greenАлматыға жаңа көшіп келген кез… Алғашқы пәтеріміз… Ремонт жасауға тиын-тебен аздау… Жамауға келетінін жамап, ауыстыратынын ауыстырып «адам» кейпіне келтіруге тырыстық (тырысты 🙂 ). Балалар бөлмесінің керегеқабы (обои… тілмаштардан кешірім, қазақшасын білмеймін) «іске» жарамайды екен, мен ол кезде 11-12-лердемін, менен кейінгілер одан да жас екенін түсіну үшін математиканың 1-2 сыныбы да жеткілікті. Сөйтіп, бөлмеміз жап-жасыл боп шыға келді. Керегеқаптағы жануарлар жасыл алаңда жүргендей әсер береді, көздері «табақтай» дәу, ыржитып қойған бәрін,  құстары да, шыбын-шіркейі де бар, жалпы балалардың бөлмесіне арналған ғой. Айтпағым – сол керегеқаптан бір орама (рулон) қалыпты – тастамайды ғой енді. Сөйтіп, әжетханаға жапсыра салмай ма… Әжетхананың өлшемі 1,5х2х2,5… Кірсең есік тура мұрныңның жанында тұратын… Сосын ана қағазды жапсырған соң, кірген адам жымиып шығатынды шығарды… «Сол күннен бастап… әжетхананның лағап аты «комната смеха» болып кетті» дейді үйіші.

Қазір ол пәтер де, керегеқап та жоқ… А, «комната смеха» әр үйде бар 🙂