тым нәзік, тым тылсым шығар – ештеңе сезбедім (терім/аурам қалың ғой деймін). Содан қолдарын иығыма қойды – алақандары ыстық екен. Сол кезде ұйықтап кетіппін. Қолдарын алғанда – ояндым. «Енді не сезінесің?» дейді. Сенесіз ба, басымда жарты ой да қалмаған. Өтірік айта алмадым, сол моменттегі бар шындығым сол болды – ешқандай сезім жоқ, ешқандай тұжырым жоқ, қабірдегідей тыныштық. Қорқынышты, ия?!

Рейки – дін емес. Жалпы, дінге қатысты үш бағыт десек те болар бар дейді: бірі – «ресми» мешіттердегі, храмдардағы, т.т., екіншісі – секталар, өте қауіпті (Құдай сақтасын), үшінші – осы, рухани даму, баю.

Ақпарат легі күшті болғаны сондай, сол кісіден шыққаннан кейін басым қазандай боп кетті: ойымды бір ретке келтіру қиын болды.

Психотерапевттің 4 сағат сөйлегенінен:

– Немқұрайлық – өліммен тең. Немқұрайлықтан тіпті «жек көру» артық екен.

– Су – махаббат, ауа – ақыл-ес. (Күні бойы жүріп келгенмін, аяғым шылқ-шылқ су болған, содан шай төгіп алдым үстіме. Сонда, «психотерапевт»: «саған махаббат ұмтылады екен» дейді, біртүрлі қызық екен… Қандай махаббат екен маған жете алмай жүрген ))))) (қыз емес шығар, надеюсь)

– Ішіңде (жаныңда, миыңда, т.т) туған сұрақты айтып тұру керек, жазып тұру керек, әсіресе ер адамдарға 🙂 олар біздің (нәзік жандылардың) ойымызды оқып үйренбеген ғой әлі.

– Өзіңнің қара басыңның жағдайын ойлап, басқа адамдардың іс-әрекетіне әсер етпеу керек екен.

– Жан-дүниедегі өзгерістер сырт бейне-пішініңе тікелей әсер етеді екен.

– Адам ол – физикалық денесі. Адам ол – жан-дүниесі. Адам ол – рух. Рухы мықты адамның жан-дүниесі де ден-саулығы да мықты болады екен.

– Адамның «МЕН» дегені әртүрлі энергиялық жеті қабаттың астында екен. Ал, тауып көр «өзіңді»?!

– Кез-келген эмоция бей жай кетпейді. Сыртқа шықпаған энергия жиналып, жиналып бір ауруға әкелуі мүмкін.

– Энергиямен жасалған дүние ұзаққа барады. т.т

Күмән пайда болды:

1) инициация алу (рейки мүшесі болу үшін) үшін ақша төлейсің, содан сетевой маркетинг па деп қалдым. Психотерапевттің күлкісі қатты шықты :)…

2) адам ойлап тапқандықтан бір күмәнім бар. Шын, өтірігін қалай білемін?!

Әрине, бұрыннан белгілі дүниелер және миыма «керек» деген ақпаратты ғана сақтайтындықтан, көп әңгіме сол жерде қалды.

Әрине, «күмәндарым» күшті болғандықтан көп ақпаратты қабылдамадым.

Әрине, менің жан-дүниемдегі бар құбылыстарды шеше алмады (өзім шеше алмай жүргенде, басқа адам шешіп береді дегенге сенбеймін), ол туралы сөз қозғаған да жоқпыз. «Психоанализ» дегеннің маңы тұрмақ, шаңына жоламадық.

Әрине, ол кісі менен 4 сағаты үшін тиын-тебен алуы керек еді, бірақ алмады.

Әрине, барлық қиындық бірінші мида, сосын өмірде пайда болады.

Әрине, әр адам өз таңдауына өзі ғана жауапты.

Әрине, ешкімге ешкім міндетті емес.

Әрине, әр адам бақытқа лайық.

Тапсырыс берушілердің (Заказчик) еркеліктері:

– хаттардың бәрі «Аса құрметті» деп басталсын;

– есікті қағып, «Кешіріңіз» деп сұрап, аяқты сүртіп, шашты тарап, тик-так шайнап, бір коробка конфетті қолтық астына қысып кіру керек;

– откат/подкадтардың бәрі кем дегенде алты нөлден тұрсын;

– жаңа жыл, қытай жаңа жылы, мұсылман жаңа жылы, еврей жаңа жылы, мая жаңа жылы, т.т. толып жатқан жаңа жылдардың бәріне салмағы 5 кг-дан кем түспейтін сыйлықтар сыйлансын;

– тапсырыс берушілердің бастықтарының барлығы барлық корпоративті кештерге шақырылсын, құрмет-қошеметке бөленсін;

– кез-келген санға жабысқанда ешқандай қарсылық көрсетілмесін, барлық циферлар сол моментте өзгертілсін;

– қол қоятын жерлерге стикерлер қойылып, тапсырыс беруші парақтап отырмайтындай ашылып тұрсын (өзің ашып тұрасың ба, біреуге аштырып тұрасың ба – сенің проблемаң).

Неужели, амал жоқ?!

Жаңа жылдың бір айы өтіп кетсе де, 2010 жыл менің өміріме талай-талай өзгерістер енгізді, 2011 де неше түрліні дайындап қойған сыңайлы…

54 жазба Балғырғанға жазыппын;

31 жазба Қолөнерге жазыппын;

18 рет блогшылармен кездесіппін;

16 рет йогаға, 12 рет аэробикаға, 2 рет вокалға барыппын;

6 рет жұмыс ауыстырыппын;

6 рет агент арқылы танысқан жігіттермен кездесіппін (бірімен әңгімеміз жараспады);

4 рет сыныптастарыммен кездесіппін;

2 рет «Хабар» телеарнасынан көрсеттіліппін;

2 кітапты бастан-аяқ оқыппын;

2 рет басқа қалаға барыппын;

1 рет 5 жыл көрмеген құрбыммен кездесіппін де, «қайта 5 жылғы жоқ болсам ба?» деп ойланыппын;

1 рет жүрегім жарылыпты да, енді жібіместей қатып қалыпты;

0 рет шетелге шығыппын;

0 рет тұрмыс құрыппын;

0 бала туыппын;

0 кітап жазыппын;

0 тіл үйреніппін;

0 жоба жасаппын.

Сонымен бітті… Бір жылда жеткен «жетістіктерім» осы ғана … 2010-ға өкпем жоқ, 2011-ді құшақ жая қарсы алып алдым 🙂

Сенбі сайын киім сөрелерін жинайтынмын. Бұл процедураның қаншалықты маңызды екенін білмеппін да…

Мысалы, киімді жинау әдісіне қарай кейін киімді үтіктеуді жеңілдетуге, орын үнемдеуге, іздегенде тез көзге түсетіндей қаттауға болады. Киімді түс-түсіне бөліп, кірін бір бөлек, тазасын бір бөлек, қысы мен жазын бөлек, бас киім, шалбар, юбка, т.т. бөліп, топтағанда мен тынығып қалады екенмін. Білмеймін… Бұны қалай түсіндірсе болады екен?!…

Өмірді сөрелерді жинағандай жинап тастаса 🙂

Уортпрессте қазақша блогтар көптеп ашылып жатыр, ҚУАНТАДЫ!!!

Бәрінен бұрын өзіме авто.кз қатты ұнады 🙂 Мен, мысалы, машина жағынан шайнекпін (автокөлік менде болмаған и жоқ та), бірақ техникадан хабары бар/қызығатын адамдарды өте қатты құрметтеймін да, сыйлаймын да, жақсы көрем да, сүйем очм 🙂

Жаңа блогтың оқырманы көбееді деген үміттемін, тек блог авторы «лақтырып» кетпесе… Тематикалық блог болғандықтан, өз оқырмандарын тез табады деп ойлаймын (автокөлікке қызығатындар бар шығар арамызда?!)… ШІРКІН, қатып кеткен блог болайын деп тұр ғой…

Барлық жаңа блог авторларына табыс тілеймін 🙂 Көрші болайық 😉

Жаңа 3 Жаңа 2 Жаңа

«Дорога возникает под ногами идущего» дейді

Блогтағы ескі жазбаларымды қарап отырсам, мен де бір жаққа кетіп барады екенмін. Блогта неше түрліні бастаппын да – аяқтамаппын, неше түрлі сөз айтыппын, жазыппын, уаде де беріппін, нәтиже бар ма деймін? Көрмеймін… Артқа қарамай жүре беріппін…

Тоқта, Салтанат!!!… Уақыт, сен асыққанмен, жеделдемейді…

Туылған күні: «Телефон соғып құттықтау керек»

Бір күн өткеннен кейін: «Ох, блиииииииин құттықтауды ұмытып кетіппін ғой…»

Келесі күні: «Ұят-ай… Екі күн өткетіпті ғой…»

Үшінші күн: «Как-то ыңғайсыз… Қай бетіммен құттықтаймын?!»

Төртінші күн: «Қал-жағдайын білгенсіп телефон соға салам ба?! За одно бір ауыз сөзбен туылған күніне құттықтау айтармын».

Өстіп кейде достардың туылған күнін ұмытып, басқа шаруаларға кірісіп кетемін/міз.

Жанна, туылған күніңмен!!!  Бар жақсылықты тілеймін 🙂

Таңдау жасауын жасап ап, енді неге сонша ойланамын…

Айтқан адамға да, айтылған жандарға да ауыр тиеді деп ойлаймын. Қарғыс-сөз (бағыттаған, бағытталған) жібермейді, жолды болдырмайды деп сенемін, шынымды айтсам.

Тақырыпқа орай: автобустан бір ата түспекші. Кондукторға берер ақшасы жоқ па, әлде шынымен «маған төлеген» деген сөзі шын ба, әйтеу дәл түсерде кондуктор апаймен сөзге кеп қалды. Ата – кәрі. Сонда, апай сол атаның соңынан «менің басымдағы қиындықтар басыңа келсін» деп «шығарып салды». Сағат түнгі 10-нан кеткен. Жолаушы тәте «үлкен кісі ғой», «ақшасы жоқ шығар» деген сияқты аргументтер айтып еді, кондуктор апайымыз БАРҚ етіп оны да «орнына» қойып тастады. Ал, мен сол ата үшін төлей салдым… Аз да болса қарғысын жеңілдеткім келді.

Не де болса, қарғыс айтылсын-айтылмасын бәрі оралады: жақсы болсын, жаман болсын.

Әзірге, қызықты күндерде кездескенше.

Келесі бет