Қазан 2010


Уортпрессте қазақша блогтар көптеп ашылып жатыр, ҚУАНТАДЫ!!!

Бәрінен бұрын өзіме авто.кз қатты ұнады 🙂 Мен, мысалы, машина жағынан шайнекпін (автокөлік менде болмаған и жоқ та), бірақ техникадан хабары бар/қызығатын адамдарды өте қатты құрметтеймін да, сыйлаймын да, жақсы көрем да, сүйем очм 🙂

Жаңа блогтың оқырманы көбееді деген үміттемін, тек блог авторы «лақтырып» кетпесе… Тематикалық блог болғандықтан, өз оқырмандарын тез табады деп ойлаймын (автокөлікке қызығатындар бар шығар арамызда?!)… ШІРКІН, қатып кеткен блог болайын деп тұр ғой…

Барлық жаңа блог авторларына табыс тілеймін 🙂 Көрші болайық 😉

Жаңа 3 Жаңа 2 Жаңа

Тақырыпты жалғастырсам )))

Бір тұрмыс құрған, мені сол жаққа қатты жібергісі келетін құрбым бар. Сол такси ұстапты. Таксист баламен сөйлесіп, сөзден сөз шығып, танысып дегендей. Сөйтсе, менің танысымның телефонын сұрамайды ма :))) Біздің қыздың бір қызық-қызық қылықтары бар ед, «Мен тұрмыстамын. Бірақ, менің супер подругам бар. Соның телефонын берейін» деген ғой… уахахаха Таксист түсіріп тастап кетіпті )))))

Неге сонша маған переживайт ететінін :))) Өлмеймін, қорықпащ…

«Дорога возникает под ногами идущего» дейді

Блогтағы ескі жазбаларымды қарап отырсам, мен де бір жаққа кетіп барады екенмін. Блогта неше түрліні бастаппын да – аяқтамаппын, неше түрлі сөз айтыппын, жазыппын, уаде де беріппін, нәтиже бар ма деймін? Көрмеймін… Артқа қарамай жүре беріппін…

Тоқта, Салтанат!!!… Уақыт, сен асыққанмен, жеделдемейді…

Ауылда үлкен кісі қайтыс болыпты. Қаладан өз ұлдарын жетектеп ұлдары келеді. Кішкентайлар не деген мақұлықтар екенін білмеймін, бірақ алған да иттің құйрығын керосинге батырып жағып жіберген. Бейшара ит өшірмек болып анда да, мында да үйкеледі, сөйтіп қысқа жинаған шөп өртене бастайды, қора жана бастайды, шипыр атылып, от лаулай бастайды. Құдай-тамаққа жиналғанның бәрі шулай… Өрт сөндіргіштерді шақырады… Өздері шелектеп су тасып өшіре бастайды, ит қуырылғанда өртсөндірушілер де келеді, үй киімдерін шешіп, жұмыс киімдерін асықпааааай киеді. Сосын, анау-мынау құралдарын құрастырып, ел өшіріп тастаған өрттің күлін өшіріп, анау-мынау құралдарып жинааааап, жұмыс киімдерін шешіііііп, үй киімдерін киііііііп, бипылдақ машиналарына отырып кетіп қалады.

Уот, сол… Заман бәрімізге тыныш болсын 🙂

Таңғы сағат 5. Қалтафоным шырылдайды. Әзер ашылған бір көзіммен қарасам – ол. Ұйқылы-ояу «әллө?» дегеніме үндемейді, қоя салдым. Екінші рет соғады. Уже ояныңқырадым. Сөйтсем, даусы кіп-кішкентай қыздікіндей бір бикеш. «Бұл кім екен?» деп бастап «Оны қайдан танисың?» дейді.

Сөйлесе келе, оның әйелі 87 жылғы екенін, одан туған екі баласы барын білдім. Ұйқым шайдай ашылды. «Көке, знаешь что, уайымдама…» деумен сөз доғардым… Бірақ, менен басқа қаншасы болған екенін бір құдай білсін… Менің басым/жүрегім онсыз да атылғалы тұр…

Эпилог: Оған

Балаларың үлкен азаматтар боп өссін.

Облом3 Облом2 Облом1