Ожаулап


«Әрбір фильмді/кітапты бір ғана сөзбен сипаттауға болады» деп бір құрбым бір жерден оқығанын айтқан еді. «Санктумда» өлімді көп көрсеткеніне қарағанда, өмір туралы айтқысы келді-ау деймін.

Жаңбырдың тамшылары жылдап, ғасырлап тасты қашап, мұхитқа жетер жол тапқан ғой. Сонда ойлаймын да, әрбір тамшының ұмтылатын мұхиты бар шығар, да?! Бірақ, жалғыз тамшы не ол? Бар болғаны бірнеше молекула. Мың жыл жаңбыр жауды, өзен болды, мұхитқа жетті. Мұхит деген не ол? Шындығында, бірнеше молекула. Шыр-көбелек өмірде, неужели, бәрі сол: молекуласың – тамшысың – өзенсің – мұхитсың – молекуласың. Айналып бастапқы қалпыңа келе бересің, келе бересің… «Надоел, тоқтащ!» десе… Шіркін-ай!

«Следуй за рекой» деп миллиард рет айтпаса да, миллион рет точно айтты… Былай сияқты: тамшы – құраушы, өзен – бағыттаушы, мұхит – басты мақсат. Алайда, олардың заты бір – су. Енді қараңыз, адамдар – құраушы, қоғам – бағыттаушы, басты мақсат не? Жауабын таппадым…

Қумай дұрыс әңгіме айтсам, кино жақсы дер едім. Кинода адамдардың қарым-қатынасы, қисық-қыңыр жағдайда адам қалай өзгеретіні, әке мен бала, былай айтқанда психология көрсетілген сияқты… Өте ауыр да емес, тым жеңіл де емес.

Вообщим, студент сіңлім менің жұмысыма жақындағанда қалтафонға гудок лақтыратын болып келіскенбіз. Ал, жұмыста барлығымызда бір операторда болу үшін жаңа нөмірлер алатын болып коллективно (что не мало важно) шешкенбіз . (Айта кететін жағдай, мен алдын ала ол операторға қосылып қойғанмын + сіңлім нөмірлерін өте жиі ауыстырады, ол естен шығып кетіпті)

Түскі ас уақыты. Белгісіз нөмір маяк тастайды. Ұшып тұрып кете берейін десем, қайта соғады. Сөйтсем, кофе-брейк жайында хабарласып тұр екен. «Ибааай» деп курткамды шешіп қайда жұмысыма отырдым.

Бір кезде бухгалтерия келді нөмірлерін арқалап. Мәз-майрам бәрі. Абыр-сабыр. У-шу. Ығы-жығы.

Қалтафоным шыр ете қалды, апыл-ғұпыл жиналдым да шығып кеттім. Далаға шығам, жан-жағыма қарайм – сіңлім жоқ. Соңғы нөмірге соқсам, бухгалтер алад: «Салта, этож я» деп… «Мисыз бас екі аяққа тыным бермес» деген мен туралы боп қалғанына күлкім келді :)))

«Маягі» құрысын…

Өмірде, жұмыста, қарым-қатынастарда өзгерістер болып тұрады. Ну, онсыз куда?!

Сол өзгерістерге кім қандай анализ/талдау жасап жатыр екен, ә?! Мысалы, жақсы араласатын досым былай дейді «Біз әлі де бір бірімізден көп нәрсе жасырамыз». Тіпті осы сөздің астарында қарым-қатынастың толық ашылмағанын, толық сенімділіктің жоқтығын (мүмкін, басқа да нұсқалар бар шығар, но басым жеткені осы) жатыр деп ойлаймын.

Ал, талдау жасадық дейік, қандай шешімдер қабылдаймыз? Ол шешімдерге қалай жан бітіреміз?… Нәтижесі қандай боларын тағы бір Құдай білсін…

Очм, өтірік/шын бас қатырғанство…

Танитын-танымайтын адамдардың қылықтарын әңгімелей бастайды ғой. Сол қылықтарды сен де анда-мында көрсететінің бар болса… Айтылған «сын» бұл қылықты қайталамауға себеп бола алады ма?! Өзіңе тікелей айтылмаған сынның қаншалықты маңызы бар?!

1) Бастықтың 5 жасар қызымен сөйлескенім үшін сөгіс алғанмын. Сөйлеп қалған қыз екен мамасының қазақша білетінін айтып қалды. Содан келіп бастық «сәуірдің» орысшасын сұрайды и типо қазақша васшэ «дуб дубом».

2) Бастықтан жоғары тұрған шеф бір танысының танысының қызын жұмысқа алыпты-мыс. 8-наурызды тойлағанда әлгі қыз ішіп алып, шашылып билепті, 10- наурызда шеф оны жұмыстан шығарып жіберіпті-мыс.

Еденжуушы апай өз туған күнінде арақ-шарапты ұрттамағанын 8-і наурыздағы корпоративкада көп алып қойғанымен түсіндіріп, шефтің сол күйін көрмегеніне, Астанаға кеткені үшін Құдайына алғыс жаудырды. Уот…

Бір сөзбен: «КҮДІК!!!»…

Шешім: жұмысыңды істе!!!!!

Жетісудың жеті өзені де өз арналарынан шығып бара жатқан сияқты. 13 наурызда болған оқиғадан кейін, тіпті қорқынышты.

Көкиірімнің арнасы көтеріліпті, ар жағында Лепсі өзені, Жалаңашкөл, бер жағында Қаратал, Сарканд өзендері… Ауыл тұрғындары буынып-түйініп отыр деген хабар жетті ауылдан. Мектептегі сабақтар 30 минуттан екен. «Үйлерінен алыс кетпеңдер» деп бәріне ескертіпті.

8 наурыз қарсаңында қар жауғанын білемін, күн кұрт жылып кетсе, қар лезде еріп су тасқыны болу ықтималдылығы артады емес пе… Ақырындап еріп, жерге сіңіп кетсе жақсы болар еді.

Қызыл ағашта қайтыс болған адамдардың жанұяларына сабырлық тілеймін. Қаза болғандар саны 200-ден асты деген сыбыс жетті бізге 😦

Бір ай бұрын, көрші үйден фитнес-клуб ашылды. Адам аз. Көбіне кішкене бүлдіршіндер екен. Нұрж екеуміз, біз қатарлас қыз-келіншектер «қозғалғанға» дейін тоса тұруға келісіп, телефон, андай-мындай байланыс амал-айлаларын тастап кеттік. Содан не керек, бір ай дегенде топ ашылды… Нұрж менімен бір топта болғанды қаламай шығыс биіне барайын деп тұрған мен йога сыныбынан бірақ шықтым.

1 күн:

Дұрыс тыныс алуға арналған жаттығулар. Негізі, үйренуге болады екен.

2 күн:

Дұрыс тыныс алуға арналған жаттығуларға қоса сіңірді созу жаттығулары… Өліп тірілдім десем де болар…

Инструктордың сөзінен:

– үшінші көзді ашып, адам ойын оқуға болады;

– адам қиялының күші адамның өзіне белгісіз;

– йога арқылы адам аурасын оқуға болады, сонда психология, қылық тілі, көзің түсі, алақандағы сызықтар, т.т. жолда қалады; (айтпақшы, менің аурамның түсін айтты, интернеттен оқып, өзімде өзгерістер енгізгім кеп кетті)

Жан, тән сау болсын!!!

Будильник 6:15 те шырылдады. «Кішкене жата тұрайын» деп қайта ұйықтап кетіппін. Сө мезеттегі түс: Нұрж қызыл водолазка мен қара джекет киіп жатыр екен. Бір уақытта бүкіл картина өзгеріп бір таксидің ішінде қайдағы жоқ бір таксист ыржалақтап күліп жатыр(себебі, бейне артқы орыннан көрінді хе хе)…  Қысқасы, ұйқыдан тұрғанымда, Нұрж қызыл водолазка мен қара джекет киейін деп дайындап қойыпты.

Айтайын дегенім, мүмкін адамның не түс емес, не өң емес күйінде басқа адамның ойын оқи алатыны/көре алатыны шын шығар?! Сол күйді қалай ұстап тұрса болар екен? Адамдардың ойын оқып тұрудың қандай пайдасы бар? Керек па, жоқ па?!

И еще… Нұрж, ана таксист кім?

Калдыбек ЖҚазақ патриоттары тек ғана қазақша тыңдау керек дегенге, ну енді, толық келісе алмаймын. Сондықтан, Европа плюс Қазақстан мен ЭнЭс, Энерджи-ФМ, Авторадио, т.т. радиоларын тыңдайтынмын, құлақ босағанда.

Просто, Европа плюстегі Қалдыбек Жайсаңбай туралы айтқым келіп Гуглден іздесем «6 570 для Калдыбек Жайсанбай», «Не найдено ни одного документа, соответствующего запросу Қалдыбек Жәйсанбай» және «3 для Қалдыбек Жайсанбай» деген нәтиже берді. Содан білдім өз сайты бар екенін.

Европа плюс Қазақстан эфирін қазақшалап келе жатыр десем қатты айтар ма екенмін, а?…

www.pivchelo.spb.ruӨмір туралы

… өмірден кейін де өмір барын тексергім келеді, кейде…

Уақыт туралы

…уақытым көөөп сияқты, уақыт өткізудің сапасы маған мәндірек/маңыздырақ. 1 сағат сапалы уақыт өткізу 10 сағат сапасыз өткізген уақытқа тең боп кетеді, кейде…

Отбасы туралы

1.083 209 000 000 000 000 км3 шариктегі 184 м3 кубик – жұмақ сияқты.

Ақша туралы

…әрбір адымыңның ақшалай эквиваленті бары жындандырады, кейде…

Достар туралы

…шүкір… могло быть и хуже :))

Арман туралы

…арман – қанаттандырады 🙂 «кар-кар» деп ұшыыыып жүру үшін, кейде…

Жұмыс пен хобби туралы

…жерде аттап, адымдап жүрмесем, жұмыс туралы ойламас едім 😦 Хобби – ляззат алатын жұмыс…

Ұстаным (принциптер) туралы

…толып жатыр… бар-жоғын өзім де білмеймін, кейде…

Ақылға сыймайтын әрекеттер (О безумствах)

…Венера проекті… Ақшасыз өмір сүру образын елестету де қиын…

Болашақ туралы

… степендия деген жақсы ғой, 4 жыл оқып, 5 жыл отрабатывать ететінің болмаса :))

Эстафета Русланнннн-да

P.S. Этафетаны ұсынған Баян

P.S.S. Бұл жәй ғана эстафета. Қарапайым ғана нәрселер туралы жұрттың пікірін білуге арналған.

Келесі бет