Мамырда болған жағдайды естіген адам бас салып аяай бастайды, түрлі-түрлі ақылдар айтылады. Соның бірі – мумие! Айтуларынша, барлық аурудан емдейді, сынықты жапсырады, жараны жазады, т. т. Алтай өңіріндегілер жақсы біледі-мыс. НЕДЕН жасалатынын ит біле ме?!
Мысалы, келесідей ақпарат:
– Наварра патшасының дәрігері – Гий де ля Фонтенге александриялық саудагер мумиеның 40 түрін көрсетіпті, барлығы делік өлі құлдардың денесінен жасалған екен;
– 1656 жылы ғалым Блаунт мумие бальзамдалған адамдардың өлігінен жасалады деп болжаған;
– Индиядағы мумиеның аналогы – шаладжи. Оны Буруни ұсталынбайтын балықтың саз-құманға салып шайқаған майы дейді. Басқа да нұсқаулар бар: тау-текелер некелік периодында бір шұңқырға кіші дәретке барады екен, жиналған зәр күнге қарайып, қоюланып смолаға ұқсас болады екен. Кейбіреулер: шаладжа – таудың түбінен шығатын сұйықтық деседі. Үнді емшілері ең қарасын және иісі сиыр зәріне ұқсайтынын алады екен.
– араның у қоспасы бар қазбалы бал; жабайы бал-араның бөлінділері; күміс полевканың тас болған экскрементері деген де болжам бар;
– Папенконың айтуынша: жарақаттанған ағаш бұтақтарынан аққан сұйықтық таужыныстарының жыралары арқылы өтіп жаңбыр суымен шайылады. Сонда су буланады да, смола қалып қояды;
– Мырзакаримов вулкан әрекеттерімен байланыстырады;
– Норошин К. Т. : битум мен тау балауызының(воск) бір түрі, парафинді көміртектің жазықтықтық(поверхность) өзгеруінің нәтижесі.
Осыларды оқығаннан кейін «стоит-не стоит» деп ойланып отырмын. Дәріханаларда төрт жүз теңгедей тұрады. Алып ішу қиындық тудырмайды… Алайда…
Қыркүйек 26, 2008 at 5:53 тд
Тек құлдардан ғана жасалған болса – алуға болад, күңдер араласпаған болса – болғаны, әжесстің!…
Айтпақшы түсінбедім: құлдар денесінен жасалған мумияларды көрсеткен бе, әлде – мумиЕлерді көрсеткен бе, ле Фонтен әжесске?
Қыркүйек 26, 2008 at 6:34 тд
Сатыбалды?! қош келдің
Қазіргі мумиелер тазартылған дейді… Жұмыстағы біреу «өзім жинағанмын, иісі сасық, былқылдаған масса. Тазарту үшін бір күн қайнату керек» деген еді…
20 таблеткасын алып көрсем ба? өліп қалмайтын шығармын…
Айтпақшы: мумиЕны де ля ФонтенГЕ көрсеткен
Қыркүйек 30, 2008 at 11:37 тд
хмм мен мумиеның пайда болуы турал басқа нәрсе естіп едім.
тау тастарда тышқан сияқт ұсақ жәндіктердің экскременттерерінен:))) сосын, сондай ұсақ жәндіктердің қалдықтарынан құралады деп:)
Қазан 6, 2008 at 7:52 тк
Сонымен, іштің бе? 🙂 Көптен көрінбей кеттің… Блогыңның оқырмандары алаңдаулы күй кешуде… 🙂
Қазан 7, 2008 at 6:12 тд
Айко да көптен бері көрінбей кетті. Бірге ішпеді ме екен?…
Қазан 8, 2008 at 10:12 тд
🙂 ой балдарики күліфартмдачы
Сәке негізі демалыста жүр қазр.
келесі аптада кеп блогына небір күчт ифно жазар деген үмітемін …
Қазан 8, 2008 at 3:41 тк
е,е, бәсе.
Қазан 13, 2008 at 4:27 тд
аманмын :))
ішіп жүрмін, ненің/кімнің экскременті болса да, суды көптеп ішпесең дәмі деген… УЖАС… иісі, жай ұстағанның өзінде қолға сіңіп қалады екен. сосын, ештеңе өзгерген жоқ сияқты. Сақтықта қорлық жоқ деуші ма еді?! 🙂
инфо демекші, жинауын жинадым, түсіруін түсірдім, жақын арада, қол тигенде, жариялармын 🙂
Қазан 13, 2008 at 6:08 тк
durys paidasy kop
baz bir kitaptarda mumienyn jazbaityn auruy joq
Наурыз 25, 2011 at 4:51 тд
[…] “сусабынға мумие қосса шаш қатаяды” Аздап шашты құрғатқаны болмаса, […]
Сәуір 30, 2017 at 9:46 тд
Мумий мен мумиены араластырып шатыстырып жіберген сияқтысыз. Сіз айтып отырган мумий ол басқа. Ал қазйргй мумие деген , ол – таулы жерлердегі тастардан алынатын , кысқаша айтканда тастын сығындысы сиякты нәрсе. Орыстар оны тастың майы деп те айтатын сиякты. Корыкпай-ақ қолдана беріңіздер. Ол табиғи емдік нәрсе. Тек дәрйҺанадан алудын онша кажеті жоқ. Олар обработкадан каттырак өткізіп жіберулерй мумкйн. Емдйк касиетй томендеу шығар. Оны колдан сататындардан йздеу керек. Бйрак оңай жерде нан жок… Колда самопал мумиелар да болуы мұмкүн . сондыктан бйлетйн танитын адаммен кеңесіп,тексертйп алган жаксы. Ал емі ин шә Алла, сөзсіз. Колдшүкірбіраз пайдасын көргенмйн. Аллага шүкір
Оликстен » Шымкент
Мумие» десеңіздер шыгады айтпақшы. Таза