Мамыр 2009


Бір сөзбен: ҚОШ келдіңіз!

Сенбі. Телефон шылдырлап жатыр. Қоймай-қоймай шылдырдайды. Енді оянсам керек, апыл-ғұпыл телефонға жүгірем деп «оянбаған» сол аяғымды қоя беріп, оң аяқпен аттай бергенде – сол аяқ «есшо 5 мин» деп жатыр екен 😦 … Не керек, әйтеу, «үнің өшкір» телефонға жеттім… Кнопкаларын басып жатырмын, басып жатырмын: дауыс тым қатты шығатын сияқты, бір уақытта миыма жетті-ау, енді сол  дауыстағышты/громкоговорительді қалай өшірерімді білмей, «бармақ» әдісінін қолдана отырып, папаммен «адамша» сөйлесудің амалын таптым.

Не айтайын деп едім?! …

Ми өзіне приоритетті есептер қоятынын бәріміз де білеміз. Сонда қараңыз, телефон шырылы құлақ арқылы миға жеткенде «ұйқы» есебі екінші сатыға түсіп, телефонды алуды «маңыздырақ» деп шешкен ми – аяқтарға белгі беруді ұйғармағаны ма?…Ал, енді телефон көтерілгенде ше?… «Маңыздырақ» уже не «маңыздырақ»? Ұйқы қайта өз «статусын» алғаны ма?…

Негізі, ұйқының пайдасы зор ғой! Бірақ, көп ұйықтаған мидың «тежелетіні» қаншалықты орынды екен, ә?!

Жан-айна, ренжімеңізші! Бірақ, айтпасқа болмайды!

Құрметті қазақ блогшылары, Жан-Айнаның блогы жайлы естігендеріңіз бар ма? Сәуірден бері келе жатқан блог екен, прикиньте… Өзі тіс жарып айтса жақсы ғой, бір ай бойы тып-тыныш жатқан! Оқырмансыз блог жетім(с) демекші…

Адамдар, жаңа блогқа кеттік…

Не үшін, кім түрткі болғанын алдыңғы жазбадан білерсіз…

Ал , кеттік!

1) Шнур… Менің ойымдағы сырға ұзындау болатындықтан бірдейлеп 40-45 см-дей қиып алдым.

1

(толығырақ…)

құрал-сайманЖаздық киімдеріңізге аксессуар жетіспейді ме? … ӨЗ қолыңызбен жасап көріңіз, бар керегі: негізгі моншақ, қосалқы моншақ, лента, қайшы, сіріңке 🙂

Негізгі моншақты лентаға тізіп, мойынға тағатын алқа, я қолға тағатын білезік ұзындығына жеткен соң қосалқы моншақпен «тіреп» лентаны байлаймыз 🙂 Білезіктің я алқаның екі ұшынан 15-20 см-дей қалтыру керектігін, лента тарқап кетпес үшін сіріңкемен күйдіру керектігін ұмытпайық 🙂

Қажет уақыт: 20 мин

Құны: моншақ (суреттегі ортаңғы, әйнектектес, 250 гр) – 100 теңге, лента(рулон) – 60 теңге (адамдар ұялмай-қызармай метрін 50 теңгеге сатады!), қосалқы моншақ(биссер де жарай береді, 1пакетик) – 30 теңге, сіріңкенің неше тұратынын білмеймін 🙂

қолға

12 (толығырақ…)

салем (толығырақ…)

7 мамыр

отан қорғаушылар күнімен

радио

қабат-қабатАдамдар, Әлияның кеңестерін оқыдыңыздар ма?! Аспаздықты ше?!

Мына жазбаны жыл басында бастаған едім 🙂 «Ешкім оқымайды, ешкімге қажеті жоқ» деп «жылы жаба» салып едім. Бүгін, жариялағым кеп кетті 🙂

Екі айға жетті десем артық айтпаспын.

Желтоқсанның басында қырыққабатты тұзды суға салып қойғанмын. Мамам өзі аяқтайды ма деген дәмем бар болған, негізі…

Қолымда 3 қырықжапырақ… Қолымның күші жоқ па, қырыққабаттың нығыздылығы ма(тас-шеге әйтеуір), мықшыңдап әрқайсысын әзер 7-ге бөлдім. 10 литрлік шелек қой деймін, соған бірінен соң бірін тыққыштап 7*3=21 бөлікті сиғыза алмадым… Қалғандары келесі күнгі борщ болды… Үйде бір табақ бар, неше литр сиятынын білмеймін, шамамен 3-4 болар, соны жылы суға толтырып, 1 үлкен кесемен үйіп тұз қосып, араластырып, ерітіп манағы(с)(біз жақтың сөзі емес) шелектегі қырыққабатқа құйылды – артылмауы керек, жалпы. Бедрені өзім көтерсем – минимум, қисайып қалушы едім 🙂 Нұкебалаға рахмет, қылтимаға(қателеспесем, балконның аудармасы осылай) шығарып берді. Сол тұрғаннан молынан тұрды ол шелек – шамамен,  27-30 күн. Рецепт бойынша, 20-21 күн. Күннің суықтығына да байланысты болар, тұз жақсы сіңбепті де қырыққабат шала жұмсарыпты, жаңа жыл қарсаңында(шынымды айтсам, 30 желтоқсанда) приправалармен «өңдеп» банкаға тығындап/нығыздап/пресстеліп тоңазытқышқа жіберілді.

Приправасы жаздыгүні жасалынып қойылған: мясорубкадан өткен қызыл/жасыл бұрыш, ащы бұрыш(өз қарауыңызға қарай), сәбіз, сарымсақ.

Жазған соң бәрін жазу керек қой?!

«Өңдеу процессі» – шелекке сиған әрбір бөлікті суынан сығып(киім сыққандай сығып тастамау керек, жалпы) әрбір қабатына приправаны жағып, біртін-біртін банкаға саласыз 🙂 вакуум болуы шарт емес, әрине, десе де ауаның аз болғаны дұрыс 🙂 Ах да, ұмытып барады екенмін, қолыңызға қолғап киген жөн болар 🙂 ну, егер ду-ду еткен қызғылт алақандарды жақсы көрсеңіз кимей-ақ  қоюға да болады 🙂

Момент! Егер, жұмыстан/сабақтан келгенде үйде жейтін дым болмаса: банкадан қырыққабатты алып, киім сыққандай сығып: 1) жолақтап турап, сұйық май қосып салат жасаса болады; 2) нанға майонез жағып, қырыққабаттың бір жапырағын қойып, бутерброд жасауға да болады 🙂

Ас дәмді болсын!