Шілде 2009


Үйреншікті тілмен жазайыншы, а то болмай қалады 🙂

Зыпы  = З/п – заработная плата

***

Сен едің сезімді еріксіз баураған,

Көңілдің алауы бір сен деп лаулаған.

Сән-көркің көз тартып,

Жүректі жаулаған.

Зыпым-оу, қалқышы қайтадан көгімде,

Сен едің аңсарым, күтерім өмірде.

*** (толығырақ…)

осы өмірге ылайық...Той дегенді өз басым жақсы көремін, бірақ басыма той әлі бұйыра қоймағандықтан басқалардың тойына қызыға қарайтыным да бар.

Тойдың атмосферасы ұнайды: «өп!» деп мейрамханаға кіргеннен әдемі-әдемі, түрлі-түсті көйлектер киген ұл-қыздар жүгіріп жүреді, үстел қамын ойлаған жеңге, асабамен сөйлескен ағалар да, шаңырағы кеңейген ата-ана қуанышы… Бәрі бәрі ауады ұшып, қалқып жүреді…

Зере өз тостын айтты, мен тойда айтсам «Айтылған тілектерге толығымен қосыламын» деп «құтылып» кетер едім, Зеренің айлық үлкендігін қолданып қалып 🙂 Сосын 8-үстел «три-четыре АЙ ДА ТОООСТ» деп шатыр-шұтыр стакан соғыстырар еді 🙂

Қуаныш пен Әселге бақыт, мәнді де сәнді ғұмыр тілеймін.

Бір жұп өздерінің «алтын тойын» тойлап жатыпты. Сонда бір журналист қыз келіп: «Апа, сіздің сонша жыл бойы жұптарыңыз жазылмай, қолтықтасып келе жатқандарыңыздың сыры қандай?» депті. Апа көп ойланбастан «шыдамды болу керек» деген екен.

Семейная жизнь оңай еместігін айта береді, айта береді, оларға сенбеңдер 🙂 бәрі өтірік 🙂 Бір-біріңе сенсеңдер болды дер едім 🙂

«Сендерге әрдайым орын бар,
Ақ отау төріне қоныңдар
Ақ тілек батамыз, мінекей,
Бақытты болыңдар, болыңдар!»(с)

Әр халықтың өз әні бар, өз әуені, өзінің жанына жақын дыбысы мен дауысы, аспабы да, әндету  мәнері де… Бәрі бәрі өзіне сай… Қазақтың да…

Кең даланың үнін, бұлақтың сылдырын, ат дабырын, күннің атып-батқанын, бәйшешектің қар қарып шыққанын әнге қосқан, жеткізе білген. Тыныштықты тыңдай білгеніміз шығар… Жыласақ та әндетіп жылаймыз, күлсек те, адам туып, өлгенде де аузымыздан әніміз, үйімізден домбырамыз кетпейді…

P.S: Эстафетаны Асқар Исабеков бастаған еді, мен жалғастырдым. Мүмкін мен жеткізе алмаған да болармын, ақылды сөздер қосып жазғанымнан да ештеңе шықпас, қазақты түсінемін десеңіз әнін/күйін/термесін тыңдаңыз…

***

У каждого народа есть песня, своя мелодия, звуки и голоса близкие своей душе, и инструменты, и стили пения… Всё всё всё… И у казахов…

Воспевали, умело преподносили звуки бескрайних степей, журчание воды, топот лошадей, восход и закат солнца,  пробуждение подснежников. Может умели слушать тишину… Плакали и смеялись с песней, рождался человек с песней и умирал с песней, а домбра была всегда в доме…

P.S: Эстафету начал  Асқар Исабеков , я продолжила. Может я не смогла донести суть, к тому же ничего бы не вышло используй я заумные слова, если хочешь понять казаха послушай его песни/куйи/терме(читай как фольклор) …

Алтыншы сөзді Ақзере өзіңе жазуға тапсырамын 🙂

Эстафетаның идеясын қазақ тілді аудиторияға аударып көрейін:

Менің ұсынысым – қазақтардың(кең, мемлекеттік мағынада) 45 оңтайлы ерекшеліктерін тауып көрейік те «Нақыл сөздері» немесе «Мақтаныш сөздері» (жай ғана «Ақ сөздер») деген кітап жазайық. Мақтан тұтатынымызды жазып, соны дамыта түсеміз. Осындай кітапты оқып отырып ойлаймыз – а бұл мен туралы ғой. Бұл қайдағы жоқ шенеулік туралы емес – бұл мен туралы, менің елім туралы. Ал шенеулік – бұл мен туралы, менің елім туралы деп ойлайтындай. Осылайша біздің жақсы ерекшеліктеріміз дами түседі. Мүмкін, еріншектігіміз кетіп, мүмкін жұмыс көп атқара бастаймыз. Нәтижесі Абайға жетеді деп үміттенбеймін де. Тіпті, ондай мақсат та жоқ(мүмкін соған талпыну да керек шығар). Мақсат біздің жақсы жақтарымыз жинақталған кітап құрау. Бәріне арналған. Бәріміз білетіндей. Біздің жақсы ерекшеліктеріміз бар, біз білуіміз керек ол туралы. Мысалы, менің әкем, химик болса да, айтатын:  «Қазақтар – жақсы математиктер» деп. Енді, мен де жұбайым да математиктерміз, жарты достарымыз математиктер. Сосын, біз Мәскеуде оқып жүргенде 2 вундеркинд оқыды, бірі 13-те, екіншісі 14-те елдің ең басты ЖООсына түскен. Екеуі де қазақтар болған, екеуі де математиктер. Егер біз әрдайым қазақтардың математикаға деген икемі бар екенін есте сақтасақ, соңында дана математик туармыз. Мүмкін ондай даналар көп болар, мүмкін өзіміздің математика мектебін құрармыз.

Сонымен, «бірінші сөз» – қазақтар – жақсы математиктер!

«Бірінші сөз» бұл тек бастама. Бастау – істің жартысы. Келесі жартысын мен келесідей қылуды ұсынамын:

1)… Өтінерім, эстафетаны басқа адамға беріп отырыңыз, тақырыпқа немқұрайлы қарамайтын адамдарға. Әрбір сөз мақтаныш оятатындай, өзің мен өз елің үшін. Әрбір оқыған адам – «Ия, біз осындаймыз!» дейтіндей.

2) «Сөздердің» қатары байқалатындай, жазбаңызға эстафетаның жылжу бағытын көрсетуіңізді өтінемін. Мысалы, «23 сөзді» Жәке Кекелеске бердім, т.т деп. Тіпті 45-тен асып та кетсін. Біз ешкіммен жарыспаймыз ғой. Таңдау болсын.

3) Қазақшадан орысшаға, керісінше де бәріміз жабылып аударамыз деген үміттемін. Кезкелгеніміз түсінетіндей болуы маңызды. Сосын, әрбір сөзді әдеби шығарма сияқтандыра жасайтынымызға да үміттенемін. Мысалға, менің жазған «қазақтардың – жақсы математик» дегенім «сөз» болуға жарамайды, оны білемін. Бастысы, идея жинау. Сосын барып оларды әдеби күйге жеткізу.

4) Кітап сөресі кітаптарға арналған. Екі тілді осы кітаптың орны сол сөреде деп ойлаймын. Әрине, егер автор мырза/ханым қарсы болмаса.

5) Тіпті, біреулер әрбір сөзді суреттермен көрсетер. Сонда, кітапты басып шығаруға да болар еді.

6) Бұл идея. Егер біз 45-ін жинай алмасақ, ол біздің мақтанатындай дымымыз жоқ, түкке тұрғысыз халық деген емес, ол менің идеяны дұрыс жеткізе алмағанымнан немесе әрекет жоспарын дұрыс құрмағанымнан. Іс орнынан қозғалатындай, менің қателігімді түзеп жіберіңіз.

7) Постты жазып отырып, тағы ойлар келді – «біз әуесқоймыз», «біз шыдамдымыз», «біз данамыз»… Сонымен эстафета – «Нақыл сөздер»

Орыс тілді нұсқасы.

Ескерту: Үзінді сөзбе-сөз аударылмаған. Қателігім болса поштама не пікір ретінде жазуыңызды өтінемін.

Пысы: Жоғарыда көрсетілген сілтемеден қарасаңыз, қазақтың ерекшеліктері жеткілікті-ақ… Бірақ, кері әсер етіп кетті ме, негатив ойлар басып асырылды. Идея жақсы-ақ, жай ғана қазақты қазақтан басқа кім түсінер дейсіз?!

Ескі-құсқы архивтерден…

көк пен жер

айна

бақ-бақ

Авторы: Салтанат Н. Е.

Ескі-құсқы архивтерден…

тотықұс

күшік

тал

Авторы:  Салтанат Н. Е.

Салтанат: «Ерте жатсаң, таңертең тұру қиын екен. Кеше…»

Финансист:  «Айтпа, бірақ бар ғой ішкі будильник босқа ұйқы бермейді екен».

Альмира(сіз білетін емес):  «Менде точно солай, кеш жатсам тез тұрамын. Әпкемдікінде…»

Ф:  «Әпкем келді да ауылдан, қалада ваща жата алмайды. Ауылда рахат қой, 4-5 сағат ұйықтасаң да қанып қаласың. Ол жақта воздух свежий».

А: «аХХа… Біздің ата сағат 5-тен тұрып алатын ғой. «Ей!» деп сосын…»(жестикуляциясы бар)

Ф:  «Ой, айтасың… Мен будильник қоямын да, таң ата көзімді ашып «сағат 5 болса ғой» деп соткаға қарасам 7-ге 15 минут қалып тұрды. А так хочется поспать».

Біз: – УААХАХ точно точно (сіз-ақ сөйле)

Сөзді жөні жоқ бөле беру деген қызық екен. Былайша, тіпті жағымсыз көрінетін сияқты… «Хей! Тоқта сөзімді бөлмесеңші, сөйлеп тұрмын ғой» дейтіндей емес – үлкен кісі…

Сөзді бөлмеу әңгіме-думанның бірінші қағидасы емес пе?!

Бір Ой болыпты. Мекен жайы Мида екен. Дене Республикасының ең энергоемкий аудандарының бірі, әрі Басқару жүйесінің тұрақты тұрағы болса керек.

Көз джимайлға хат жолдап, Құлақ дауысты/дыбысты СМС жазып, Тері неше түрлі спам лақтырып, Тіл ханым импульстар жіберіп, Мұрын мырза қорап-қорап пәсілке жолдап, Мидың ел танымайтын өгей деп саналатын 6-ы баласы да азды-көпті, жетер-жетпес ақпарат беріп, қайтесіз әйтеуір ел жабылып Ойды туғызып алыпты. Шілдеханасы 0,01 нсек болар болмас жиналған жұрт келесі толғақ «қызығына» кетіпті.

Акушерлерінің берген ақпаратына тоймаған Ой Архив атаға барыпты(физикалық тұрғыдан ата өзі Ойға келеді ғой). Архив ата **-і болса керек, бейшара бала-Ой біріншісінен бастап соңғысынан дейін қыдырмай, 24-і «болуы мүмкін» деген ендері барларға сілтепті. Аталар аздап қартаяйын деген ба «солай ғой деймін» деген жауаптарына налыған Ой өз тумаларына барыпты, ақылдаса отырып, олардың тәжірибелеріне жүгіне отырып, «жұдырыққа жұмыла отырып» 5 ағайындыға ашық  хат жазыпты.  Тілеуін бергірлер лезде басқа Республикалардан, Материктерден, Ғарыштардан барлық ақпарат жинап беріпті. Ой рахметін айтып, жаңа «азыққа» толығып, қорыта бастапты… Бәрібір Ой ойынан ойы кетпей қойыпты… Тумалары қолдарын бір сілтепті «шизик» деп, 5 ағайынды Республиканың қамын қамдап Ойға қолдары жетпепті, Архив ата куәліктің мерзімі өтіп кеткенін айтып жібермепті… Сүмірейіп Ой анда сандалып, мында сандалып энергиясын тауысыпты да Пассив ауданына көшіп кетіпті.

Әлденіп Ой Пассив ауданынан қашып шыға беріпті, шыға беріпті. Вообщим, Миды ашуландырғаны сонша, Ми Ойды суырып алып, Бүкілденелік жиынға салыпты! Қуанышы қойнына симаған Ой жарылыпты да қалыпты, прикиньте… Ішінен шыққан Шешім деген көбелек типтес қанаттандыратын субъект Миға жаңа Белестерді көрсетіпті.

🙂 Журналистсымақпын* ғой, ойымды жай сөздермен жеткізе алмаймын. Айтайын дегенімді түсінген шығарсыз 🙂

* Түзету – 23.07.2009

көмектесіп жіберіңдерші, адамға...Райымбек Батыр мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында тұр бұл жарнама. Аяп кеттім біртүрлі…

Ни за что в жизни не догадаетесь!!! Кім блог ашты білесіздер ма?! Ауруы қалса да топаз әнектері қалмайды…

Жаңа блог концеляриясы(с) өз оқырмандары мен пікіртастаушыларын, тырқылдаушылардын күтуде! Әнещниктің шайіне кеттік, қыздар-балдар 😉

Шынымды айтсам, қуанышым қойныма сыймай отыр(дождалась деген осы шығар)… Блогыңыз жандана берсін, күлкіге толсын, көтеріңкі көңіл-күй отауы болсын, әнещник!!!

кел, билейік (толығырақ…)

Келесі бет