Қаңтар 2011


Жақсы бастық пен «қойшы» бастықтың қоластындағы адамдарымен қарым-қатынасы туралы 9 ереже*:

1) қойшы бағады, бастық бағыттайды;

2) қойшы әрқашан өз билігіне/шыбығына жүгінеді, ал нағыз бастық өзі бағыттайтындардың көмегі мен жақсы түсіністікке жүгінеді;

3) қойшы өз қоластындағыларға өсек, болжам және сөздер әлемінде өмір сүруге жол береді, ал нағыз бастық өз қоластындағыларды барлық жағдайларды хабардар етуге, әртүрлі қиындықтарды, сұрақтарды шешуге шақырады және кәсіпорын қиындықтарын өз қиындықтарына айналдырады;

4) қойшы әрқашан «мен» дейді, бастық өзі жұмыс істейтін және қоластындағы коллективтің басын біріктіріп «біз» дейді;

5) қойшы «осында уақытында болатын болыңдар!» дейді, нағыз бастық өзі әрқашан уақытында келеді;

6) қойшы барлық қателерге кінәлілерді іздейді, бастық болса оларды түзетеді;

7) қойшы не істеу керегін біледі, ал нағыз бастық қалай істеу керегін көрсетеді;

8 ) қойшы еңбекті мыжыма, мылжың, қызықсыз процесске айналдырады, бастық еңбекті адам қажеттілігіне айналдырады;

9) қойшы «былай істеңдер» дейді, ал бастық «былай істесек қалай болады» дейді.

* Психология менеджмента: учебное пособие для студентов вузов/ А. М. Столяренко, Н. Д. Амаглобели. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005. 504 бет.

Жаңа жылдың бір айы өтіп кетсе де, 2010 жыл менің өміріме талай-талай өзгерістер енгізді, 2011 де неше түрліні дайындап қойған сыңайлы…

54 жазба Балғырғанға жазыппын;

31 жазба Қолөнерге жазыппын;

18 рет блогшылармен кездесіппін;

16 рет йогаға, 12 рет аэробикаға, 2 рет вокалға барыппын;

6 рет жұмыс ауыстырыппын;

6 рет агент арқылы танысқан жігіттермен кездесіппін (бірімен әңгімеміз жараспады);

4 рет сыныптастарыммен кездесіппін;

2 рет «Хабар» телеарнасынан көрсеттіліппін;

2 кітапты бастан-аяқ оқыппын;

2 рет басқа қалаға барыппын;

1 рет 5 жыл көрмеген құрбыммен кездесіппін де, «қайта 5 жылғы жоқ болсам ба?» деп ойланыппын;

1 рет жүрегім жарылыпты да, енді жібіместей қатып қалыпты;

0 рет шетелге шығыппын;

0 рет тұрмыс құрыппын;

0 бала туыппын;

0 кітап жазыппын;

0 тіл үйреніппін;

0 жоба жасаппын.

Сонымен бітті… Бір жылда жеткен «жетістіктерім» осы ғана … 2010-ға өкпем жоқ, 2011-ді құшақ жая қарсы алып алдым 🙂

«Әні жазам, міне жазам» деп жүргенде фотолар сарғаймай тұрғанда, жариялап тастайын 🙂

«Сіз»-деп бастап аяқ-асты «сен»-ге көшіп кеткенде елдерде шок… Әсіресе, керісінше болғанда тез байқалады… «Сен сен сен» и раз «сіз»…

Ондай реакция болмас үшін бәрін бірдей «ОЛ» деп қатырса ))) «Сен» де жоқ, «мен» де жоқ, «сіз» де жоқ… Тек «біз» бен «ол» 🙂

Сенбі сайын киім сөрелерін жинайтынмын. Бұл процедураның қаншалықты маңызды екенін білмеппін да…

Мысалы, киімді жинау әдісіне қарай кейін киімді үтіктеуді жеңілдетуге, орын үнемдеуге, іздегенде тез көзге түсетіндей қаттауға болады. Киімді түс-түсіне бөліп, кірін бір бөлек, тазасын бір бөлек, қысы мен жазын бөлек, бас киім, шалбар, юбка, т.т. бөліп, топтағанда мен тынығып қалады екенмін. Білмеймін… Бұны қалай түсіндірсе болады екен?!…

Өмірді сөрелерді жинағандай жинап тастаса 🙂