www.pivchelo.spb.ruӨмір туралы

… өмірден кейін де өмір барын тексергім келеді, кейде…

Уақыт туралы

…уақытым көөөп сияқты, уақыт өткізудің сапасы маған мәндірек/маңыздырақ. 1 сағат сапалы уақыт өткізу 10 сағат сапасыз өткізген уақытқа тең боп кетеді, кейде…

Отбасы туралы

1.083 209 000 000 000 000 км3 шариктегі 184 м3 кубик – жұмақ сияқты.

Ақша туралы

…әрбір адымыңның ақшалай эквиваленті бары жындандырады, кейде…

Достар туралы

…шүкір… могло быть и хуже :))

Арман туралы

…арман – қанаттандырады 🙂 «кар-кар» деп ұшыыыып жүру үшін, кейде…

Жұмыс пен хобби туралы

…жерде аттап, адымдап жүрмесем, жұмыс туралы ойламас едім 😦 Хобби – ляззат алатын жұмыс…

Ұстаным (принциптер) туралы

…толып жатыр… бар-жоғын өзім де білмеймін, кейде…

Ақылға сыймайтын әрекеттер (О безумствах)

…Венера проекті… Ақшасыз өмір сүру образын елестету де қиын…

Болашақ туралы

… степендия деген жақсы ғой, 4 жыл оқып, 5 жыл отрабатывать ететінің болмаса :))

Эстафета Русланнннн-да

P.S. Этафетаны ұсынған Баян

P.S.S. Бұл жәй ғана эстафета. Қарапайым ғана нәрселер туралы жұрттың пікірін білуге арналған.

Әр халықтың өз әні бар, өз әуені, өзінің жанына жақын дыбысы мен дауысы, аспабы да, әндету  мәнері де… Бәрі бәрі өзіне сай… Қазақтың да…

Кең даланың үнін, бұлақтың сылдырын, ат дабырын, күннің атып-батқанын, бәйшешектің қар қарып шыққанын әнге қосқан, жеткізе білген. Тыныштықты тыңдай білгеніміз шығар… Жыласақ та әндетіп жылаймыз, күлсек те, адам туып, өлгенде де аузымыздан әніміз, үйімізден домбырамыз кетпейді…

P.S: Эстафетаны Асқар Исабеков бастаған еді, мен жалғастырдым. Мүмкін мен жеткізе алмаған да болармын, ақылды сөздер қосып жазғанымнан да ештеңе шықпас, қазақты түсінемін десеңіз әнін/күйін/термесін тыңдаңыз…

***

У каждого народа есть песня, своя мелодия, звуки и голоса близкие своей душе, и инструменты, и стили пения… Всё всё всё… И у казахов…

Воспевали, умело преподносили звуки бескрайних степей, журчание воды, топот лошадей, восход и закат солнца,  пробуждение подснежников. Может умели слушать тишину… Плакали и смеялись с песней, рождался человек с песней и умирал с песней, а домбра была всегда в доме…

P.S: Эстафету начал  Асқар Исабеков , я продолжила. Может я не смогла донести суть, к тому же ничего бы не вышло используй я заумные слова, если хочешь понять казаха послушай его песни/куйи/терме(читай как фольклор) …

Алтыншы сөзді Ақзере өзіңе жазуға тапсырамын 🙂

Эстафетаның идеясын қазақ тілді аудиторияға аударып көрейін:

Менің ұсынысым – қазақтардың(кең, мемлекеттік мағынада) 45 оңтайлы ерекшеліктерін тауып көрейік те «Нақыл сөздері» немесе «Мақтаныш сөздері» (жай ғана «Ақ сөздер») деген кітап жазайық. Мақтан тұтатынымызды жазып, соны дамыта түсеміз. Осындай кітапты оқып отырып ойлаймыз – а бұл мен туралы ғой. Бұл қайдағы жоқ шенеулік туралы емес – бұл мен туралы, менің елім туралы. Ал шенеулік – бұл мен туралы, менің елім туралы деп ойлайтындай. Осылайша біздің жақсы ерекшеліктеріміз дами түседі. Мүмкін, еріншектігіміз кетіп, мүмкін жұмыс көп атқара бастаймыз. Нәтижесі Абайға жетеді деп үміттенбеймін де. Тіпті, ондай мақсат та жоқ(мүмкін соған талпыну да керек шығар). Мақсат біздің жақсы жақтарымыз жинақталған кітап құрау. Бәріне арналған. Бәріміз білетіндей. Біздің жақсы ерекшеліктеріміз бар, біз білуіміз керек ол туралы. Мысалы, менің әкем, химик болса да, айтатын:  «Қазақтар – жақсы математиктер» деп. Енді, мен де жұбайым да математиктерміз, жарты достарымыз математиктер. Сосын, біз Мәскеуде оқып жүргенде 2 вундеркинд оқыды, бірі 13-те, екіншісі 14-те елдің ең басты ЖООсына түскен. Екеуі де қазақтар болған, екеуі де математиктер. Егер біз әрдайым қазақтардың математикаға деген икемі бар екенін есте сақтасақ, соңында дана математик туармыз. Мүмкін ондай даналар көп болар, мүмкін өзіміздің математика мектебін құрармыз.

Сонымен, «бірінші сөз» – қазақтар – жақсы математиктер!

«Бірінші сөз» бұл тек бастама. Бастау – істің жартысы. Келесі жартысын мен келесідей қылуды ұсынамын:

1)… Өтінерім, эстафетаны басқа адамға беріп отырыңыз, тақырыпқа немқұрайлы қарамайтын адамдарға. Әрбір сөз мақтаныш оятатындай, өзің мен өз елің үшін. Әрбір оқыған адам – «Ия, біз осындаймыз!» дейтіндей.

2) «Сөздердің» қатары байқалатындай, жазбаңызға эстафетаның жылжу бағытын көрсетуіңізді өтінемін. Мысалы, «23 сөзді» Жәке Кекелеске бердім, т.т деп. Тіпті 45-тен асып та кетсін. Біз ешкіммен жарыспаймыз ғой. Таңдау болсын.

3) Қазақшадан орысшаға, керісінше де бәріміз жабылып аударамыз деген үміттемін. Кезкелгеніміз түсінетіндей болуы маңызды. Сосын, әрбір сөзді әдеби шығарма сияқтандыра жасайтынымызға да үміттенемін. Мысалға, менің жазған «қазақтардың – жақсы математик» дегенім «сөз» болуға жарамайды, оны білемін. Бастысы, идея жинау. Сосын барып оларды әдеби күйге жеткізу.

4) Кітап сөресі кітаптарға арналған. Екі тілді осы кітаптың орны сол сөреде деп ойлаймын. Әрине, егер автор мырза/ханым қарсы болмаса.

5) Тіпті, біреулер әрбір сөзді суреттермен көрсетер. Сонда, кітапты басып шығаруға да болар еді.

6) Бұл идея. Егер біз 45-ін жинай алмасақ, ол біздің мақтанатындай дымымыз жоқ, түкке тұрғысыз халық деген емес, ол менің идеяны дұрыс жеткізе алмағанымнан немесе әрекет жоспарын дұрыс құрмағанымнан. Іс орнынан қозғалатындай, менің қателігімді түзеп жіберіңіз.

7) Постты жазып отырып, тағы ойлар келді – «біз әуесқоймыз», «біз шыдамдымыз», «біз данамыз»… Сонымен эстафета – «Нақыл сөздер»

Орыс тілді нұсқасы.

Ескерту: Үзінді сөзбе-сөз аударылмаған. Қателігім болса поштама не пікір ретінде жазуыңызды өтінемін.

Пысы: Жоғарыда көрсетілген сілтемеден қарасаңыз, қазақтың ерекшеліктері жеткілікті-ақ… Бірақ, кері әсер етіп кетті ме, негатив ойлар басып асырылды. Идея жақсы-ақ, жай ғана қазақты қазақтан басқа кім түсінер дейсіз?!

Бұл эстафете қашан басталғанын кім білсін, Ресей блогтарында жүрген еді, енді бізге/маған де жетіп қапты 🙂

Интернеттің «жапқан/басқан» 5 орны/5 вещей, которые мне заменил интернет:

1) Қалтафонмен сөйлесіп тұрып, клавиатура іздейтін болыппын.

2) «Ледниковый период 3 шығыпты! Кеттік киноға?!» – «Мен оны уже көріп қойғанмын 🙂 »

3) Целлюлоза деген не екенін ұмыттырды/әлде ұмыттыруға жақын, өте жақын.

4) Шет тілін үйрететін курстар бір саты төмендеп қалды – мен үшін.

5) Жүзуді/тамақ пісіруді/моншақ жасауды/т.т онлайн үйрендім десем, сенесіз бе?

Эстафетаны кімге берсем екен?! …  Қазақ блогшылары/Қазақ тілді деген дұрысырақ болар/, қолмен санап атарлықтайсыздар… Баянның келісуімен – эстафетаны сізге берем 🙂