Түр-түрімен


Қазақстан мен Жапония қыздары шайбалы хоккей ойнағанда билет іздеп Балуан Шолаққа (стадион) барып, билет таппай, көңіл түскені сондай тамаққа тойып алып үйге тарасқан күні аялдамада бір қыз келіп «*** микрорайонына Төле би-Әуезовтан қалай жетуге болады?» деген. Мен сол *** микрорайонында тұрамын. «Қаланы білмейтін біреуге түсіндіруі керек шығар» деп дұрыстап айтып тұрғанымда менің күтіп тұрған автобусым кетті де қалды. Шынымды айтайын, өзім онсыз да ызалы боп тұрғанмын, іштей біраз «жақсы» сөздер айтып қалдым әлгі қызға. Содан, таныстым деңіз: жақында ғана тұрмыс құрған екен, *** микрорайонында тұрады екен, күйеуі ыстрашно қызғаншақ екен, сенбейді екен, әрдайым тексеріп тұрады екен, жан-жарына айтпай, Төле би-Әуезовта тұратын әпкесіне бармай Абай-Байтұрсыновтағы құрбысына барғанын айтып шықты. Екі автобус ауыстырып баратын болдық (ақшасы да соған жетеді екен). Не керек әңгімені жақсы айтады екен. Көрші болғандықтан телефон алмастық (қарап тұрсаңыз, безобидно). Сонымен, үйіме жеттім. Әлгі қыз туралы ұмытып та кеттім. Бір сағаттай өткенде таныс емес нөмір телефон соғад… МА-МА… әлгі қыздың күйеуі!!! «Қайдан танисыз? Қайдан қашан қай автобусқа отырдыңыздар?… » анау-мынау… е-мое… сөзім жоқ, ағайындар…

 

Таныстар 1

25-і ақпан күні 11-Жапон кинофестиваліне бардым. 1985-і жылы бірінші фестиваль өтсе керек. Алдыңғы екі жылда мүмкіндік болмаса да биыл (әйтеу) ұйымдастырыпты.

Брошюрадағы мәтінді еркін аудармамен аударып жіберсем:

Жапон киносы осыдан ғасыр бұрын пайда болған. Классикалық жапон киносы – бұл «Токиолық оқиғасымен» Одзу Ясудзиро (1903-1963),  жапондық киноны әлемге танытқан Акира Куросава (1910-1998), «Жапон Диснейі», жапон мультипликациясы мен манганың атасы Тэдзука Осаму (1928-1989). Сонымен қатар, бұл тірі классиктер – Канн кинофестивалінің лауреаты Осима Нагиса (1932 ж.д.к), табынарлықтай аниматор-режиссер Миядзаки Хаяо (1941 ж.д.к), режиссерлікпен қатар өз фильмдерінде басты рөлдерді сомдайтын және де жапон халқының сүйікті тележүргізушісі Китано Такэси (1947 ж.д.к.).
Алматы қаласындағы биылғы кинофестивалінің бағдарламасында – соңғы 15 жылдағы фапон кинокатографисттерінің ең керемет картиналары ғана. Кинофестиваль мақсаты – замнауи жапон киносының жан-жақтылығын көрсету: әлемге әйгілі анимеден әлем киносыншыларымен жоғары бағаланған терең, драмалық картиналарға дейін. …
Ұйымдастырушылар Фестиваль киносүйерлер мен жапон мәдениетінің жанкүйерлерін ғана жинап қоймай, сонымен қатар көптеген қонақтарға Жапонияны басқа жағынан ашуға көмектеседі.

Сонымен не керек, көңілді Көңілашар хабарласты «барасыңдар ма жоқ па» деп, «билет болса болды» деп мен зыта жөнелдім.

11-і фестивальдың ашылуына бұл фильм жайдан жай таңдалмаса керек. Такаши Ямазакидің «Always san-chome no yuhi» («Әрқашан: үшінші авенюдегі күнбатыс») кинокартинасынан басталды. Слоганы «Адамдар кедейлеу, бірақ жанашыр болған бұрынғы бай заман туралы». Шындығында, керемет түсірілген. Адамдардың ойламай жасайтын кейбір қылықтарын бергенде еріксіз күлесің да жылайсың.

пысы: Жанна, көөөп рахмет!!!

«Прикинь, да?!» дегеннің қазақша баламасы «ойлап кетші» (сыпайы түрі «ойлап қараңызшы») дегенге келетін сияқты.

Ойлап кетші, қайтыс болғанда әлем жылайтындай адам қандай болу керек?!  Бір минут өзіңді сондай адаммын деп елестетіп көрші… Қандайсың? Өлгеніңде (ең құрығанда) Қазақ елі жылайтындай адам болуды кім армандайды екен, а? Біздің арамызда бар ма екен, вообще?!

Қызметкер: «бла бла бла жинап, бір таблицаға тізіп жіберейін деп едім. Сіз кеңсеге қашан келесіз?»

Бастық: «Келмеймін, обходтамын»

Қызметкер: «Түстен кейін де келмейсіз ба? Сіз бір қарап жіберсеңіз»

Бастық: «аа келем ғой. Сіз бір таблицаға жинап қойыңыз, түстен кейін келіп тексеремін»

 

Жоғарыдағы диалогтың бір жері ұнамайды, қай жері екенін өзім түсінбей отырмын… Что-то тут не так…

Ауылда үлкен кісі қайтыс болыпты. Қаладан өз ұлдарын жетектеп ұлдары келеді. Кішкентайлар не деген мақұлықтар екенін білмеймін, бірақ алған да иттің құйрығын керосинге батырып жағып жіберген. Бейшара ит өшірмек болып анда да, мында да үйкеледі, сөйтіп қысқа жинаған шөп өртене бастайды, қора жана бастайды, шипыр атылып, от лаулай бастайды. Құдай-тамаққа жиналғанның бәрі шулай… Өрт сөндіргіштерді шақырады… Өздері шелектеп су тасып өшіре бастайды, ит қуырылғанда өртсөндірушілер де келеді, үй киімдерін шешіп, жұмыс киімдерін асықпааааай киеді. Сосын, анау-мынау құралдарын құрастырып, ел өшіріп тастаған өрттің күлін өшіріп, анау-мынау құралдарып жинааааап, жұмыс киімдерін шешіііііп, үй киімдерін киііііііп, бипылдақ машиналарына отырып кетіп қалады.

Уот, сол… Заман бәрімізге тыныш болсын 🙂

Таңғы сағат 5. Қалтафоным шырылдайды. Әзер ашылған бір көзіммен қарасам – ол. Ұйқылы-ояу «әллө?» дегеніме үндемейді, қоя салдым. Екінші рет соғады. Уже ояныңқырадым. Сөйтсем, даусы кіп-кішкентай қыздікіндей бір бикеш. «Бұл кім екен?» деп бастап «Оны қайдан танисың?» дейді.

Сөйлесе келе, оның әйелі 87 жылғы екенін, одан туған екі баласы барын білдім. Ұйқым шайдай ашылды. «Көке, знаешь что, уайымдама…» деумен сөз доғардым… Бірақ, менен басқа қаншасы болған екенін бір құдай білсін… Менің басым/жүрегім онсыз да атылғалы тұр…

Эпилог: Оған

Балаларың үлкен азаматтар боп өссін.

Облом3 Облом2 Облом1

Қобалжыдым. Өз-өзіме симай, достарымның бәріне, «онда тұрған не бар?!» дейтін адам таппай, айтып шықтым. Мен күткен сөзді бірі айтпады 🙂 Неге? Мүмкін олардың да көңілдері қалап, бірақ жігерлері жетпей, батылдары батпай жүрген армандары/қиялдары бар болар.

Мектептен армандайтынмын, «шіркін, әнші болсам ғой» деп 🙂 Балалық арман ба, қиял ма… Белгісіз 🙂 Әрине, әнші бола қалмаймын, алайда анда-санда іштей емес, ел еститіндей «әу» дегім келетін. Просто, көптің алдында ұялғаннан ұялады екенсің да 🙂 Сондықтан, сондықтан! вокалға барып көрдім 🙂

Мұғалім үйіне қабылдайды екен. Үйін оңай таптым – 70-80 жылдары салынған үй болса керек, прям кеңес үкіметі кезіндегі кинолардағыдай 🙂 Үй үлкен кісі мен мысық сасиды. Мұғалім – кемтар кісі.

Теориядан бастап кетті. Блин! Опять оқу… Ештеңе оңайлықпен берілмейді ғой, сондықтан, сондықтан! «оқу түбі – күміс көмей» деп, шыдамдылықпен тыңдап, жазарын жазып алдым 🙂

Тыныс алудың екі түрін көрсетті: әзірге дұрыс дем ала алмаймын 🙂 «Бір айда дауысыңды қойып беремін» дейді ұстаз 🙂 Сенеміз, қайтеміз да… Бәрібір еңбекке байланысты ғой!

Айтпақшы, менің даусым меццо-сопрано екен :)))

Сол… Армандарыңыз орындалсын, ағайын 🙂

Пысы: бір айдан кейін көре жатармыз 🙂 мүмкін басқа армандарым есіме түсіп қалар :))))

Так вот 🙂

Екі күн мұғалім болып көрдім 🙂 Елестете аласыз ба? Балалардың басын жинай алмай қаламын ба деп ойлағанмын. Ниче, 3-і курс  студенттері ақылдары толықсыған, балалықты қойған, әп-әдемі бозбалалар мен бойжеткендер екен 🙂

Ойнап бардым демеймін…

Ертең сабақ деген күні негізгі жұмысымды реттеп кетейін деп кеш шықтым. Үйге келсем – свет жоқ, ыстық су жоқ, декоративті майшамдармен қарсы алды сіңлім, қалғандары ұйықтап қалған. Шамдары бар болсын – сығырайып, сабаққа дайындалуға еш мүмкіндік болмады 🙂

Өзім оқыған кафедра болғандықтан, бәрін толықтай түсіндірмеді де. Бұрыннан келе жатқан мұғалімдер жылы қарсы алды, ал кейіннен қосылғандары – біртүрлі жоғарыдан қарайды ма, қызық…

Бірінші сабақ. 8.20. Қазақ тобы.

Өзімді таныстыруды ұмытып кетіппін де, «апай, апай!» деп жамырап кетті. 8 адамды төрт бригадаға бөліп тастадым. Зертханалық жұмыс жазылған кітапшаны оқымай суреттеріне қарап жасап кетеді де «апай, апай, чет не получается» деп отырып алады. О тоба!!! Бір айтқанымды төрт рет қайталататын сияқты – «қоя ғой»… «Балалар!» деп бастадым да (блин! мен тура солай айттым ба, ма-ма әлі сене алмаймын!!!), бәрі маған қарағанда аузыма сөз түспей қалады ма деп едім, ниче… Кітапшада не жазылғанын айтып бердім (соны өздері оқып алатын балалар ғой).

Сабақ аяқталғанға қарай, тағы сұрақтар: «апай, отчет қалай жазамыз?», «апай, қалай қорғаймыз?», «апай?», «апай?», «апай?»…

Үшінші сабақ.

Әртүрлі екі факультеттің студенттері бір зертханалық бөлмеде болды. Қай факультеттің студенті болмаса да, әйтеу біреуі менің қалтафонымды зып еткізді… Ия, ия… мен-аңқаумын…

Сөйтіп, бірінші күн зу етті. Екінші күн еш приключениесіз өтті де кетті.

Мұғалімдікті алып кете алар едім, бірақ… Бар бәленің бәрі өзімнен 🙂

Адам тойып тамақтанып алғанда, барлық энергиясы ас қорытуға жұмсалады дейді.  Енді, ойлаңызшы, адам тоңғанда/жаурағанда/мұздағанда энергиясы дененің температурасын ұстап тұруға кететін шығар. Сондай энергия көп жұмсалатын жағдайларда миға керек энергия көзін сырттан қосса, типі жеке аккумулятор. Мүмкін, кейін тамақ ішудің де қажеті болмас… Бардың да асқазан аккумуляторын сатып алдың, қол-аяқтың батарейкалары өшуге жақын қалды – бардың да ауыстыра салдың… Бірақ, тірісің да, жаның, ойың өзіңде 🙂 Ғалымдар ойланып та жатқаны шығар сол туралы 🙂 Альтернативные источники энергии сияқты, мысалы 🙂

Қиял 8 Қиял 7 Қиял 6 Қиял 5 Қиял 4 Қиял 3 Қиял 2 Қиял 1

Әдемі сөздерім таусылып қалса да, алтыбақан тепкендегі сезім әлі кетер емес…

Көңіл-күйім тамаша, бәрін жақсы көрем, бәріне дән ризамын!

Б-А-Қ-Ы-Т-Т-Ы-М-Ы-Н!!!

Алтыбақан адресі: Алматы қаласы, Гоголь көшесінің бойымен, Байтұрсынов пен Шарипов көшелерінің арасында(«Қыз Жібек» киносындағыдай, көрініп тұрады), 10 минуты 100 теңге 🙂

Келесі бет