Тамыз 2010


Техникалық бөлімнің бастығының орынбасарында отырмын. Менің бастығыма сұрақтар туындап қалды. Мен тура жанында отырғанмын. Орынбасар ханым оң қолымен телефон тұтқасын ұстап сөйлесіп жатыр, ал сол қолымен қолтық астындағы жүнді созыыыыып отыр екен …. фуууу… вяқ … Көздерім түспес те еді, жыбырлағанның бәріне көңіл аударамыз ғой о бесікте жатқан күннен бастап… Біртүрлі боп қалдым, елки зеленые…

Автоматты түрде жасалатын қимылдар болса керек. Мән бермейміз, а басқа көздер байқап қалуы мүмкін дачы…

Қимылдарыңыз жарасымды болсын, ағайын 🙂

Advertisements

Күлкілі болмаса да, болғаны дұрыс шығаааар :Р

Ескі футболка, юбка, кофтаны аласың, жағалы болса жағасын қайшымен қиып алып тастайсың (алмаса – жаман болады: ырым-жырым бойынша), тіпті бар ғой ескі орамалды алсаң да болады. Тегешке (тазик) су краннан немесе құдықтан су құясың (жылысы болса жылысын, жоқ болса суықты жылытасың: элементарно). Содан жуатын ауданға бір көз жүгіртесің: қай жерден бастасаң жуған жеріңді таптамайсың. И, сол жерге қарама-қарсы тегешті қоясың. Дайындаған тряпканы тегештегі суға салып жақсылап тұрып сулайсың. Суын сорғалатып еден жумайсың ғой, сондықтан оны сығасың: тряпканың ортасынан оң қолман (солақай бослаң сол қолмен) жоғары көтересің, екінші қолмен тряпканың екінші ұшынан ұстайсың да бір қолың сағат тілінің бағытымен, екінші қолың сағат тіліне қарсы әлің жеткенше бұрайсың. Әдетте, еденді екі рет сүртеді: бірінші – шаңын жинап, екінші рет –  сатал-сатал болған еденді жалтыратады. Ну егер еден жылдап жуылмаса, бірінші жуғанның орнына сыпырып алу керек дейді тәжірибелі Күлмауалар(Золушка). По обстоятельству қарайсың ғой, очм.

Так, бастайтын жерге барасың. Тряпканы ұмытпа. Еденге жаясың. Тізерлейсің. Тряпка ұзын болса – ортасына, қысқалау болса – шетіне қолдарыңды қоясың. Тізелер қозғалмайды. Оңнан солға алақанмен тряпканы еденге басып, ойша 8 жасағандай жүргізгеннен кейін, тізеңді келесі жуатын ауданға қарай қозғайсың: тряпканы еденнен көтеру міндетті емес, себебі қоқым-соқымды шашып алуың мүмкін.

Негізі бұдан ауырлау, бірақ тез әдісі бар, тізені бүкпейсің: қолдарың тряпкада, табаның еденде болады. Қимылдардың бәрі екінші абзацтағыдай.

Шынымды айтсам, одан да жеңіл әдісі бар: еден жуатын шаңсорғыш. Бірақ, он екі мүшесі түгел қызға (әйелге) оның қажеті не?!

Көбірек қимылдаңдар, адамдар 🙂

Айтқан адамға да, айтылған жандарға да ауыр тиеді деп ойлаймын. Қарғыс-сөз (бағыттаған, бағытталған) жібермейді, жолды болдырмайды деп сенемін, шынымды айтсам.

Тақырыпқа орай: автобустан бір ата түспекші. Кондукторға берер ақшасы жоқ па, әлде шынымен «маған төлеген» деген сөзі шын ба, әйтеу дәл түсерде кондуктор апаймен сөзге кеп қалды. Ата – кәрі. Сонда, апай сол атаның соңынан «менің басымдағы қиындықтар басыңа келсін» деп «шығарып салды». Сағат түнгі 10-нан кеткен. Жолаушы тәте «үлкен кісі ғой», «ақшасы жоқ шығар» деген сияқты аргументтер айтып еді, кондуктор апайымыз БАРҚ етіп оны да «орнына» қойып тастады. Ал, мен сол ата үшін төлей салдым… Аз да болса қарғысын жеңілдеткім келді.

Не де болса, қарғыс айтылсын-айтылмасын бәрі оралады: жақсы болсын, жаман болсын.

Әзірге, қызықты күндерде кездескенше.

Шошқа сиырға «ел мені жақтырмайды» деп мұңын шағыпты:

– Адамдар сенің мейірімге толы көздерің жайлы айтады. Әрине, сен оларға сүт бересің, май бересің, бірақ мен көбірек беремін ғой… шұжық, ет, тері, қыл, дажі сирақтарымды қайнатады! Сонда да, мені ешкім жақсы көрмейді. Неге, а?

Сиыр кішкене ойланып тұрып, тұрып:

– Мүмкін, мен оның бәрін өлмей тұрып беретін шығармын?!

Қайдан?

Себеп: ден-саулық үшін пайдалы, жастан сақтамаса кейін кеш болады. Ал, шындығында көктемде құрбымның тойы, соған фигураны жинайық деп жазылдық. (Біз сондаймыз ғой, қайтеміз енді 🙂 )

Құрбымның мені қайда жазғанын білмедім.

Бірінші күні степ-аэробика болады екен. Тв-дан көргенім болмаса… Адам қырғын… «Ввысь, левая, правая, степ, бла бла бла»… Айнаға өзіңе қарап қарап қоясың, басқалармен салыстырып та қоясың… Дұрыс шықпай жатса: «бірінші рет қой» деп өзіңді өзің алдап, жұбатып дегендей… Бір сағаттан кейін… Айнаға қарауға мұрша жоқ… Еще тренер «ТЕРПЕТЬ!!! Ноги держать!!! Восемь! Семь! …. » деп айғалайды… Елкины, қайдамын? … Аяғың дір-дір етіп, пресс дір-дір, бір кезде уже, басың дір-дір ете бастайды… Білмеймін, елде қалайын, өзім әзер шыдамадым…

Құрбым екеуміз де сергек шықтық… Бірақ… Ертесін… Эх…

Айтпағым, денсаулық кепілі – дұрыс тамақтану мен спорт (+басқа да факторлар) 🙂 Деніміз сау, көңіліміз көтеріңкі болсын, ағайын 🙂