Желтоқсан 2008


the-fir-treeЖаңа жылдың әр елде әр кезде мерекеленіп, әр халық өз салт-дәстүрімен қарсы алатындығы хақындағы деректерді көбіміз біле бермейміз. Мәселен, Лаоста бұл күн ыстық маусымның аяқталып, жаңбырлы кезеңнің басталатын сәуір айының ортасында мерекеленеді. Сонымен бірге непалдықтар да өздерінің жаңа жылдарын 13 сәуір күні атап өтеді. Жыл санауларын күн күнтізбесі бойынша есептейтін бұл ел ХХІ ғасырдың күн парағын әлдеқашан ашқан. 2009 жыл – Непал үшін 2066 жыл болып саналады.
Грегориан күнтізбегін қабылдағанға дейін Қытай, Жапония, Корея елдері жаңа жыл мерекесін 20 қаңтар мен 18 ақпан аралығында мерекелеп келгені белгілі.
Римдіктер азаматтық жылдың басталуын 1 қаңтар күнінен санаған. Ағайын – туғандарға, жора – жолдастарға, жақын – таныстарына құттықтау хаттарын жазып, базарлықтар сыйлауды ең алғаш римдіктер ойлап тапқан.
Көптеген араб елдері жаңа жылды Ай күнтізбегі бойынша атап өтуді дәстүрге айналдырған. Кезінде Юлиан күнтізбегін пайдаланған Еуропаның көптеген мемлекеттері жаңа жылды 7 қаңтарда мерекелесе, Англия 1752 жылға дейін жыл мерекесін 26 наурыз күні өткізіп келді.
1699 жылға дейін ежелгі дәстүр бойынша Ресей тұрғындары жаңа жыл мерекесін 20 желтоқсан күні қарсы алып келгені мәлім.
Шығыс елдері дәстүрлі жыл басы мерекесін күн мен түннің теңелген күні яғни 22 наурызда атап өтеді.
Қай ел, қай халық болсын, жаңа жылды салтанатты жағдайда мерекелеп, оған айрықша мән берген. Олардың жылды қарсы алудағы бір-біріне ұқсамайтын өз дәстүрлері бар. Жалпы алғанда, әсем ойыншықтары жарқыраған жасыл шырша Жаңа жылдың символына айналған. Жаңа жылдық тұңғыш шырша 1600 жылы Герман провинциясы Эльзаста орнатылған, депті-мыс. Алғашқы кезде шыршаны қағаздан жасалған раушан гүлдерімен безендірсе, 1737 жылдан бастап көз жауын аладайр зерленіп оқаланған түрлі әшекей ойыншықтармен көркемдеу дәстүрге айнала бастады. Адамдардың мерекеге арнап шыршаны таңдауы да кездейсоқ жағдай емес. Ертедегі египеттіктер, римдіктер басқа да еуропалықтар шырша түсін өшпес өмірдің белгісі санаған. Сондай – ақ, мәңгі жасыл өсімдіктер – қарағай, лавр, кипаристерді де ерекше құрметтеп, мәңгілік өмір мен денсаулық осыларға байланысты деп есептеген.
Жасыл шыршалардың өз рекордтары да бар. Мәселен, әлемдегі ең биік шырша 1950 жылы желтоқсанда Американың Сиэтл қаласында орнатылыпты. Оның биіктігі 67,4 метр екен. Ал жасыл шыршаны құлпыртып безендіруде Лантана қаласында орнатылған (Флорида штаты) шырша иемденеді. Биіктігі 38 метрлік бұл жасыл аруға 15100 сырға шырақ, ұзындығы 850 метр болатын гүлтізбесі, 1500 ойыншық, 500 алуан түрлі әшекей заттар ілінген.
Ең үлкен жасанды шыршаны аргентиналықтар жасапты. Буэнос – Айрестің орталық алаңына тұрғызылған «ғажайып ағаштың» биіктігі отыз метрден асқан.
Жыл он екі ай бойы келушілердің таңдайын қақтырған ерекше шырша Сент – клаус қаласындағы (АҚШ, Индиана штаты) жұрт аяғы сейілмейтін көрікті де сұлу саябақта «бой көтерген». Бұл шырша алуан түрлі әшекей, ойыншықтармен жыл бойына безендіріліп тұрады, өйткені, осынау жасыл арудың сабағына өзіңнің кез-келген әшекей затыңды іліп қою – үлкен бақыт. Сондықтан да осы жерге қала тұрғындары мен қонақтары әсте құр қол келмейтін көрінеді.
Ал жылдарға жануарлар атын беру дәстүрі ежелгі Қытайдан басталған екен.

Ақпарат көзі

dance2Би билей алмайтындарға арналады…

Ең алдымен, бидің негізі – орнынан тұру, би билшілерге қосылу я би бастап кету. Бастамас бұрын, аяқ-қол бұлшық еттерінің жұмысын қарап көріңіз. Алақаныңызды бүйірге қоясыз, қолыңызды жылытыңыз не ойдаға пешке от жағыңыз. Билегіңіз кеп тұрғанын сезінесіз. Сезбейсіз бе??? Онда сізде ең рационалсыз билеу түрі – бисіз. Дұрыс деп саналатын билеу – ішкі дүниенің толқып, бұлшықеттер сізді тыңдамай жыбыр-жыбыр етуі. Және осылай билеуді – инстинктивті дейді екен. Бұлшық еттердің қозғалысын көлденең күйде тексеру оңай. Шалқасынан жатыңыз, қолыңыз бүйіріңізден сәл жоғары қойыңыз, сосын билеп көріңіз.  ) «Ет» деген қандай!? )

1 кеңес: Бидің табиғи түрі – жүріс. Жаяу жүруді есіңізге түсіріңіз!

2 кеңес: «раз-два-три-раз-два-три» дегенді білсеңіз көп қиналмайсыз.

3 кеңес: Қолыңызды жоғары-төмен қозғалтасыз! ОЙБАЙ! Қарға сияқты емес!!! Корпусыңыздың бойымен жоғары-төмен! Музыканы тыңдауды ұмытпаңыз, естілгеннің темпіне қарай қимылдарыңыздың жылдамдығын бақылаңыз – тездеткен сайын «жоғары-төмен»-де тездете түсуі керек 🙂 4-кеңеспен біріксе – сізден асқан «танцор диско» болмайды.

4 кеңес: Алғашқы күй: аяқ пен иық арқылы жерге перпендикуляр болатындай жазықтық жүргезіңіз, бас не төмен емес, не жоғары емес – орташа қалыпта. Қимыл: бөксе оңға, бөксе солға, қай жаққа қисясыз сол жақтағы тізе бүгілуі керек, идея бойынша.

Ескерту: Бөксенің жаныңызда тұрған қарындастың я жігіттің бөксесіне тию міндетті емес.

Қосымша жаттығулар

Бұл жаттығулар қысылып тұрған я жандындағы елдерге қауіпті деп танылғандарға көмектеседі. Ең бастысы, сүйегім бар екен-ау деген ойдан арылу.

5 кеңес: Мойын бос. Басты оң-сол жақтарға айнала қимылдайсыз.

6 кеңес: Баппен қимылдауға тырысыңыз. Музыка естіліп тұрса қимылды тоқтатпаңыз.

7 кеңес: Ерініңізді шүршитіңіз. Анда-санда ашып тұрсаңыз болады.

8 кеңес: Тіліңіз салақтап билеген сырт көзге ұнамауы мүмкін, сондықтан ауыз ішінде болғаны дұрыс.

Ескерту: Жаттығуларды бірден алып кету мүмкін емес, сондықтан күнделікті ең қарапайымдармен шектеліңіз.

9 кеңес: Қыз басымен жігітті вальсқа шақырса «билемеймін» деп позорды шашпаңыз (ер басымен қыздарды шақырса «билемейм!» деп айтуы мүмкін емес, қыздар көбі биді жақсы көреді). Вальстің не екенін білмесеңіз – профессионалдардан кеңес сұраңыз, қыздың қолы қайда, ер қолы қайда болу керегін де сол жақтан сұрасаңыз болар деп ойлаймын. Немесе, ең қарапайым вальс – оңға-солға тербелу. Айналып билеймін деп қыздың аяғын таптап, не жігіттің аяғын каблукпен «тесіп» мына кеңесті оқымаған сиңайланбаңыз. Аяқ киімді танымай тұрсаңыз – басыңызды көтеріңіз. Қолыңыз иықты іздеп таба алмай жүрсе, құттықтаймын – сіз бастығыңызбен билеп жатырсыз.  Дем ала алмай жатсаңыз, партнеріңіздің кеудесінен басыңызды шығарғаныңыз жөн. Вальс кезінде музыкамен қатар жұбыңыздың да даусына мән беріп тұрған дұрыс қой… Жауап қайтарсаңыз тіпті тамаша!!!

10 кеңес: Лезгинкіге итермелеп шығарып жіберсе: а) Ер болсаңыз: пышақты ала сап, ауызға сала сап ОЙБАЙ! қырынан! … Бір тізені бүгіп отыра қап қолдарыңызды маңдай тұсында соғыңыз. ХЕЙ пышақта нең бар?! б) Қыз болсаңыз: көзіңізді еденнен алмай, сызылып аяғыңыздың ұшымен жапон адымымен жерде пышақ тістеп отырған шапалақтаушыны айнала жүресіз, қолыңыз біртін-біртін төменнен жоғары айнала қозғалсын, тек байқаңыз – пышақтың ұшы тиіп кетпесін.

Тыныс алуды ұмытпаңыз. Иық, мойын бос болсын!

Түзете-Ескерту: материал биден білімі таяз ұстаздан алынған

Дисктегі соңғы ән… Қолға бір нәзік дүниені бергендей… Әрбір адымды ойлана, ілгері қарай, бір аяқпен сипап – қара жердің бар-жоғын тексеріп барып қоярлықтай… Бар ойым алақандағы дүниеде – алақандағы дүниеге сай болу, тең болу, бір болу, бар болу… Бұл қараңғылықта жан-жақтан «бұйт! сұйт!» деген ақпарат атқылап тепе-теңдігікті бұзып, ортаға түсіп жатыр… Отыра қап, денемен ықтап «бәрі жақсы болады!»-ның астынан алып… Алақаннан алақанға салып, беттеген жолдан қайтпай … Алдыда тек жақсылық барына сеніп, тоқтауды өліммен теңестіріп, алақандағы өзімді жоғалтпай жолымның соңына жетсем… 😀

Романтиканы әркім әртүрлі түсінеді ғой… Соңғы романтиктермен жағаласып, мен де бір дүние жазып көрейінші…

Көзімді жұмсам «құс жолын» көремін. Аспанға сонша моншақ қалай сияды екен?! … Мен солардың бірі болсам – аспанда ұшу ережесін білмегендіктен қауіпті жағдайларды туғызар едім: «Ойбай! Кешіріңіз, сіздің орбитаңыз екен ғой!», «ғафу етіңіз, менің галактикам қайда? Бірінші рет жұлдыз боп тұрмын да», «оибию! сіздің серігіңіз маған жабысып қапты! ия ия ала қойыңыз!», «Ай! Бармайм! Гравитация бар ма не мында?! ААААА», «ХМ! Маған бір серік жетеді! Екеуін айналдырып жүре алмаспын?!», «Мен Арыстан жұлдыздығына барсам деймін. Жол сілтеп жібермейсіз ба? А… түсінікті… Сіз қаратесік екенсіз ғой!»… Бірнеше миллион жылдаң (световой жыл деп тұрған жоқпын) соң Арыстан жұлдыздығынан өз орнымды салмағыммен я күшпен(соғысып дегенім ғой) табармын… Ол жақтың есімдері де біртүрлі, маған Салтойд деген есім берілер… Мүмкін Салтанда, Салтанул, Салтэо не Салтазар… Жер тұрғындары да Салтанатты талай өзгерткен ғой(тілі келмейтіндер Чалта дегенін қайтесің), сондықтан жаһан тұрғындарына бірдеңе деу ыңғайсыз болар… Мүмкіндіктерімді жердегі адамдардың ашылу-ашылмауыммен өлшейтін боламын… Олар маған салмақ пен сызықтық өлшемдерімді де біліп береді… Не дай бог, түсім/жарықтығым өзгереді,  «қауіп төндірушілер» қатарында болып қалуым ғажап емес… Жұлдыздыққа жетіп, тып-тыныш жатқан Арыстанның арқасына мініп бүкіл құс жолын араласам… Әр жұлдызға салем берер ма едім… Галактикаларға қонаққа барсам қалай болар?!… Қызыл-шектің шегінде «кім» бар екен?! Тас қараңғыда(?) Киано Ривзтың туыстарын кездестірермін, а… Елестетіп көріңізші, сәуле жетпеген нүктеге жетсем… 😀

8Ән айтып үйренемін деушілерге Интернет-мұғалима бірнеше кеңес-жаттығу береді.

Ең алдымен, ән айтудың негізі – дұрыс тыныс алу. Бастамас бұрын, тыныс жолындағы бұлшық еттердің жұмысын қарап көріңіз. Алақаныңызды ішке қоясыз, қолыңызды жылытыңыз не ойдаға пешке от жағыңыз. Ішіңіздің ары-бергі қозғалысын сезінесіз. Сезбейсіз бе??? Онда сізде ең рационалсыз тыныс алу – бұғаналық. Дұрыс деп саналатын тыныс – іштің төменгі қабатының қабырға-аралық бұлшық еттері мен ішқуыс пен кеудеқуысты бөліп тұратын мембрана-диафрагманың қызу жұмыс атқаруы. Және осылай тыныс алуды – диафрагмалық дейді екен. Диафрагма қозғалысын көлденең күйде тексеру оңай. Шалқасынан жатыңыз, қолыңыз қарныңыздан сәл жоғары қойыңыз, сосын дем алыңыз. Деміңізді ішке тартқанда қолыңыз жоғары көтерілсе, шығарғанда төмен түседі. 🙂 Диафрагма малатес 🙂

1 Жаттығу: Тынысыңыздың табиғи қызметі күлкі кезінде байқалады. Күлкіден айырмасын!

2 Жаттығу: Тыныс алуыңызды тексеріп отыру үшін қолыңызды ішіңізге қойыңыз, іштей төртке дейін санай отырып ақырын дем алыңыз. Іште көп ұстамай, демді шығарыңыз, тағы да төртке дейін санап. Сезбесеңіз, спорт үйірмесіне жазылудың қажеті жоқ. Алдыға қарай еңкейіңіз де, екі қолды сегізкөзге қойыңыз(білетін шығарсыз қайда екенін?!). Дем алғанда арқаның осы ауданы кеңейуін байқайсыз. Дем алған сайын, санақты өсіре беріңіз(бес, алты, жеті… білесіз деп үміттенемін).

3 Жаттығу: Жылдам-жылдам дем аласыз, аузыңыз ашық болсын. Тілі салақтаған иттің дем алғанын байқадыңыз ба? Уот, қарап көріңіз, сонда бұл жаттығудың «собачка» аталуын түсінерсіз. Ең дұрысы –  айнаның алдына орындық қойып, сүйене, иық, мойын дегендерді босата отырып жасау. Тек, иықтың көтерілмеуін қадағалаңыз.

4 Жаттығу: Дем алудың қомақты кемшілігі – дем шығарудың бір қалыпты болмауы. Ық-пық пен дір-дір… Дем шығаруды жаттықтыра отырып, дауыстың бір қалыпты шығуын қалыптастырасыз. Шамалап дем шығарыңыз, мұрынмен ішіңізге(қарын дейміз ба?!) дем алыңыз да ТЦ-Ц-Ц… деп тіс арасынан бәсеңдете шығарасыз. Шыққан ауа ағынының бірқалыптылығын және тербеліссіздігін байқап, дем алғандағы қатайған прессті босатпауға тырысу керек. Пресске түскен қысымды дем шығып біткенше сақтап көріңіз. Бара-бара 20-30 секундтан 1 минөтке дейін ұзартыңыз.

Ескерту: Ән айту кезінде ерекше бұлшық еттер қозғалады. Сондықтан, пресс качать ету сияқты жаттығулардың қажеті жоқ. Йога, дем алу гимнастикасы мен жүзудің септігі тиер. Диафрагмалық тыныстануды көлікте, қыдырыста, сабақта, т.т. «ішпен» дем алып автоматтылыққа жеткізерсіз.

Қосымша жаттығулар

Бұл жаттығулар қысылып қалған я артық күш түскен бұлшық еттердің жұмысын дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Ең бастысы, тіп-тік арқа, иық түзу әрі төмен түсірілген, бас – я төмен емес я жоғары емес – ортаңғы қалыпта.

5 Жаттығу: Мойын бос. Басты оң-сол жақтарға айнала қимылдайсыз.

6 Жаттығу: Иекті төмен түсіресіз – қайта қайтарыңыз. Баппен қимылдауға тырысыңыз.

7 Жаттығу: Ерініңізді шүршитіңіз. Оңға-солға, шыр айналдыра, алдыға – артқа қозғалтыңыз.

8 Жаттығу: Тілді әртүрлі формаға келтіріңіз: айналдырыңыз, кесе сияқтандырыңыз(тілдің бүйірі мен ұшы жоғары көтеріледі) немесе желкен сияқтандырып(ауыз ашық, тілдің ұшы таңдайға тиіп алдыңға тістерден мейлінше алшақ тұрады).

Ескерту: Жаттығуларды бірден алып кету мүмкін емес, сондықтан күнделікті ең қарапайымдармен шектеліңіз.

9 Жаттығу: 3-4 жиылған саусақты ауызға тығыңыз. НГА, НГО, НГЫ, НГЕ, НГУ, НГЯ -ді анық әрі қатты айтыңыз.

10 Жаттығу: Аузыңызды ашыңыз, тіліңізді сыртқа шамаңыз жеткенше шығарыңыз – иекке тигізуге тырысыңыз.

Дұрыс тыныс алуды ұмытпаңыз. Иық, мойын бос болсын!

Түзете-Ескерту: материал мықты вокал-ұстазының дәрістерінен алынған 🙂

songВокалист жауы-вокал!

Жалаң вокал музыка емес!

Дыбыс шығару музыка орындаумен тең емес

Вокал қауіпті – еліктіріп әкетеді. Вокал – ішкі музыканың сипаты.

Ең жаман деген әнші-музыкант ең тамаша деген музыкант емес әншіден ерекшелігі – ән айтпай тұрып нотаны естуде.

Құлағыңа бағыну – психологиялық еркіндіктің шыңы.

Жазылмаған ереже бар: ән айтатын болсаң – аузыңды аш!

Дұрыс ән айта білу – «жоқтан» дыбыс шығара білумен тең.

Дауысты дыбыс демнің жалғасы, ешқайда қашып кете алмайсың!

Вокал, интонация жайлы ұмытып, жайлап дауысты дыбыстарды әндету керек.

Ляззат алу психология тұрғысынан жұмыс істегеннен маңыздырақ.

Бірінші – тыңда, сосын – дем ал, қалғаны содан соң…

Вокал – қалай, құлақ – қайда!

Баяу да баянды ән айтып үйрену үшін айғайлап ән айта білу керек!

Хорист жауы – қорқыныш!

energy

Электрэнергиясынсыз өмірді көзге елестету мүмкін. Бірақ, қызығынсыз(жылу, ақпарат алу/тарату/білу, өнім өндіру/өңдеу, т.т) елестету қиын… Мысалы, бүгін энергетиктердің кәсіби мейрамы. ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!!!

алыс-жақын?!

алыс-жақын?!

Әркім әртүрлі елестетеді, кейбіреулер тіпті ойламайды да. Дұрыс-ақ… Ал, ойлайтындар түрлі-түрлі қиял-ғажап «ертегілерді» айтып та, көрсетіп те, жазып та, дәлелдеп те жатады. Ақырзаман орнайтынын жаңа заман орнауымен шектестіріп кетеді. Қызықты, ия?! Маған десе бір мезетте жоқ боп кетсе ғой… Сонда, бұрынғыны қалпына келтіруге ешкім қалмайтын еді. Ойлаңызшы, бәріміз бір күнде өлеміз… Романтика! Бұл  тек егер сырттан «әсер» болса ғана мүмкін сияқты. Жер жүзін адам өз қолымен «жоқ» қылуы әбден мүмкін, мысалы 1) атом/сутек бомбасы(соның әсерінен атмосфера жойылуы мүмкін дей ма?!), 2) азон тесіктерінің ұлғаюына септігін тигізіп, тікелей күн сәулелеріне әлем мұздарын «ұсынып», ерітіп, сондағы су тасқыны, 3) СПИД-тен күштірек вирус (адам ойлап табуы ғажап па?!), 4) ІІІ дүниежүзілік соғыс та мүмкін ғой. Жер деген планета өз өзін де «қырып» тастауы мүмкін:  бүкіләлемдік жер-сілкінісі, бүкіләлемдік су-тасқыны, жер төңкерлісі, вулкандардың бір мезетте жарылуы, гектар-гектармен ел мекендейтін жерді жұтып алу(кейде естіп те қаламыз, өтірік па?!).

Енді, сырттан келгендер жайлы не айтамыз?! Астеройд, камета, басқа галактикалардан келген «құдайы қонақтар»(біздің планета солардың зерттеу фокусында екенін сезіп жүрміз ба?!), күннің «парс» етіп өшіп қалуы(ол да бір «лампочка»), үлкен жарылыс, бәлкім шашырап жатқан планеталар, галактикалар жиналып «жаңа» өмірге аяқ басармыз (галактикада мынандай мақал бар дейді «елу жылда ел жаңа, 80 миллиард жылда жаһан жаңа»)… Айтылған нұсқалардың бірі орындалса, жер күл боп кететіндей күштің сандық мәнін білгіңіз келмей ма?!

«День когда земля остановилась» фильмі/киносы адамдарға бірдеңе айтқысы кепті, айтып жүргеніне бірталай уақыт өтіпті (премьерасы қашан болып еді?!), адам қиялына шек жоқ екенінің бір дәлелі болар дейміз. «Біздің цивилизациямыз құрып-өліп-өшіп біткенде келіңдер» деді ғой аяғында, «әзір керектерің жоқ, адамдардың санасы әлі тірі» деп қайтарды ғой Киано Ривзді өз галактикасына… Қызық… Шынымен қызық…

Киноның сапасына келетін болсақ – комментарийлер «сайрап» тұр.

Жалпы, адам баласы өз күшін соңғы демімен тексеруді қоймайды… 🙂 Не болса о болсын, болатынын елмен көрерміз 🙂

child1 ЕРЕЖЕ: Балаңызға жағаласпаңыз! Көмек сұрамаса, араласпаңыз.

2 ЕРЕЖЕ: Егер балаңыз қиналып бара жатса, сіздің көмегіңізді қабылдауға даяр болса, міндетті түрде қол ұшын беріңіз! Бірақ, өзі жасай алатынды емес, әлі әлі келмейтінді көрсетіп беріңіз.

3 ЕРЕЖЕ: Жауапкершілікті үйрете бастаңыз!

4 ЕРЕЖЕ: Қате жасауға рұқсат етіңіз! Өзінің бұрыс әрекеттерінің нәтижесімен бетпе бет кездесе отырып есе түседі әрі  санасы артады.

5 ЕРЕЖЕ: Балаңызды анда-санда тыңдап тұру керек!

6 ЕРЕЖЕ: Балаңыз көңіліңіз толмай тұрса «бетіне» айтыңыз, мысал «мен – ашулымын!».

7 ЕРЕЖЕ: Баламен сөйлескенде бұйрық, байбалам, ескерту, мораль, насихат сөздерді аса көп қолданбаңыз.

8 ЕРЕЖЕ: Баладан күтетініңізді бала мүмкіндігінен асырмаңыз.

9 ЕРЕЖЕ: Баланың көңіл-күй қиындықтарын иемденбеңіз!

10 ЕРЕЖЕ: Бала өмірінде ЕРЕЖЕЛЕР болуы керек, бірақ көп болса, ата-ана сұраныстары мен бала мұқтаждығы арасындағы қарама-қайшылық анық болса ережеден пайда жоқ!

11 ЕРЕЖЕ: Ереже мен нәтиже бірге тұжырымдалу керек!

12 ЕРЕЖЕ: Жазалаудан гөрі, санкция қолданыңыз!

d0bad0bed0bfd0b8d18f-d18dd182d0be-d182d0b5d0b1d0b5Құлагер ықшам-ауданында не мектеп, не сауықхана/аурухана, не балабақша болмаған, бүкіл Құлагерге бір-ақ маршрутка – нөмірі восемь(кафе-мафесі былай тұрсын, Алматының адам баспас ауданының бірі). Бірақ, ҮАК-үлкен Алматы каналы өтетін парк бар, футбол мектебі бар, ылғи ұлдар оқитын ПТШ(орысша) да бар, автодром жақын маңда, ипподром алыс емес, «Карина» қағаз фабрикасы мен «Дербес» сыра зауты бар.

Былтыр мектеп салына бастады. «Ойбой! 2000 оқушыға, президенттік мектеп, бассейні болады, спорт зал, интерактивті тақта, т.т толып жатқан новороттары болады» деп жарнамалады. Тұрғындар да тыныш жатпай бірі қазақ мектебі болсын деп, бірі аралас мектеп болсын деп, баяғы… ГУ-ГУ өсек! «пшту! қазақ активистінің үстінен арыз жазып жіберіпті!», «орыс балаларының саны көп екен!», «басқа ұлттар да жыбырлап жүр екен!» … Сөйтіп, қыркүйекте ашылмақ мектеп қазанда ашылмады, қараша – ашылмады, 1-желтоқсан әкімнің өзі келіп «бетін» ашып, «тұсауын» кесті. Қандай мектеп болды дейсіз? Біздікіліер жеңді 🙂 №148 президенттік қазақ-ағылшын тілдерін тереңдетіп оқытатын қазақ-гимназиясы!

Атының өзі «жер жаратын» бұл мектептің мұғалімдері қатаң таңдаудан өтті. Өтуін өтіп алып, не суы жоқ, не электртоғы жоқ мектептегі сыныптарын өз қолдарымен «тыртыңдап» тазалады.

Ия, мектеп ҮЛКЕН-3 қабат, қаталеспесем 8 қанат(блок, корпус)! Әр сыныпта интерактивті тақта, компьютер, кейбіреулерінде тіпті принтер, мектепте бассейн, асхана(пюре – 50 теңге, шай – 25 теңге), ағылшын тілі өтетін сыныптар, физика және химия кабинеттері толығымен жабдықталған, спортзал, салтанат залы, мәжіліс залы бар, корридорлары бояумен салынған суреттерге толы, екі шахмат тақтасы бар(неге екені белгісіз, құлыпталынған), қысқасы СУ ЖАҢА мектеп. Оқушылардың бәрі әртүрлі мектептерден жиналғандықтан тез тіл табысып, енді тест тапсырып ағылшын-қазақ-жалпы боп бөліну керек болғанда қимай бір-бірін қызық бопты.

Қазақ балаларының білімін арттыру жолындағы «шайқастың» басталғанына бір айдай болыпты. Кеш те болса, мектептің мұғалімдер ұжымын, болашақ қазақ зиялыларын жаңа қоныстарымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫН! Ерінбей-жалықпай еңбек етулерін тілеймін!

Келесі бет