Ақпан 2010


«Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма» дейді ғой…

Өмірде кездейсоқ ештеңе болмайтынына көзім жетті 🙂 Сондықтан, семинарға баруды көп ойланбадым да 🙂

Ұйымдастырушылар: minber.kz және adilsoz.kz.

Қатысушылар: Әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің тарих және журналистика, сосын филология факультеттерінің я институттарының(ол жағын қақпайм, шынымды айтсам) студенттері, газет-журналдардың тілшілері/журналисттері, блоггерлер,  заңгерлер, филолог, т.т.(барлығы есімде қалмапты). Былай тізім ұзындау болғанымен, адам аздау болды 😦 Журналисттер өздері үшін жасалған шарадан қалып жүретін сияқты болад та тұрад…

Не қызық: білмейтін адамға(мысалы, мен сияқты) – бәрі қызық, білетіндерге де артық болмас еді. Мүмкін бұрыннан шашырап жүрген ойларыңыз болса жинақтауға мүмкіндік беретін сияқты 🙂 Өзіңізге идеялас/ниеттес адам тобы құрылар ма ед… Тіпті бар ғой, өз ісінің мамандарын көргенде қарның тойып қалады ғой, сол кісілерді тыңдап қайтқанның өзі – бағасы жоқ тәжірибе болар…

Семинардың видео нұсқасы үшін Бөтеев Болат ағамызға бәріміз риза, алғысымыз шексіз болуы керек шығар…

Бір үйге қонақ келіпті. Үй иелері қошемет көрсетпек болып ет асыпты. Қонақтың көзінше үй иесінің бәйбішесі келіп етке тұз салып кетіпті, келіні келіп тағы тұз сапты, содан қонақ та қарап тұрмай тұз қосыпты. Сөйтіп енді дастархан басына жиналғандағылардың бірі ет жей алмапты, сорпасы былай тұрғанда. Сонда қонақ былай деген екен:

– Бәйбіше салды қос уыс, келін салды бір уыс, қонақ салды кері уыс

Нұрж әжеме көмектесіп, жуындырады. Бір шыныға жететіндей суды отқа қояды, қайнай сала әжеме ап кетед. Мен оны білмейм, толтырып су тағы қоямын да, құлақты тығып ап Хаусты қарап отыра берем. Нұрж ваннаны жинауға кетед, о арада әженің шайы бітед. Көзге түскен Гүлекке бір шыны шай тапсырад. Ол барад та пеште тұрған шаугімнен құя сап апарып беред. Әже шыж-быж. «Суп-суық шайың не мынау» деп Гүлекке ұрсад. Гүлек ағыл-тегіл ақталад. Салтанат дым естімейд, отырған қалпы отыра беред. Бір кезде суық шайы біткен әже Тв қарап отырған Джандрға «шай!» дейд. Джандр барып, пеште тұрған сол шаугімнен тағы құяд та апарып беред. Әже ең құрығанда жылы шайға қолы жеткеніне мәз болад.

Ваннадан әлі құрып шыққан әже түнде ештеңе дей алмай, таң атпай бәрімізге ұрсад. «Үш қызым үш түрлі шай әкегені нес! Нұрж(естественно, өз атын атайд) әп-әйбәп ыстық шай әкелд, Гүлек(естественно, өз атын атайд) тап-тастай шай әкеліп қатырд. Джандр(естественно, өз атын атайд) жылы шай әкелд».

Мен тымпиып отырым :))) Гүлек, Джандр бәрі «Әже, пеште тұрған шаугімнен алдық», әже одан сайын жынданады, «е, әкем-оу… бір шаугімнің шайы қалай үш түрлі болад» деп :))))

Бәрі орын-орнына келген соң, әжем жоғарыда тұрған, бірінші әңгімені айтты 🙂

Сол, ағайын! Үлкендердің көңіліне көңіл аудара жүрейік 🙂

Менің сіңлімнің құрбысының әпкесі мен оның құрбысымен болған оқиға.

Автобус лық толы болған екен. Ал, құрбылар базардан шықса керек. Қолдарында алған азық-түліктері: картоп, жұмыртқа, ет, т.т. Содан жұмыртқа сынып қалмасын деп жүргізушінің жанына қояды.

Автобустағылар азая бастайды да, арт жағынан орын босап, құрбылардың бірі екіншісін шақырад. Содан ана қыз былай депті:

– Ты сиди, я тут у водителя яйца держу…

Автобустағылардың реакциясын елестетіп көріңіз 🙂