Қыркүйек 2008


– Кетпеші…

– Мен үйіме барып, жастығымды алып келейін да???

– Кетпеші… мен сені жақсы көремін, қатты жақсы көремін…

– Мен де сені жақсы көремін…

– Жоқ, сен мені жай жақсы көресің, мен сені қатты жақсы көремін…

ЭХ… мен туралы бәрін біліп қоятын болдыңдар-ау…

Жыным ұстайтын жайттар:

музыка: 8-қабатта тұратын Витяның барабанда (скрипка емес) ойнап үйрену сабақтары

спорт түрі: мұзға шарды сырғанатады да, жолын тез-тез тазалай бастайды… атын да білмеймін… жүгіре жөнелетіндеріне қарап тұрып жыным келеді

фото: баттитып, табақтай ғып беті ғана түсірілген (Сымбат саған емес)

мессенджер: ол не?

әрекет: автобуста жүріп көрген адам біледі, ары қарай өтпей тура жолдың үстіне тұрып алу! Қаным көзіме шапшып кетеді!!!

ер азаматтар: білмейтін затын білетіндей түсіндіретін қасиеттілер

кино: кия-кия… татарс-парс-парс… ду-ду-ду-дуф

жеміс: грейпфрукт

жұмыс: еден жуу…

сөз: әңгімеңді айтып жатасың сосын, тыңдаушың «аАа» десе… МАМММААА өзімді әзер ұстап қаламын

киім үлгісі: ернін қып-қызылмен бояу, сары куртка, жасыл шаблар, қызыл сандал (Айко сен туралы емес), сосын ақ сөмке. Алматыда осында светофорлардан көз ашылмайды

сұрақ: не істеп отырсың?

сыйлық: букет гүл… романтик деп ойламаңдар, бірақ бір құшақ гүл бір тал жауқазынға жетпейді

Мамырда болған жағдайды естіген адам бас салып аяай бастайды, түрлі-түрлі ақылдар айтылады. Соның бірі – мумие! Айтуларынша, барлық аурудан емдейді, сынықты жапсырады, жараны жазады, т. т. Алтай өңіріндегілер жақсы біледі-мыс. НЕДЕН жасалатынын ит біле ме?!

Мысалы, келесідей ақпарат:

– Наварра патшасының дәрігері – Гий де ля Фонтенге александриялық саудагер мумиеның 40 түрін көрсетіпті, барлығы делік өлі құлдардың денесінен жасалған екен;

– 1656 жылы ғалым Блаунт мумие бальзамдалған адамдардың өлігінен жасалады деп болжаған;

– Индиядағы мумиеның аналогы – шаладжи. Оны Буруни ұсталынбайтын балықтың саз-құманға салып шайқаған майы дейді. Басқа да нұсқаулар бар: тау-текелер некелік периодында бір шұңқырға кіші дәретке барады екен, жиналған зәр күнге қарайып, қоюланып смолаға ұқсас болады екен. Кейбіреулер: шаладжа – таудың түбінен шығатын сұйықтық деседі. Үнді емшілері ең қарасын және иісі сиыр зәріне ұқсайтынын алады екен.

– араның у қоспасы бар қазбалы бал; жабайы бал-араның бөлінділері; күміс полевканың тас болған экскрементері деген де болжам бар;

–  Папенконың айтуынша: жарақаттанған ағаш бұтақтарынан аққан сұйықтық таужыныстарының жыралары арқылы өтіп жаңбыр суымен шайылады. Сонда су  буланады да, смола қалып қояды;

– Мырзакаримов вулкан әрекеттерімен байланыстырады;

– Норошин К. Т. : битум мен тау балауызының(воск) бір түрі, парафинді көміртектің жазықтықтық(поверхность) өзгеруінің нәтижесі.

Осыларды оқығаннан кейін «стоит-не стоит» деп ойланып отырмын. Дәріханаларда төрт жүз теңгедей тұрады. Алып ішу қиындық тудырмайды… Алайда…

Бірнеше жыл бұрын, шамамен 2004-2005 оқу жылы:

Парлардан кеш шықтым. Автобустар жартылай бос боп келеді, артына барып терезеге жақын отырып алдым. Оң жағыма бір жігіт келіп отырды. Отырып жатқанда бетіне бір қарадым, негізі. Терезеге үңіліп, не туралы ойлап отырғаным, әрине, есімде жоқ, сол мезетте біреу түртеді. Ойланбастан оң жағыма қарамаймын ба: қолын алдына айқастырып алған, терезеге қарап отыр. Не ойлағаным, әрине, есімде жоқ. Басымды қайта өз тереземе бұрып алдым. Отырмын. Қайта түртеді. Айқасып тұрған қолдары жете қоймас деп терезеге шынтақтап қисая отырып алдым. НЕ ТУТ ТО БЫЛО! Қолын созып тұрып түртеді. Бетіне қарағым кеп тұрған жоқ: бірдеңе деп қалса не деймін! Одан сайын сол жақтағы терезеге жақындай түсемін: қалай қолы жетеді! Аялдамадан аялдама санап отырып, өзімдікіне жеткенде апыл-ғұпыл шықтым да кеттім!!!

Русланнннн келсідей ережелер тізімін коммент арасына тастап кетіпті, жеке жазба болып тұрғаны дұрыс деп санаймын:

«Басқа бір жердегі ереже. Есімде қалғанын қысқартып жазып отырмын. Қосатындарыңыз болса, қосыңыздар.

Статья 1. Тамақ туралы.
1.1. Кімнің қарны ашса, сол тамақ пісіреді.
1.2. Майонезсіз тамақ жоқ.
1.3. 5-статьяда анықталып көрсетілген форс-мажорлы жағдайларға байланысты, майонез болмай қалған жағдайда, бір адам майонезге кетіп, тамақ ішу рәсіміне қатысушы қалған тұрғындар оның келуін күтуге міндетті.
1.4. Тамақ жеу рәсімі басталмастан бұрын есік кілттеліп, барлық қатысушылар столдан тұрғанша, яғни, рәсім аяқталғанша, ол есік ашылуға тиісті емес.
1.5. Тамақ ортақ сковородкада беріледі. Осы жағдайға байланысты, біреудің алдындағысын жеп кету сияқты келеңсіз жағдайлар орын алғанымен, ондай әрекеттер заңмен қудаланбайды.
1.6. Тамақты пісірген адам ауқаттанудан кейін бірден ұйықтап қалуға құқылы.
1.7. Тамақты пісірген адамнан басқасы ыдыс жууға міндетті.

Статья 2. Бөлме жинау туралы.
2.1. Бөлме жинау процедурасы (бұдан былай “Бөлме жинау”) – бөлмедегі шашылып жатқан көрпе-төсектерді, кітапты, 1-статья нәтижесінде қалған қалдықтарды, басқа да тұрмысқа қажетті заттарды комендант көзіне көрінбейтіндей етіп орын-орындарына қойып, жинақтап қою.
2.2. Бөлме жинау процедурасы әр аптаның сенбі немесе жексенбі күндері жүргізіледі, белгіленген уақытта қыдырысты, ауылды, басқа да жағдайларды сылтауратып, бөлме жинаудан бас тартқан тұрғындарды басқа тұрғындар әр түрлі, цензураға сәйкес келмейтін сөздермен атауға құқылы.
2.3. Бөлме жинау кезінде, бөлмедегі паластар мен алашалар далаға шығып қағылуы тиісті. Бұл әрекет арқылы тұрғындар палас пен алашаларды тазартып қана қоймай, жолда кездескен вахтер мен коменданттың көзіне жақсы жағынан көрінеді.
2.4. Ваннаны жинау кезінде, ұзақ мерзім бойы жуылмаған шұлықтар мен басқа да ішкиімдер, олардың иелеріне ауызша не жазбаша ескерту жасалмастан, қоқысқа лақтырылады. “Ұзақ мерзім”-нің дәл мәні басқа тұрғындармен анықталып, шамамен бір-екі апта уақытты құрайды. Бұл мән аталған киімдердің бөлме пейзажын және иісін қаншалықты бұзып тұрғанына да байланысты анықталады.

Статья 3. Басқа да міндеттер мен құқықтар.
3.1. Бөлме тұрғындары кешкі 8-ден кейін жиналып, алкогольді ішімдіктерді бірігіп пайдалануға құқылы.
3.2. Ішімдіктердің құны бөлме тұрғындарының сол мезетте қалталарынан қаржы шығару әрекеті (бұдан былай “сообраз”) кезінде жиналатын қаржының жиынтық көлемімен анықталады.
3.3. Ақшасы бола тұрып, шығармаған тұрғынды басқа тұрғындар әр түрлі, цензураға сәйкес келмейтін сөздермен атауға құқылы.

Статья 4. Сабақ туралы*.

Статья 5. Форс-мажорлы жағдайлар.
5.1. Майонез болмай қалу. 1-статьяны қарап, сол арқылы әрекет ету керек.
5.2. Алкогольді ішімдіктермен комендант немесе оның сенімді адамдарына ұсталып қалу. Бұл уақытта, ол ішімдіктерді ішке қабылдау арқылы көзін жою қажет.

*Ескерту. Сабақ туралы статья көптеген толықтырулар мен түзетулерді қажет ететіндіктен, және де уақытша қажеті болмағандықтан, бұл Ережеге енгізілген жоқ.»

childrenБіздің үйдің қыздарының «жазылмаған» ережелері:

1) кім ваннаны жуады, сол бірінші түседі;

2) үйге кіре аяқ-киіміңді жинап қой: таңертең таппауың мүмкін;

3) үйден шыққанда «мен кеттім!» деп, келгенде «мен келдім!» деп дауыста, сонда шықпай жатып «жолың болсын!», кіре сала «қалай жеттің?» деп шығарып салып, қарсы алады;

4) кешкі 8-ден қалсаң «Қашан келесің?» делінсе, оннан аса «Қайда жүрсің?» делінеді;

5) үй жинауды тездету үшін сенбі-жексенбіде кіші-гірім «соғыс» болып тұруы міндетті;

6) кешкі сағат жеті жарым шамасында басталатын әке «жұмысына» кедергі болма, залға кірме;

7) 8-наурыз мейрамын ұмыт, үйде әр кез 23 ақпан я 7 мамыр;

8 ) «ертең жеймін» деп тоңазытқышқа ештеңе қойма, табағы да қалмайды;

9) киім сатып алуға жалғыз барма: алған затың ӨТЕ қатты сыналады;

10) картошка дегенді жұма күні ғана көресің: жай күндері даже ойлама;

11) ел «қуса» қарап тұрма бірге «қу»;

12) кешігетініңді, келмейтініңді айтып қойсаң – іздемейді;

13) қыдырыстан келген кісіні алдымен тамақтандыр, ұйқысын қандырсын маза бер, сосын барып сұрақ қой: жақсы/жаман өткенін қайдан білесің;

14) 6:00 үш-төрт будильник ойнаса, сабыр сақта, ашуланба, сағат 6:30 қайта ойнайды;

15) шашыңды өргізу үшін Джандырға бар: басыңда шаш аз емес екенін сразу сезесің;

16) қыздар бөлмесіне тоқылдатпай кірген адамды «ААААААААА!!!» деп орнындарынан жүгіре қарсы алады;

17) тамақ пісіріп, ешкім жемесе – өзің тауысасың;

18) алған затыңды орнына қоймасаң, қалтырған жеріңнен таппайсың;

19) ұйықтар алдында, тісщеткаңа паста жағып ал да ваннадан шығып кет, басқаларына кедергі боласың, үй ішін бір аралап келгенше, өз кезегің де келіп қалады;

20) қонақ келсе барың-жоғың білінбесін.

1 -Төпли: қорабынан жаңа шыққан;

– Шалбар: қағаз қиятындай қырланған;

– Жейде: алтын жалатылған болмаса да жылтырақ запонкаларымен;

– Сұрақ: Швейцар банкі қай жерде айтып жібермейсіз бе?!

2 -Төпли: трактор басып кеткен;

– Шалбар: сиыр шайнап тастаған;

– Жейде: қорабынан жаңа шыққан;

– Сұрақ: қайдансың?!

3 -Төпли: биікөкшелі;

– Шалбар: белбеуі ҮЛКЕН бляхалы;

– Жейде: денеге жабысып тұратын футболка;

– Сұрақ: қай визажистке барып жүрсің?!

4 -Төпли: ақ;

– Шалбар: ақ;

– Жейде: ақ;

– Сұрақ: Ақан, қалай жағдай?!

5 -Төпли: қысы-жазы кроссовки;

– Шалбар: қысы-жазы бір джинсы;

– Жейде: қысы-жазы, «қылқынып» соңғы түймесіне дейін түймеленіп алынатын, ауыстырып киілетін екі жейде;

– Сұрақ:Google Chrome Beta ұнады ма?!

Алматыда «бүгін, 2008 жылғы 18 қыркүйек күні «Уран өндірісінің өзекті мәселелері» V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз жұмысын бастады» деп хабарлайды Қазатомпром ұлттық атом компаниясы.

Екі жылда бір рет өтетін болса керек. Талқыланатын сұрақтар конференциядан конференцияға қайталана береді ме, әлде Қазатомпром ұлттық атом компаниясының сайтындағы ақпарат өзгертілмейді ме, әлде солай болуы керек пе (сұрақтардың өзгермеуін айтамын)?! Осы жолы әлемдегі уран өндірушілер тізімінде бірінші тұрған Канада келмейтін болған сияқты.

пысы: сайтта қате кетіпті: Алматыға келетін 8 елдің өкілдері емес 9 елдікі болуы керек қой…

Осындайда, сол баяғы Интернеттегі, спам есіме түсіп кетеді: бір бала өте ашуланшақ, қызу-қанды екен, елдің бәріне жаман сөз айтып, өкпелетіп, ұрсысып жүреді. Бір күні әкесі шақырып алыпты да бір уыс шеге мен балға береді «адамға жының ұстағанда мына шегеден бір талдап ана тұрған қашаға қағып қой!» деп. Күннен күнге шеге саны азая береді, бала өз эмоцияларын жинауға, ашуын басуға үйрене бастайды. Шеге біткеннен соң әкесіне келген балаға «енді, әрбір сабыр сақтаған жағдайыңда шегені қайта суыр» дейді. Бір де бір шеге қалмағанда баласын әкесі сол қашаға алып келіп: «енді қарашы, сен ашуыңды басуды, сабырлықты үйрендің. Ал сен өкпелеткен адамның жүрегінде осындай тесік қалады» деп шұрық-шұрық қашаны көрсетіпті.

Кейбір адамдар елді өкпелетуден жалықпайды, «ұмытты-ау» дегеннің өзінде де «сыр-сандықтың» түбінде бір «тыртық» қалады. Білемін, өзінің жоғары екенін көрсету үшін де, санасына жетсін деп те қатты-қатты айтылады. Бірақ, әр нәрсенің шегі болады. Қазақтың жақсы қасиеттерінің бірі – жұрттың көңіліне қарау. ЖОҚ, оны жағымпаздық деп білмеймін, елеңдеу деп те білмеймін… Өз ойын, өз көзқарасын басқаның «ӨЗІМ» дегеніне тиіспей жеткізу.

Бір-бірімізге АДАМ деп қарауға үйренейікші 🙂

Бітті!!! Есіңді ЖИ!!! Жүрек, тұра тұршы жағаласпай!!! Асықпа, саспа … тааак … еден-20°-30°-45° … давай-давай… тАк белге жеттің, малатес!!! Енді шутъ-шутъ қалды… көкірек-иек… УРА!!! КӨЗ! тааак сабыр сақта!!! Жыми! ЕСТЬ!!! Есть КОНТАКТ!!!

Келесі бет