Тамыз 2009


Қызықсыз болса да, мынаны жарияламақпын…

Өрт сөндіру қызметінің бастығының нөмірі:

8-701-101-01-01

Полицей бастығы:

8-702-102-02-02

Жедел жәрдем бастығы әлі 703-ден басталатын ұялы компания сатып алмапты…

«Аруақ лайн» фирмасының бас-шарлатаны:

8707-09-08-07-6

Математиктің нөмірі:

8700-123-45-67

Әдебиетшінің нөмірі өздері сияқты қызық/қияли деп оқыңыз/ болады (Сен қайда жүрсің? Мені осынша сағындырып) :

8701-8-40-7-1000-38

Ұятсыздау нұсқасы

Ескерту: Еш нөмір шындыққа сай емес.

Авторы:  Салтанат Н. Е.

Так-с, ваннада қаншауы қалды екен? Етысқышта ше? Сумен ағып кеткенін кім санап жатыр? МММ… Көзге көрінгенін жинап, теріп, тарақтағысын алып… Бір уыс болған шашқа қарап тұрып «делать нечего, бір жуғанда неше шаш түсетінін санап…» Қысқа шашты жинау қиын, ұзын шашты санау оңай болғанымен, екеуінде де нақтылығы күмәнді…

Шашты 200 рет тараса жылтырып тұрады дейді, тараймыз ба? Бір, екі, үш, төрт… жиырма, отыз, қырық…

Бір жағынан қызық қой, бірақ уақытыңды жейді-ақ… Сондықтан, адамдар, көп ерікпеңдер :))

http://www.ghostsofgirlfriendspastmovie.com/Тірі дүние молекулалардан тұрады, өлі дүние де. Тірінің энергиясы – актив, жылжымалы  қозғалыс; өлі энергиясы – пассив, қимылсыз қозғалыс. Актив+пассив=нөл, яғни тепе-теңдік… Бір-бірін тапқан жандарға тепе-теңдікті, гармонияны сақтау оңай деп ойлаймын…

Каждый по своему воспринимает любовь, и институт семьи, который вроде как на ровне или выше самой любви. На эту тему фильмов много, даже слишком много.

Солардың бірі ғой … Сосын «Обещать не значит жениться», «Предложение», «Последний поцелуй», «Удачи, Чак», «Свадебный переполох» (есіме түскендері)  осындай фильм қатарында.

Фильмге объективті қарай алмадым… Кейіпкерлерден өзімді іздеп кеттім … Бірақ, грим бытщ, музыкасы ұнамады…

Меня учили «адамның көз жасы жібермейді». И как мне показалось, герой Мэттью МакКонахи не смог показать насколько Коннер Мит ошибался, чьи -то көз жасы ему ничего не сказали(даже не было показано что они его любили, это выглядело как взаимовыгодная сделка, и думаешь откуда столько слез и салфеток, когда девушки сами «ложились, и булки раздвигали»(с) Павел Воля), только увидев свое будущее(полное одиночество) и будущее своего брата(безрадостное без Сандры старость) заставило его задуматься… Эгоисты мы, эгоисты…

Басты кейіпкердің көзінде жалын болмаса да(МакКонахи, дұрыс болмады оның), Дженниге айтқан сөздері мен естеліктері әлжуаз әшкариктердің әлемінен реалисттерге ыңғайлап айтылған үзінді сияқты болды.

После фильма ойлап қалдым: «надо бы решиться на один, рискованный шаг» 🙂

А зачем, вообще, брак? Шынымды айтсам, не часто об этом задумываюсь(только после фильмов и ссор родителей+ майда-шүйде собственный қиялдар). Біреу солай болу керек деп айтқан ба, жәй ғана обозначить какие-то отношения және чувства. Жайша? Для чего и для кого? Просто так принято.

Маған ұнады. Бірақ, вторично қарамаспын…

Пысы: жаман сөз жазып қойсам, кешіріңіз 🙂

Пост алғашында «топас қылықтар» еді… Бірақ, мына мақаланы оқығаннан соң, айнып қалдым 😦 Кері істегім кеп кетті:

– Таразыға тұрып салмағыңды білу үшін 10 теңге. Балмұздақ жеп келе жатыр едік, ол ескі, тозығы жеткен таразыға тұра қалып көрінген 4* келіге жымиды да «мінекейіңіз, апа» деп 50 теңгесін ұстатты да балмұздағын жалап кете берді… Мен аң-таңмын…(өзі шитік адамның кг мөлшерін білу мақсатын одан басқа ешкім білмес)

– Оның жұмысқа ерте келетін «ауруы» бар  (кейде екеуміз бәсекелесіп те қаламыз). Ертесін алаң тазалаушы апайға базардан алған инжир шабдалысының жартысмен бөліспек ниет білдіреді… Салып беретін пакет(дорба) болмай, қолына салып беруді ыңғайсыз көріп бәрін бере салыпты… (мелочь, а приятно)

– Шет елге кетпек. Жолға еш ауыр киім де, кітап та алғысы жоқ. Ең-ең керек дегендерді алып қалды да, қалғанын балалар үйіне өткізіп тастады…

– «Қыздар, тұра тұрыңдаршы! Мына қыздың қолындағысы азая берсін» деп промоутор қыздың қолынан жарнама парақшаларын ап келді. Осы қылықтан кейін өзіме ұсынылған қағаздардан бас тартпай «рахмет» деп алатын болдым… (негізі, бір көз жүгіртіп шығамын да, дым керегі жоқ болса, бірінші кезіккен қоқыс несіне лақтыра саламын)

– Ақ орамалды апа автобсқа кіріпті. Мен байқамадым да, алдымда отырған ер бала алыстау отырсақ да апайды шақыра орын берді. Ризашылығында шек жоқ. Алматы-1 жақтағы базарға бара жатқанын, немерелеріне сюрприз жасап жер-үйге душ орнатпақ екенін айтып жатты. Ер бала өз аялдамасында «саудаларыңыз табысты болсын»(«удачной покупки») деп кете берді…

– 2006 жыл. Бұл жігіт Алматыдан 3 күндік жерде практикада. Қыз менің құрбым. 8 наурыз қарсаңында оған жігіттен пәселке келді. Ашсақ ГҮЛ, кәдімгі гаршоктағы гүл. «Женское счастье». Маған да отросток берген еді 🙂 Құнттамадым. Пәселкемен келер деген үміт шығар :))

– Тратуарда келе жатып, алдымда келе жатқан атаны басып озбақпын(тез-тез жүру әдетім). Үлкен кісілердің түкірігі көп болады ғой. Тыпың-тыпың еткен мені естімеді ме, қатарласқанымда басын бұрып аузындағысын жіберіп кеп қалды. Естественно, мен бәсеңдете қалдым, ана кісі тоқтай қалды. «Ойбу, қарағым, кешірші» деп маған. Ал, маған бір тамшы да тимеді. Кешірім өтінгеніне өзім ыңғайсызданып қалдым, тіпті. Үлкендердің жастарды жерден алып, жерге салатынына(грубо айтсақ, тығатынына) етімді үйретіп алғанмын…

– «Гауһартас» фильмінде бір эпизод бар ғой, доһторға қой салып беретін… Сол қылығы еріксіз жымыйтады…

– «ӨТЕ ӘДЕМІІІ қылық»: «Наймансың ба не? Ақшаңның да керегі жоқ! Шық машинадан!»

Менің өмірімнің радиусы зыпымнан ары кетпейді, сондықтан да мына қылықтардың да калибры қомақты емес шығар… Десе де, өз арамызда мәдениеттілік/әдептілік жетіп артылады 🙂 Оны көре білу керек те шығар 🙂

Сіңлім екеуміз жеке тұрсақ, жағдайымыз осы бір аптаның ар жақ, бер жағы болады екен:

Таңертең:

– Салтаааа!!! Тұрмасаң не будильник қоясың…

– ОХ блииин

Тұрасың, асүйге барып шай қоясың, түннен қалса тамақты отқа қоясың, қалмаса нанға майонез жағып сумен итеріп тастайсың. Нұрж боянамын дегенше мен киініп(таңдап, үтіктеп), ыдысымды шайып, жұмыста ішетін түскі асымды салып(это свято!), зып етіп кетіп үлгеремін(қоқысты типо байқамағандай).

Кеш:

– Салтаааа!!! Ужин бар ма?

– ОХ блииин Нұрж бірдеңе ала салш, а?!

Тұрасың, асүйге барып шай қоясың, таңертеңнен қалса тамақ отқа қоясың, қалмаса Нұржты тосасың. Нұрж жетем дегенше нанға майонез жағып сумен итеріп үлгересің.

Жігіт – жауапкершілігі белгесіз күйеу

Қыз – жауапкершілігі шектеулі әйел

Әйел – жауапкершілігі асыра сілтелінген келін

Келін – жауапкершілігі арттырылған қыз

Кіржуғыш – жауапкершілігі шектелген келін

Ақша – талғамсыз Құдай

Жаным – болмай қалған жүрек

Жақын дос – жауапкершілігі шектелген өзің, болмай қалған егізің

Жұмыртқа – жауапкершілігі белгісіз балапан

Қалтафон – өтірік телепатия

Қасық – жауапкершілігі шектелген шанышқы(вилка)

Қолқап – жауапкершілігі арттырылған қол

Мақал – қысқарып қалған «Қара сөз» /жұмыстан шығып қалған «Қара сөз»

Май – жасанды тон

Маймыл – эволюциясы ұйықтап жатқан адам

Мен – жауапсыз сен

Оқулық – жауапкершілігі арттырылған ақыл-ой

Шаш – жауапкершілігі шектелген жүн

9 – мұрнын шошайтқан 6

Путевка дайын. Бірер минутым бар… Бұйыртса «Дүниеэйр» жеткізіп салады. Тек сен мені қарсы ал, о дүниеде адасып кетпейін, бұл дүниеде адасып әзер тапқанымды. Мен жеткенше, міне газет-журналдарда, ұзын-қысқа құлақтардан әңгіме:

Зере екіқабат. Алдыңғы аптада кеп кеткен, шөбереме құда түсуге. 10-ы баласынан кейін «Қаһарман ана» деген медаль алып еді ғой, былтыр 20-сышын туып «Халық анасы» орденімен марапатталған. Меніңше, матриархат құрмақшы. Гавай аралдарынан бір аралды таңдап қойдық деген бір сөзінде. Жеке мемлекет құрамыз ба деп қояды… Жеке конституциясы бар, Матриарх мамасы бар, Туы бар, ну очм барлық прибамбастары бар бір кіші-гірім мемлекет болмақ.

Руслан, Руся, Русланнн(Русико, Русипо, Рускантус, Русжан, Руснұр, Русгүл(удачный эксперимент), Русберген, Русалған, Рустуған, т.т. аттары есімде жоқ)  Нобель премиясын алғаннан соң алжыған профессордан аумай қалды. Өз аппаратымен клондарын жасай берген, жасай берген… Қонаққа келсе шатасып кетемін, ең құрығанда әртүрлі киінсе шіркін… Бірі ғана келмей шұбырып келетінін қайтесің…

Айкона Антарктидаға тас көрмесімен кеткен. Ағарып келетін шығар енді… Моншаға заказ беріп кетейін, бір қыздырынсын.

Көңілашар 2030-дан соң Жапонияда дүкен ашқан еді ғой, есіңде ме? Сол қазір жүйе боп, Жапон нарығын жаулап алғандығы сондай жапондықтар «Жанна теориясын» әлі зерттеп жатыр дейді. Онымен талай сөз болды да, бірақ жапондықтар «ғылыми жауап алмай тоқтамаймыз» деп жапондықтар қазақ тілін үйреніп, дүкенге шпион-сатушы жіберіп көне американ киносындағыдай болыпты.

Дәруішөлгенді дәруішөлгендіктер Сат мемлекеті деп өзгертіп тастағанына 30 жылдай боп қалыпты. Патриархаттың патриархы кім екенін біліп отырған шығарсың… Олардың Братзаңы бойынша патриарх 2 ғасырға сайланады, осы орайды Русланнның клонизаторының көмегі тиді. Патриарх жас болғанда 3 клон қатырылып қойылған, әрбір 60 жыл сайын сол клон «жаңаланып», тірілтіп тұрады екен.

Дәрішөлгендіктерге мәдениеттілікті үйретуге Қазақстандық қайырымдылық қоры ашылған. Жетекшілері: Жан-айна, Эльвира, Аңсар(виза берілмесе де, Дәруішөлгендіктерге жанашыр), Әлия, Өрімтал, т.т. мен танымайтын адамдар. Қор жетекшілерін «Дүниеэйр» ақысыз Жұмақ санаторийына жолдама алдын ала дайындап қойған(оған екінің бірі қол жеткізе алмайды). Патриархтың бұйрығымен шығарылған «Қазақша боқтап үйренеміз» атты кітап Қазақстанда 2-і басылып шығарылып, қайырымдылық қордың дайындаған «Мәдени нақ» кітабы Сат мемлекетінде n данамен таралмай қойса керек. Кейін, Қазақстандық шпион(дәруішөлгендік тілде «өсекші») Гастарбайтер кітаптың қазақшаға аударылып «Қазақша боқтап үйренеміз»  деген атпен Қазақстанда сатылғанын айтып, нақты ақпарат беруге дайын екенін айтып, қорғаныс сұрапты дейді Қитартас.

Ең танымал бренд «Баян модс» болып тұр. Дәруішөлгендіктермен тіл табысып(аудармашысыз!), Жапониямен қатынасып жүріп, Саян3-тің көмегімен Галактикалық дәрежеге жетіп Корпорация болып кеткелі жарты ғасыр уақыт өтті. О дүниеге кететін болып, жарты ғасырлық юбилейіне бара алмайтын болып отырмын. 2010-да еденін тескенім жетер ия?!

Айко бас бостандығын ақ найзаның(100 томдық энциклопедия-аударма) ұшымен қорғап, атқа(бір адамдық ұшақ-аударма) қонып Саян3-тің көмекшісі боп, бала-шағасын Венераға көшірген. Құрығанда, аптасына бір көретін күйге жеттік…

Щеголдардың күнін көрдің ғой, бірі танк зерттеп, бірі комп зерттеп, бірі аударма зерттеп, бірі бағдарлама оқып, бірі өлең жазып, бірі ән айтып, т.т. қазір одан миллион есе артық… Біздің кезіміздегідей өмір жоқ… Тірі, шынайы өмір…

Балаларды, немерелерді уайымдама, Құдайға тапсырдым(Шөберелерімді Зереге тапсырдым)… Жыласаңдар қайтып келем деп кеттім 🙂

Менің рейсім келді… Кездескенше…

Е…қызы, *** келіні Салтанат

31 шілде 2065 жыл Жер уақытымен 24:00

Аударған Салтанат Н. Е.

Ескерту: ешбір ақпарат шындыққа сай емес. Бір ғана шындық – туған күнім мен өлген күнім бір болғанын қалауым 🙂

ням ням

маған да ням ням

красота ғой

Есік өзені

Есік көлі

қалмайтын көлеңке

бір күн - өмір бойы

шаршадық

экскурсовод

күн "ашып кетті"