Наурыз 2009


Бірінші-ақ сұхбаттан жұмысқа алсын десеңіз, төмендегідей қателердің жібермеген жөн:

а) Қимылдама:

1) Қолыңды тарт: қанша қобалжып тұрсаңыз да, бірдеңені шұқылап, айналдырып отырғаныңыз жағымсыз әсер қалдырады.

2) «Қинамашы?!»: қарындаш, қалам, қағаз, құжаттардың «мазасын» алмаңыз.

3) «Жыланша»: тіл шығару  аса бір зейінмен кірісудің белгісі болғанымен, анкета толтырғанда, сөйлегенде тілді шығарудың қажеті жоқ.

4) «Сілкінді»: аяқты дірілдетіп отырған адам «өз өзіне сенімді» адамға ұқсайды ма?!

5) Мұрындық: мұрныңызды шұқылау, қасу/тырнау кандидатты алмауға себеп бола алмайды, бірақ басқасы болса…

6) «Беташар»: ауызды қолмен жауып сөйлейтін әдетіңіз болса, ол біріншіден: сөзіңіздің анықтығын жояды, екіншіден: психологтардың айтуынша, мұндай әдет, өтірік сөзге жақындықты көрсетеді. Сондықтан, ондай әдетіңізді көрсетпеуге тырысыңыз.

7) «Ырбыңдама!»: орындықта отырғанда алдыға-артқа, «жыбыр-жыбыр», тыным таппай отыру.

8 ) Маникюрші: тырнақ жемес үшін үйден тамақтарып, тырнақты тістелеуді доғарыңыз. (толығырақ…)

Бірнеше блогтан оқыған боларсыздар, енді міне менікі де … Жалпы 30 минуттай уақытым кетті 🙂 Жауабын біліп тұрсам да, қажетті суретті табу қиын болды 🙂 Бармен базар 🙂

mosaic7610915

1. Атың кім? – Салтанат

2. Сүйікті фильмің? – «Зеленая Миля»

3. Сүйікті сусының? – сыра 🙂

4. Өскенде кім болғың келеді? – Өсіп алайын, бірінші

5. Қазіргі көңіл-күйің қандай? – Жайма-шуақ

6. Бір сөзбен өзіңді қалай сипаттайсың? – Ауадан жеңіл

7. Арманыңдағы қала? – Өскемен

8. Туған қалаң? – Бақалы(ауыл)

9. Сүйікті түсің? – жалпы – қызыл, бірақ бүгінгі көңіл-күйім – «жасыл-көк»

10. Сүйікті тамағың? – ШАШЛЫҚ

11. Дүниедегі ең қатты жақсы көретін нәрсең? – Өз үйім (и все что связано с ним)…

12. Сүйікті мекенің? – ТАБИҒАТ 🙂
Ескертулер жойылды деп ойлаймын 🙂

7gifНе ғой… Мына әңгіме Жан-Айнанікі. «Блогыма жариялайыншы» деп сұрай алмай отыр едім, өзі «жарияласаңыз қарсы болмаймын» дегендей болды. Бірақ, мына туындының менің блогыма жариялануы «намысына» тиіп кетпес пе деп те ойлап едім(қарап отырсаңыз, шығармашылыққа, әдебиетке аса қатысы жоқ, тілі де тым қарапайым блог қой). Өзім үшін, үлкен МӘРТЕБЕ!

Баяғыда қыс патша тағынан түскісі келмей, билігін қолынан шығарғысы келмей, Көктемге орын бергісі келмей, елді біраз әуреге салыпты. Күллі жұрт көктемін аңсапты. Аң біткен көкке зар болып, күннің жылы шуағын күтіпті. Бәйшешек қара жердің бауырын түрткілеп, қашан еркіндік бересің деп мазасын алыпты. Қайдан білсін ол байқұс бұған кінәлі жер емес, Қыс екенін. Қыс та кәрін төгіп, қаһарланып, қарын қатайтып, сүңгіге айналдырып, одан әрі нығарлана түсіпті. Бірақ, «ештеңе де мәңгі емес» қой, бір күні Қыстың төл ұлы, ұлы мұрагері Қар қатты ауырыпты. Төсектен басын көтере алмай ауырыпты. Түрлі тәуіп, менмін деген мыңдаған бақсы да, емші де ештеңе жасай алмапты. Мүмкін олар қолдарынан келсе де, Қарды емдегісі келмеген болар, өйткені Қыстан әбден зәрезап болып бітті ғой. Сынақтан өте алмағандарды Қыс қылшылдаған аязымен үсітіп өлтіріпті. Сол уақытта біреу Түлкінің де емшілік қасиеті бар екенін айтады. Қыс бірден Түлкіге кісі шаптырып: «Қарды кім ажалдан алып қала алса, сол Қыстың суық мейіріміне бөленбек, Түлкі де келіп, бағын сынап көрсін!» – дейді. Емшілердің бәрі шетінен өліп жатқанын естіген Түлкі бұл тығырықтан шығар айла таба алмай әбден сасып, Қыстың алдына келеді. Қардың тамырын басып көрген ол: (толығырақ…)

shy21) М-агенттегі «рассылка» дегенді білетін шығарсыздар. Сонымен, таңдаулы адамдарға жібердім де ары қарай досыммен сөйлесіп отырсам, параллельно басқалары «ты о чем?», «кто такой Наке?», «Салта, я же казахский не понимаю…» т.т. сұрақтарды жаудыра бастағаннан соң барып бірақ түсінгенім… ұят-ай…

2) Әдеттегідей, кеш келдім. Шәй қойып қойыпты, мен ананы-мынаны шұқып жеп болғанымша, ол да қайнады. Шәугімнің даусын естіген мама «терезе алдында тұрған банкаға құя сал!» деп өз бөлмесінде отырып приказ соқты. (Ескерту: далада қыс, электр пеші). Банка бір литрлік. Су қайнап тұр. Банкаға суды ақырындап құя бастадым. «Осы, банкаға ыстық су құйғанда сынушы ма еді?!» банка буланып кетті «Мә, қазір мынау сынатын сияқты?! Қаз сынад!…» … Ақыры не керек, аяғыма ыстық су шашырай бастағанда «АААААААаа» деп айғай салыппын, Джандр, мама жүгіп келіп, суды сүртіп жатыр, банканың қалдықтарын жинап дегендей… «Қайдан білемін?!» деп ақталып жатқаным ұят енді… Ұят-ай…

3) Қонаққа бардық. Ауылдан келген 8 жасар сіңлім бар жанымда. Май жемейтін әдеті бартын, көзіне түссе алып тастайды. Манты дайындап тосып отыр екен. Амандық-саулықты айтып, үстелге жайғастық. Сіңлім жарты мантыны аузына салып жіберген, бір кезде, түрі бұзылып аузындағысын алақанына салды да, үстелге жаға салды «МАЙ» деп… ОЙБАЙ, ұят-ай…

4) Сол үйде бар жоғы 5 адам тұрады – таңмен кеткен кешке бірақ «басы» жиналады. 5 адам қанша ыдыс былғайды дейсіз? 5 қасық, 5 шанышқы, 5 табақ, 5 кесе… Сол үйге кіре қалсаң, көзің ТАУ боп жатқан ыдысқа түседі. «Ұят емес пе?! Қыз деген атың бар ғой…» деген талай сөз еститін де шығар сол үйдің «ыдыс-жуғыш машинасы», бірақ бірі санасына жетпейді-ау деймін… Ыдыс жуудан босатылған мен ұялдым…

5) Сіздің оқиғаңыз болсын… Жалғастырғыңыз келсе, өз блогыңызға, я комментке жазып кетерсіз…

Адамдар, бір 10-15 минуттарыңызды қиып шет елде оқып, диплом жазып жатқан студенттерге «қол ұштарыңызды» бере аласыздар ма?!

Біз, Наньянг Технологиялық Университетинің студенттері, «Қолданушылардың Қазақстан Республикасының «Электрондық үкімет» (www.e.gov.kz) порталын кабылдауы» атты зерттеу жұмысын жасаудамыз. Осы зерттеу жұмысындағы сауалнамадан алынған мәлеметтер теқ қана академиялық мақсатта қолданылады. Барлық Сіз берген жауаптар қатаң конфеденциалды түрде сақталынады. Осы сауалнамада Сіз еркін турде қатысасыз, және кез-келген уакытта сурактардан бас тарта аласыз. Бұл сауалнама анонимдік болып табылады, яғни сіздің атыңыз және байланыс контакттыңыз (сіз берген жағдайда) сауалнамада қатысу келисіміңізді ғана білідіреді.

Біз сізді болген уақытыңыз үшін жоғары бағалаймыз, сұрақтарға ашық және шын жауап беруіңізді өтінеміз.

Ізгі ықыласпен,
Балгаев Ильяс, Аманбек Ерлан, Батырханов Канат

Қазақша Русский English

Алдын ала рахмет!!!

Жұмыстағы конфликт бүкіл коллективтің көңіл-күйіне әсер ететіні сөзсіз. Бәлкім, 3-4 реттен соң «ет үйреніп» те кетер… әй, бірақ қайдам…

Ер(Y)-генділердің арасына түскен «шоқты» жұдырық өшіре алатыны АНООООУ біржасушалылар кезеңінен келе жатса керек.  «Сызбаны 5 рет қайта сыздым» деп сыртқа шығып «мәселені» шешу, мұрынды бетпен теңестіру, қарда/топырақта аунау – романтика шығар, ия?! Қан қайнап тұрғанда жұдырыққа, аяққа жүгіртіп, реті келсе сыртқа да шығарып, көйлекті, қарды/топырақты қызылға бояп, жұлқылау/сілкілеу, елді шулату, өсекші елге 3 күндік әңгіме сыйлап… Кім біліпті?! жай ғана көзбояушылық/арзан понт(c) , жай ғана қораздану, «ЕРМІН!» деп кеуде соғу болған болар, десе де жақсы емес…

Ер азаматтардың арасында отырған маған, шынымен, қиын. Олардың «понятиесі» өзге… Қазір тіпті… О құдай, сақтай гөр… «Давай, выйдем!» деп жұпыр-жұпыр (4 ер жігіт: екеуі ажыратушы) сыртқа шығып кеткенде жүрегім тас төбемнен шықты. Бастықтарға «жеткізіп» салғаным «понятиеге» қарама-қайшы сияқты…

Жұмыс орнында төбелес орын алса, ұжымда бір шикілік барының белгісі болар?! Айтпағым, «корпоративті мәдениет» деген сөз біздің ұжымда атымен жоқ. Ұжымдық құрылымның осалдылығы, кәсіби менеджердің жоқтығы(салдарын да білерсіз: тапсырманың нақты болмауы, жұмыстың бабы мен мерзімін қадағалаудың болмауы, т.т), бастықтар мен қарапайым қызметкерлердің арасындағы қарым-қатынастың бір жақтылығы, қателердің көптігі, бәлкім мамандардың кәсіби дайындығының төменділігі, тағысын тағы толып жатқан себептер ұжымдағы көп түсінбеушіліктерге әкеледі(деп ойлаймын).

Өзгерісті төменнен емес, жоғарыдан бастау керек… Кеңес кезіндегі түсініктері әлі ауыса қоймаған ұжым-басшысының көзқарасын өзгерту оңайға түспес…

d0bcd183d180d18bd0bdКешкі асті ішпеу үшін сағат 6-7-лерде бір тамақтанып алуды ұйғарып – бірнеше түйір мандаринды «ішке» «қондырып», киноға жүгірдім. Кезінде жап-жақын сияқты жер жалғыз келе жатқан маған тым алыс боп көрінді, бір бағдаршамнан екіншісіне жетем дегенше…

Негізгі мәселеден ауытқымайын! Сонымен, кино бітті (құдайға шүкір! 3 Оскарды ұзақтығы үшін берді ме екен?!) Такси ұстап, айтқан соммаға келіскен соң, құрбыммен қоштасып, машинаға кіре сала мұрыным тыжырайып, көзім ашып кетті. Иісті сізге жеткізерліктей сөзім жоқ. Бірақ, мотор майы, көк(сырость), тер(кәдімгі адам тері, кейбір хайуандардар үшін тер – қорғаныс қызметін атқармаушы ма еді),  малдарға жағатын май ғой  – корелен ба?! уот сол, тұрып қалған қоқыс, құрттап кеткен ет, «сынуға» жақын нәски сияқтылардың иісін бір машинаға сиғызылған. Есік жабыла орнынан қозғала кетті(есімді жиып үлгермедім), дем ала алмай, терезені кішкене түсіргенім көмектеспеді-ауаның тығыздығы сондай ауа қозғалмайтын сияқты… Түрлі-түрлі ойлар да келді: бағдаршамда тоқтаса түсіп қалайын/қашып кетейін деп те, кешірім сұрап шығып кетсем ба/тоқтатсам ба деп, «адам отыратын машина ма өзі?!» деп бұрқылдап, ұрсыссам ба екен деп те. Нәтижесінде, машинадан түсу тұрмақ, қозғала алмай қалдым, көп қимылдасам иіс жабысып қалатындай. Терезеден әлсін-әлсін соғып тұрған желді иіскеу үшін мұрымды сол жаққа бұрамын-газдың тез тарап кететіні бар, ауа свежий қалпында қалса ғой, НО НЕТ ЖЕ! араласып, тыныс жолдарының бәрін орап тастайды. Кинодан кейін, үйіме жеткенше фильмге анализ жасап тастайтын едім, бұл жолы, Бред Пит өзі кешірсін, ойлауға мұршам болған жоқ. Дем алатын ауа таба алмай отырғанымда, үйіші телефон соқса шы… Өкпемде «А?!» дейтіндей ғана ауа барын сезіп, терезені біршама түсіріп, енді дем ала бергенде мұрнымнан бұрын аузым ашылып, ұрт арқылы өкпеге ауа толды.  Сол сәтте асқазанымнан ұялғаным, үш сағат бұрын «қонған ел» шек асып кеткен болу керек, асқазан сыртқа шығаратын түгі болмай жиырылды да қалды. Қалтафонды қоя сала, терезеге жабысқандай болдым. Қолымнан келсе, мұрнымды көшеге шығарып қояр едім, әттең денемнен ажырамайды! Бұрулы мойын да үйіп қалды…

Неге екені белгісіз, шопыр ағаны қазақ емес екен деп ойлап «На светофоре на лево!» десем – «Солға ма, оңға ма?!» дейді – «АҒА-ау, ұят емес па?!» – ішім сыздап кетті…

Күйе сасыған ауадан айналдым! Үйге жеткенше кірпідей жиырылған өкпе, асқазан өз қалыптарына келді, киіміме сіңген иіс те біршама бәсеңдеді, шашымды(и не только) жумаса болмайды. Солай жағдай, достар…