Сәуір 2009


«Почему эт я злой был… Потому что у меня велосипееда не было»

почтальон Печкин

Оқиға №1

Әкем аялдамаға дейін жеткізіп салатындықтан – бірге шығамыз. Подъездтің алдында 5-і қабаттағы аға тұр екен. «Сәлеметсіз бе?!» деп алдымдағы баспалдақтың бұрышын өкешемен басып, жерде төртаяқтап тұрғанымды байқамай қалдым. Тізем ДЗ ете қалғаны. Тұрайын деп басымды көтерсем, жолдан өтіп бара жатқан машинадағы жігіт тоқтап тұрып маған қарап тұр (не күлерімді, не жыларымды білмедім).

Оқиға №2

Кеше, өз банкімнің банкоматын таппай Альянс банктің банкоматынан ақша алдым. Негізі, комисионный алатынын білемін, сол қанша екен деп чекті қарап ілгері жылжығанымда… Каблукке не болғанын білмеймін, әйтеу төртаяқтап, еңбектеп қалдым. Сол тізем ДЗ ете қалды… ААЙЙЙЙЙЙ Ауырады ғой… Әрине, бұл әріптерді тіс артында қалдырып, ыспокойно, как будто так и надо, тұрып тіземді қағып-қағып кете бердім.

Оқиғалардың салдары: зеленка, джинсы, КРОССОВКИ 🙂 Екі рет бір тізеге «қондырып» отырған биік-өкше ресми түрде менің жауым – «өлімі» қоқыс-жәшігінде болсын 🙂

Қазақша открытка қалай болады?! Бірнешеуін жасап көрдім 🙂 Болашақта сапасы да мағынасы да өзгереді деген үміттеріңізді үзбеңіздер… (толығырақ…)

p1060482

(толығырақ…)

123– Түк әдемі емессің ғой…

– ҚАЗ шәшімді жайып жіберем!

***

– Менің мамам! – деп Балабидің папасы өз мамасын құшақтаса, Балаби ашуланып:

-ЖОҚ! Сенің өз мамаң бар!

– ҚАЙС?

– Әне тұр ғой, – деп өз мамасын көрсетеді дейді…

***

– ЖЕ!

– ЖЕМЕЙМ!

– ЖЕ дедім ғой саған!

– ЖЕМЕЙМ!

Табағын итере:

– ЕШЬ!

– ЕШЬ-пейм!

***

Ғанек бауын байлап жатқан Гүлекке:

– ООО Доп бещ! – депті

***

-іф…

– ій… Үйтіп айтпа!

Бірнеше күннен соң апасы Балабидің айтқанын орындамай қойыпты, сонда Балаби:

– Ал қайтесің іф іф іф… ,- депті қабағын түйіп

***

10 жасар А. кіші сіңлілеріне қарап үйреніп қалған екен. Қонақтар келіпті, бір күні. Арасында 2-лердегі ұл бала бар екен. «Туалетке барам!» депті әлгі бала, сосын А. апармай ма, бір кезде үлкен әпкесіне жүгіріп кепті: «Ана баланың түрсиіндегі емшегі мыжылып қапты!» деген екен.

Бүгін әкемнің әпкесінің туылған күні.  Сағат 7-і болмай әкемнің кенже інісі телефон соғады. Телефон тұтқасын мен көтерген едім, ар жағынан «СҮЙІНШІ!» дегенді түсіне алмаймын. Әжеме телефон соғып, қал-жағдайын сұрап, ертең-бірсүгүні барып, жеміс-жидек пен бір шоқ гүл алып, ползынок, андай-мындайларын апару керек 🙂

xxx1) «Морадбальс әңгімесі» аңызындағы есеп: Келіншек баққа алма теруге барыпты. Бақтан шығу үшін әрқайсысының жанында сақшылар тұратын 4 қақпадан өтуі тиіс екен. Бірінші қақпаның жанындағы сақшыға келіншек терген алмасының жартысын тастап кетеді. Келесі қақпадағыға қалған алманың жартысын береді. Үшіншісімен де дәл солай құтылады. Төртінші қақпа тұсындағы сақшымен бөліскен соң келіншек өзіне 10 алма қалғанын байқайды. Келіншек бақта қанша алма жинады?

2) «Мың бір түн» ертегісендегі есеп(458-түн): Биік ағашқа көгершіндер ұшып келеді. Көгершіндердің біразы бұтақтарға қонақтаса, біразы ағаш түбіне қонады. Бұтақтағы көгершіндер төмендегілерге: «Егер сіздердің біріңіз бізге ұшып келсе, онда сіздер барлығымызды қосқандағыдан үш есе кем болар едіңіздер. Егер бізден сіздерге біріміз ұшсақ, онда тең болар едік», – депті. Бұтақта, жерде қанша көгершін болған?

3) Абу-л-Вафа есебі: Үш бірдей шамалы квадраттың екеуін 8-ге бөліп үшінші шамалы квадраттан квадрат жасау керек.

4) Ибн Сина есебі: Егер бұл санды 9-ға бөлсек 8 немесе* 1 қалдық қалады, бірақ осы санның квадратын 9-ға бөлсек қалдығы 1 болады.

5) Ал-Каши есебі: Жұмысшының бір айлық/отыз күндік еңбек ақысы – он динар мен көйлек/жейде. Үш күн жұмыс істеп жейдені алады. Жейденің бағасы қанша болмақ?

Кітапты мына жерден көшіріп алуға болады.

* қате кетіпті, кешірерсіздер

Жауаптары: (толығырақ…)

Бой жазу: Аш қарынға қанша жұмыртқа жеуге болды?

1) Пуассон есебі: 8 және 5 литрлік сауыттарды қолдана отырып, лық толы 12 литрлік сауыттан жартысын қалай құйып алуға болады?

2) Диофант есебі: Кезекпе кезек қосқанда жиырма, отыз, қырық сандары шығатындай 3 санды табу керек.

Диофант – ертегрек математигі. Оның қанша жыл өмір сүргенін келсі есептен табуға болады екен: «Балалық шағы алтыдан бір өмірін алған екен, тағы он екіден бір өмірі артта қалғанда сақал-мұрты өсе бастаған, шаңырақты тағы жетіден бір бөлігі өткенде құрыпты, 5 жыл өте ұлды болып, ұлы әкесінің жарты өмірін сүргенде қайтыс болып, қайғыға батқан әке 4 жылдан соң өзі көз жұмады».

3) Фибоначчи (13 ғасырда өмір сүрген итальян ғалымы) көжектері: Біреу қос көжек сатып алыпты да, жан-жағы қоршалған қораға кіргізіпті. Егер ай сайын қос көжек тағы қос көжек туса, жаңа туылған қос көжек екі айға толғанда тағы екі көжектен дүниеге әкеп тұрса бір жылдан соң қорада неше көжек болмақ?

4) Тарталье (итальяндық,  бірінші болып үшінші дәрежелі теңдеуді шешу амалын тапқан) жылқылары: Қайтыс болған отағасы он жеті жылқыны үш ұлы тоғыздан бірден үштен бірден екіден бір қатынасында бөліп алсын депті. Әке өсиетін қалай орындаған?

5) Карфаген негізі: Карфаген қаласының негізінің қалай қаланғаны жайлы ерте әфсана бар. Дидона – тир патшасының қызы, қайын ағасы күйеуін өлтірігеннен соң, амалсыз Африкаға қашады. Нумийд патшасынан  «бір өгіз терісіндей» жер сатып алады. Келісім орын алған соң, Дидиона өгіз терісін жіңішкелеп қиып, бекініс салуға жарарлық жерді қамтып алады. Сөйтіп, Карфаген бекінісінен қаласы тұрғызылған дейді.

Енді, егер өгіз терісі 4 шаршы метр деп, Дидиона қиған жіңішке қайыстардың жалпақтығы/ ені 1 мм деп, бекіністің ауданының жуық сандық мөлшерін табуға болар ма екен?!

Қайдан таптым

Жауаптары: (толығырақ…)

сураккккЛев Толстой есебі

Қалпақ 10 сом.  Сатып алушы қалпақты көріп, бағасына келісіп, 25 сом ұсынады. Майда болмай көршіге ұсақтауға бала жүгіртіп жібереді сатушы. Бала жүгіріп келіп 10+10+5 майданы береді. Сатушы қалпақты, 15 сом сдачасын беріп сатып алушыны жібереді. Біраздан соң көрші ұшып келіп 25 сомның жалған болып шыққанын айтып, ақшасын қайтаруын өтінеді. Амал который, қайтарады.

Сатушын қанша ақшадан қағылды?

Сырға

– Таңертең, – депті бір қыз, – сырғамды кофге түсіріп алдым, кесе кофеге толы болса да сырғамды бір саусағымды да суламай алдым.

ҚАЛАЙ???

Өлшемді

Ұзындығы жоқ, ені жоқ, биіктігі жоқ, а бірақ өшенеді. Ол не?

Нешедесің?

Бір бала: кешенің ары күні мен 10-да едім, келесі жылы мен 13-ке толамын.

Мүмкін ба?

Жаңбыр жауар себелеп

Жаңбыр астында қалған екен бір адам: ешжерде, ешнәрсемен жаңбырдан қорғана алмапты да үйіне су-су боп жетіпті. Бірақ бір тал шашы да су болмаған. НЕГЕ?

Жауаптары бар есептер

Телепат әр адам бола алады екен. Ол үшін күнделікті жаттығу керек. Қалай? … Сөзі көп бірақ, бір сөйлеммен айтса: миды өшіру керек. Былай дейд та: көзді жұмып, денені босатып, миды өшіріп, сұрақты қайталайсыз, мысалы «Айконың жасы нешеде?». Сонда, екі көздің ортасындағы «үшінші көз» Айконың жасын көрсетуі керек дейді.

Мидың екі аймақтан тұратынын білеміз: оң жағы қиял, тілге бейімділікті, интуицияны анықтайды, сол -кеңістік ойлаумен, логикамен байланысты.  ИЯ! Ер азаматтардың миының сол жартышары дамыңқыраған, ал біздікі – оң. Телепат болу үшін оң жақ миды дамыту керек деседі. Тіпті, сол қолмен жазу жазсаңыз, сурет салсаңыз да сіз оң жақжарты миды «қозғалдырасыз».

Автобуста келе жатып, машиналардың нөмірінің бірінші санын таппақ болдым. Бірнеше дөп түскендерім болды, алайда ықтималдық теориясы бар, бірақ … мен де телепат, балгер, шаман, тамыршы бола алатын шығармын, а?! 😉

051) Ерлі-зайыптылар. Жұбайы душтан шыққан соң, күйеуі өзі жуынуға кетеді. Есік қағысына әйелі, шала-пыла киіне есікке жүгіреді. Табалдырықта – көрші Боб әйелді көре былай депті: «Киіміңізді шешсеңіз сізге 800 доллар беремін!». Әйел 2 секунд ойланар-ойланбастан айтқанын істейді. 800 долларды біріп Боб кете береді. Күйеуінің «кім екеніне» әйел «көрші Боб» десе күйеуі «Маған берешек 800 доллар туралы ештеңе демеді ме?» депті.

2) Священник монашканы жеткізіп салуға келіседі. Машинаға отыра монашка аяғын айқастырып, санын ашып отырады. Аварияға ұшырай жаздап, білдіртпей қолын монашканың санына қояды. Монашка: «Отец, 129-Псалом есіңізде ме?». Қолын өзіне тартады. Жылдамдықтарды ауыстырып қолын қайта санға қояды. Монашка қайталап: «Отец, 129-Псалом есіңізде ме?». Священник кешірім сұрап «Кешіріңіз, сестра, тән азғыры ғой» деп ақталады. Монастырьге жеткенде монашка күрсініп шығып кетеді. Священник шірекеуіне жетіп 129-Псаломды тапса «Иди дальше и ищи, выше ты найдешь счастье» деп тұрыпты.

Түйін: өз жұмысыңызды толық білмесеңіз көптеген мүмкіндіктер көз алдыңыздан өтеді.

3) Күркетауық бұқамен сөйлесіп тұрыпты. «Мына ағаштың төбесінде отырса ғой, – деп күрсініпті күркетауық, – әттең күшім жетпейді». «Неге менің жаңа тезегімді шұқымасқа? – депті бұқа, –  пайдалы заттарыға толы». Күркетауық тезекті шұқып-шұқып әлденеді де ағаштың төменгі бұтағына отырады. Келесі күні тағы шұқып жоғарғы бұтаққа көтеріледі, соңында күркетауық ағаштың (толығырақ…)