Сен кімсің? Мен сені танимын ба? Сен шықпасаң ойланбай жүре берер едім… Да еще и қып-қызылсың…Елдің бәрін бетіме қаратып өзімді жерге қараттың… Влюблен болсаң айту керек қой ЖАЛП етіп мұрынға шықпай…

Айконаның үнсіздігінен

Алғашқы нұсқа:

Махаббатың барына сенгізбейді ғой сенгізбейді… Жүрегімді алып ұшып «міні!» деп – «дүк-дүк дүк-дүк»: құлақ аспай, «ақ қайыңға барып сырыңды айттың…» Оңбайсың ғой оңбайсың! «Жаныма жалын берген сенсің» деп тағы ұсындым: айға қарап мені ұқсаттың ба?! есіңе түсірдің бе?! Ұқпадым! Бар көңілімді жинап, ойыма салып, ақылыммен буып әдемілеп, есім қалмай упоковать етіп берсем, не дедің: «…алма бақты аралаумен, жалғыз кетіп барамын-ау мен, махаббатым, қайдасың қайда?!…» Мүмкін, саған әшки керек?! Бойым кіші болған соң көрмеген болар деп каблук кисем «…бұл-бұл құсым жырақта ма?!…» дегеніңді қалай ғана түсінемін… Жерге түссеңші?! Қыз деген жерде жүреді-не деген жылаңқысың… «жанарыма кеп түйір жас тығылады»-жүрекке «пышақ» кеп сұғылады…

Шынымен, сезім болмаса мың жерден әдемі бол, мың жерден ақылды бол, сені көрмейді екен 🙂

Келесі нұсқа:

Кірпігіме күн оралып аштырмайды, сығырайған көз астынан қарап тұрған менің санама жымиған қалпың сақталып қалсыншы… Күннің құдіретін-ай…

Күн күлкіңмен жағаласып, көзіңді аштырмай тұрғанын қарамайсың ба?! Көздеріңе ғашықпын! Толықтай ашшы… Өмірдің сырын кірпіктерің жауып тұрғанын-ай…

Жауапты болғанының өзі бір бақыт қой 🙂 Айт айтпа оны екеу сезеді ғой…