«Әрбір фильмді/кітапты бір ғана сөзбен сипаттауға болады» деп бір құрбым бір жерден оқығанын айтқан еді. «Санктумда» өлімді көп көрсеткеніне қарағанда, өмір туралы айтқысы келді-ау деймін.

Жаңбырдың тамшылары жылдап, ғасырлап тасты қашап, мұхитқа жетер жол тапқан ғой. Сонда ойлаймын да, әрбір тамшының ұмтылатын мұхиты бар шығар, да?! Бірақ, жалғыз тамшы не ол? Бар болғаны бірнеше молекула. Мың жыл жаңбыр жауды, өзен болды, мұхитқа жетті. Мұхит деген не ол? Шындығында, бірнеше молекула. Шыр-көбелек өмірде, неужели, бәрі сол: молекуласың – тамшысың – өзенсің – мұхитсың – молекуласың. Айналып бастапқы қалпыңа келе бересің, келе бересің… «Надоел, тоқтащ!» десе… Шіркін-ай!

«Следуй за рекой» деп миллиард рет айтпаса да, миллион рет точно айтты… Былай сияқты: тамшы – құраушы, өзен – бағыттаушы, мұхит – басты мақсат. Алайда, олардың заты бір – су. Енді қараңыз, адамдар – құраушы, қоғам – бағыттаушы, басты мақсат не? Жауабын таппадым…

Қумай дұрыс әңгіме айтсам, кино жақсы дер едім. Кинода адамдардың қарым-қатынасы, қисық-қыңыр жағдайда адам қалай өзгеретіні, әке мен бала, былай айтқанда психология көрсетілген сияқты… Өте ауыр да емес, тым жеңіл де емес.