2 желтоқсан. Сәрсенбі. Таңғы сағат 8:30-8:45

Әжемді Шалқар радиосынан естіп, мәз болдым…  🙂 Көңілім көтеріңкі.

Бір айдай бұрын екі бір-біріне ұқсас жобаларды екі топқа бөліп берген еді. Бірін қыздарға, екіншісін жігіттерге. Әр топта екі-екі адамнан. Кейбір себептерге (Ж. декретті демалыстан шыққанына 2 ай болған+мені басқа «жедел» деген жұмыстарға суырып тұрды+жалқаулық+нақты мерзімнің жоқтығы, т.т іздесең көп, естественно өзіңді жақтауың керек) байланысты менің тобым үлгермей жатты.

Содан 11-лерге таман бастығымыздың 120 кг-ға «қыздарға көмектес» деген сөзіне дөрекі түрде жауап қайтарды.

Түскі ас уақыты. Кеңсе бойына өсек тарады – «120 бастыққа гендирдің көзінше хамить етіпті де, гендир 120-ның өтініш жазуын сұрапты» деген.

Сағат 14-тен кете гендир бәрімізді шақырып, тәрбиелік әңгіме «айтты». Біз өз жұмыстарымызды 120-ның тобынсыз-ақ істейтінімізді қолдаттық/көндірдік.Көңіл-күй жоқ.

Түнгі 11-ге дейін отырып, «үлгеретінімізді» сезіп үйімізге қайттық.

3 желтоқсан. Бейсенбі. Таңғы сағат 8-ден кете.

120 кг да ерте кепті жұмысқа. Привет-привет… Бір кезде, бізге біздің дұрыс еместігімізді түсіндірмек болып, маған сөйлеп жатты. Оған Ж. шыдамады қарсы жауаптар кетіп жатты. Үндемей тұрғанда ғой.  120 кг басына қан көтерілді. Боқтай бастады. Біз в шоке. «Қойсайщ!» дегенге тағы болмай одан сайын оталып Ж.-ны 3 әріпке жол сілтеді(айта кету керек бірнеше рет). 30 метрдей жерде отырған Ж.-ның күйеуі атып тұрып, боқтық сөзге боқтық қосылып, бастықтарға қоңырау шалынып. Содан 120 Ж.-ның жұбайының тұмсығын бұзды, якобы 120-ғаға стакан лақтырғандықтан қол көтерген. Ж.-ның жүйкесі қатты екен, мен жылап жібердім.

Содан

Содан көп сөз болды, шып-шып өсек… Бухгалтерия «қыздарға» деп валерьянка беріп жіберіпті :)))

Немен бітті дейсіз ғой?! 120 өз еркімен кетуге өтініш жазды. Қол қойды ма, қоймады ма білмеймін. Ж.-ның жұбайын дигностический центрге алып кетті(4 сағат болды, әлі жоқ).

Ал, мен кеттім жұмысымды бітірейін…

Ұқсас жазбалар

Жұмыстағы конфликт бүкіл коллективтің көңіл-күйіне әсер ететіні сөзсіз. Бәлкім, 3-4 реттен соң «ет үйреніп» те кетер… әй, бірақ қайдам…

Ер(Y)-генділердің арасына түскен «шоқты» жұдырық өшіре алатыны АНООООУ біржасушалылар кезеңінен келе жатса керек.  «Сызбаны 5 рет қайта сыздым» деп сыртқа шығып «мәселені» шешу, мұрынды бетпен теңестіру, қарда/топырақта аунау – романтика шығар, ия?! Қан қайнап тұрғанда жұдырыққа, аяққа жүгіртіп, реті келсе сыртқа да шығарып, көйлекті, қарды/топырақты қызылға бояп, жұлқылау/сілкілеу, елді шулату, өсекші елге 3 күндік әңгіме сыйлап… Кім біліпті?! жай ғана көзбояушылық/арзан понт(c) , жай ғана қораздану, «ЕРМІН!» деп кеуде соғу болған болар, десе де жақсы емес…

Ер азаматтардың арасында отырған маған, шынымен, қиын. Олардың «понятиесі» өзге… Қазір тіпті… О құдай, сақтай гөр… «Давай, выйдем!» деп жұпыр-жұпыр (4 ер жігіт: екеуі ажыратушы) сыртқа шығып кеткенде жүрегім тас төбемнен шықты. Бастықтарға «жеткізіп» салғаным «понятиеге» қарама-қайшы сияқты…

Жұмыс орнында төбелес орын алса, ұжымда бір шикілік барының белгісі болар?! Айтпағым, «корпоративті мәдениет» деген сөз біздің ұжымда атымен жоқ. Ұжымдық құрылымның осалдылығы, кәсіби менеджердің жоқтығы(салдарын да білерсіз: тапсырманың нақты болмауы, жұмыстың бабы мен мерзімін қадағалаудың болмауы, т.т), бастықтар мен қарапайым қызметкерлердің арасындағы қарым-қатынастың бір жақтылығы, қателердің көптігі, бәлкім мамандардың кәсіби дайындығының төменділігі, тағысын тағы толып жатқан себептер ұжымдағы көп түсінбеушіліктерге әкеледі(деп ойлаймын).

Өзгерісті төменнен емес, жоғарыдан бастау керек… Кеңес кезіндегі түсініктері әлі ауыса қоймаған ұжым-басшысының көзқарасын өзгерту оңайға түспес…