Сәуір 2010


Біздің ауылда болған 80-90 жылдардағы шақыру билеттері*:

(толығырақ…)

Бір құдіретті күштің барына сенемін.

Санамда бір ой қалып кеткен екен: «дін – қорқынышқа негізделген» + «сенім-нанымдарды саясат үшін қолданады», «дінді дөкейлер ойлап тапқан», т.т. Шын-ақ… Қорқыныш пен құмарлық – адамның ең күшті эмоциялары, өтірік деңізші?! Оларды оңайлықпен жеңу әр адамның қолынан келе бермейді, ал дін қорқыта отырып құмарлықты жеңдіреді, қате болса түзей қойыңыз.

Менің ойым мүмкін таяз шығар, десе де айта кетейін: дін жоқ, ал Құдай әркімнің өз санасы мен арында. Неге санасында? – Себеп: санасыз адам – жануар/мал. Неге арында? – Себеп: ар/намыс/ұят – шекараны белгілейді, ал одан асып кетпеуге сана көмектеседі. Логикасы сондай сияқты.

Діни кітаптарда жазылғандарды айнытпай орындау үшін сол дінді қабылдау керек пе??? Сол принциптерді өз Құдайынан қорыққаннан емес, «о дүниеде отта жанып, қиналамын» деп емес, неге ертеңіңді ойлай отырып, қазіргі күйің үшін істемеске…

Интуитивно, «бұл жақсылыққа әкелмейді» деген ой келді, мультикті көргеннен кейін. Қарапайым да менің ойым: «діндар адам – осал адам»(«иманды» дегенім жоқ).

Интернетті қопарып ештеңе іздемедім. Бір кітаптың («Экстрасенсорика», Джейн Стразерс) бірінші екі бөлімін оқыдым. Көп сөздің қысқасы, былай ғой, негативті энергия оң энергияға қарағанда әлсіз, сондықтан ол жиналуға бейім деп ойлаймын, сондықтан ол киімге, бөлме/ғимарат/адам денесінің бұрыш-бұрышына, т.т. жерлерге жиналады. «Негатив көп жиған адам – көп ауырады, негатив көп болған жерде ұрыс-керіс жиі болады» дейді ғой, сіз де естіген шығарсыз.

Кейбір қазақ жанұяларында «үйді аластау» деген бар. Май қопсатады, адыраспанды жағады, арнайы адам шақыртады дегендей. Тіпті, көктемде төсек-орынды далаға шығарып күнге қақтау, гигиеналық мақсаттан бұрын энергетикалық мақсаты басымырақ сияқты: күн «теріс» энергияны (образно айтқанда) бейтараптандырады.

Жоғарыда аталған кітапта жазылған, есімде қалған (шын мәнінде одан көп болуы мүмкін) бірнеше негатив энергияны «жою» әдісін жаза кетсем:

1) Ғимараттан/бөлмеден:

– иіс шығару: иісті майшамдармен бөлмені айналып шығу; (әдетте, адыраспанды қолданады ғой бізде)

– дыбыс шығару: арнайы тостағандар болады екен, соны бөлменің барлық бұрышында және қақ ортасында «зыңылдату», содан теңіз тұзын бөлменің ортасына бірер минутқа қойып қою керек дейді. Себеп: тұз өзіне жағымсыз энергияны сіңріп алады екен, содан ол тұзды көміп тастаған дұрыс 🙂

– бөлмені қолды шапалақтап айналып шығу;

– дұға оқу, орысша айтқанда – молиться.

2) Киімнен:

– күнге қақтау;

– сумен жуу: негатив сумен ағып кетеді.

3) Денеден:

– жуыну! теңіз суын қосып ванна қабылдау және шашты міндетті түрде жуу.

Болды ғой деймін.

Позитиффті күндерде көріскенше, адамдар 🙂

«Қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу»
тақырыбында семинар-тренинг өтеді.

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Сорос Қазақстан қоры мен
ЕҚЫҰ-ның (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) Алматыдағы
өкілдігінің қолдауымен «Қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа
технологияларын енгізу» тақырыбында екі күндік семинар-тренинг
өткізбек.

Семинар-тренинг мақсаты: күнделікті өмірімізге ақпарат
технологияларының жылдам қарқынмен еніп келе жатқандығы анық. Интернет
бүгінде әрбір үйдің төрінен табылатын болды. Бірақ, қазақтілді ақпарат
ІТ технологияны қолдану жағынан кенже қалып отырғаны мәлім. Әрине,
республикалық қазақтілді ақпарат құралдарының көбінің интернет нұсқасы
жұмыс істейді. Бірақ, бұл қағаздағы нұсқаның көшірмесі ғана. Аталған
интернет басылымдарда оқырманмен кері байланыс, аудио және видео файл
орнату, ақпараттардың аңдатпасын мобильді телефондарға жіберу секілді
қосымша қызметтерді пайдалану ісі кенже қалып келеді. Екі күндік
семинар-тренингі осы бір олқылықтың орнын толтыруды көздеуде.

Семинар-тренингке Қазақстанның әр түкпірінен 16 және Алматы қаласынан
9 тыңдаушы шақырылмақ. Тренинге қатысамын деген үміткерлер «Жаңа медиа
және қазақ басылымы», «Блоггер болғым келеді» тақырыптарында мақала
жазып, «Minber.kz» ұлттық интернет газетіне жолдауы тиіс. Жазбалар
мына мекен-жай бойынша қабылднады: minber.kz@gmail.com

Бұл мақалаңыз арқылы сіз жаңа медиа проблемаларын қаншалықты
түсінетіндігіңіз және тақырыпқа қаншалықты ынталы екендігіңіз
анықталады. Бұдан соң, әрбір қатысушыға арнайы сауалнама парағы
жолданады. Сауаланама парағына қатысушылар өздері жайлы мәліметтерін
енгізуі тиіс.
Сол арқылы біз семинар тренингке қатысушыларды іріктейміз.
Семинар-тренинг маусым айының ортасына қарай Алматы қаласында
өткізіледі.

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы
www.minber.kz
minber.kz@gmail.com

Былтыр барып, қарап көрдім (отчет жазбаппын да, ай ай ай как не хорошо). И то, ол Әлиямен танысу үшін деп па :))) Қалжыңдайм 🙂

Негізі, атмосферасы қызық. Бірінші барғанда өгей баладай сезіндім. Бәрі бір-бірін таниды. Бәрі зыр жүгіріп жүрді. Идеяны түсінеді дегендей. Не? Қайда? Қашан? Кім? Не үшін? Керек/керек емес? Сырттан қарағанда тура мынандай болып елестейді, тіпті солай ғой, жалпақ тілмен айтқанда.

Ал, «не екен» деп тамырын ұстап көргіңіз келсе, пожалста, тіркеліп, келе беріңіз 🙂 Сізді как положено, қарсы алып алады 🙂 Мүмкін, танысып та қалармыз 🙂 Мүмкін, уордпрестік/т.б. блогшылар болып «бөлініп», «жекешеленіп» тағы танысып, кездесерміз… Бәрі мүмкін ғой 🙂

Пысы: Ренжімеңіздер, бірақ менде 17-сәуірде үйлену той. Мен – қызжолдас. Оның да машаһаты кислородты қысып жатыр.

1) Интернеттен керек пәннің шпораларын тауып аласыз. Қазақша табу «оп-оңай». Қағазға басып шығарасыз, қиясыз:

2) Бір-біріне, ақпараттық тізбек үзілмейтіндей жапсырасыз:

3) Содан әдемілеп «гормошкалайсыз»:

4) Киіздің астына салып, емтихан күніне дейін сақтау керек.

Емтихандар табысты өтсін.