Қыркүйек 2010


Туылған күні: «Телефон соғып құттықтау керек»

Бір күн өткеннен кейін: «Ох, блиииииииин құттықтауды ұмытып кетіппін ғой…»

Келесі күні: «Ұят-ай… Екі күн өткетіпті ғой…»

Үшінші күн: «Как-то ыңғайсыз… Қай бетіммен құттықтаймын?!»

Төртінші күн: «Қал-жағдайын білгенсіп телефон соға салам ба?! За одно бір ауыз сөзбен туылған күніне құттықтау айтармын».

Өстіп кейде достардың туылған күнін ұмытып, басқа шаруаларға кірісіп кетемін/міз.

Жанна, туылған күніңмен!!!  Бар жақсылықты тілеймін 🙂

Өмірде, жұмыста, қарым-қатынастарда өзгерістер болып тұрады. Ну, онсыз куда?!

Сол өзгерістерге кім қандай анализ/талдау жасап жатыр екен, ә?! Мысалы, жақсы араласатын досым былай дейді «Біз әлі де бір бірімізден көп нәрсе жасырамыз». Тіпті осы сөздің астарында қарым-қатынастың толық ашылмағанын, толық сенімділіктің жоқтығын (мүмкін, басқа да нұсқалар бар шығар, но басым жеткені осы) жатыр деп ойлаймын.

Ал, талдау жасадық дейік, қандай шешімдер қабылдаймыз? Ол шешімдерге қалай жан бітіреміз?… Нәтижесі қандай боларын тағы бір Құдай білсін…

Очм, өтірік/шын бас қатырғанство…

Сөкпеңіздер…

Танитын-танымайтын адамдардың қылықтарын әңгімелей бастайды ғой. Сол қылықтарды сен де анда-мында көрсететінің бар болса… Айтылған «сын» бұл қылықты қайталамауға себеп бола алады ма?! Өзіңе тікелей айтылмаған сынның қаншалықты маңызы бар?!

Қобалжыдым. Өз-өзіме симай, достарымның бәріне, «онда тұрған не бар?!» дейтін адам таппай, айтып шықтым. Мен күткен сөзді бірі айтпады 🙂 Неге? Мүмкін олардың да көңілдері қалап, бірақ жігерлері жетпей, батылдары батпай жүрген армандары/қиялдары бар болар.

Мектептен армандайтынмын, «шіркін, әнші болсам ғой» деп 🙂 Балалық арман ба, қиял ма… Белгісіз 🙂 Әрине, әнші бола қалмаймын, алайда анда-санда іштей емес, ел еститіндей «әу» дегім келетін. Просто, көптің алдында ұялғаннан ұялады екенсің да 🙂 Сондықтан, сондықтан! вокалға барып көрдім 🙂

Мұғалім үйіне қабылдайды екен. Үйін оңай таптым – 70-80 жылдары салынған үй болса керек, прям кеңес үкіметі кезіндегі кинолардағыдай 🙂 Үй үлкен кісі мен мысық сасиды. Мұғалім – кемтар кісі.

Теориядан бастап кетті. Блин! Опять оқу… Ештеңе оңайлықпен берілмейді ғой, сондықтан, сондықтан! «оқу түбі – күміс көмей» деп, шыдамдылықпен тыңдап, жазарын жазып алдым 🙂

Тыныс алудың екі түрін көрсетті: әзірге дұрыс дем ала алмаймын 🙂 «Бір айда дауысыңды қойып беремін» дейді ұстаз 🙂 Сенеміз, қайтеміз да… Бәрібір еңбекке байланысты ғой!

Айтпақшы, менің даусым меццо-сопрано екен :)))

Сол… Армандарыңыз орындалсын, ағайын 🙂

Пысы: бір айдан кейін көре жатармыз 🙂 мүмкін басқа армандарым есіме түсіп қалар :))))

Так вот 🙂

Екі күн мұғалім болып көрдім 🙂 Елестете аласыз ба? Балалардың басын жинай алмай қаламын ба деп ойлағанмын. Ниче, 3-і курс  студенттері ақылдары толықсыған, балалықты қойған, әп-әдемі бозбалалар мен бойжеткендер екен 🙂

Ойнап бардым демеймін…

Ертең сабақ деген күні негізгі жұмысымды реттеп кетейін деп кеш шықтым. Үйге келсем – свет жоқ, ыстық су жоқ, декоративті майшамдармен қарсы алды сіңлім, қалғандары ұйықтап қалған. Шамдары бар болсын – сығырайып, сабаққа дайындалуға еш мүмкіндік болмады 🙂

Өзім оқыған кафедра болғандықтан, бәрін толықтай түсіндірмеді де. Бұрыннан келе жатқан мұғалімдер жылы қарсы алды, ал кейіннен қосылғандары – біртүрлі жоғарыдан қарайды ма, қызық…

Бірінші сабақ. 8.20. Қазақ тобы.

Өзімді таныстыруды ұмытып кетіппін де, «апай, апай!» деп жамырап кетті. 8 адамды төрт бригадаға бөліп тастадым. Зертханалық жұмыс жазылған кітапшаны оқымай суреттеріне қарап жасап кетеді де «апай, апай, чет не получается» деп отырып алады. О тоба!!! Бір айтқанымды төрт рет қайталататын сияқты – «қоя ғой»… «Балалар!» деп бастадым да (блин! мен тура солай айттым ба, ма-ма әлі сене алмаймын!!!), бәрі маған қарағанда аузыма сөз түспей қалады ма деп едім, ниче… Кітапшада не жазылғанын айтып бердім (соны өздері оқып алатын балалар ғой).

Сабақ аяқталғанға қарай, тағы сұрақтар: «апай, отчет қалай жазамыз?», «апай, қалай қорғаймыз?», «апай?», «апай?», «апай?»…

Үшінші сабақ.

Әртүрлі екі факультеттің студенттері бір зертханалық бөлмеде болды. Қай факультеттің студенті болмаса да, әйтеу біреуі менің қалтафонымды зып еткізді… Ия, ия… мен-аңқаумын…

Сөйтіп, бірінші күн зу етті. Екінші күн еш приключениесіз өтті де кетті.

Мұғалімдікті алып кете алар едім, бірақ… Бар бәленің бәрі өзімнен 🙂

Адам тойып тамақтанып алғанда, барлық энергиясы ас қорытуға жұмсалады дейді.  Енді, ойлаңызшы, адам тоңғанда/жаурағанда/мұздағанда энергиясы дененің температурасын ұстап тұруға кететін шығар. Сондай энергия көп жұмсалатын жағдайларда миға керек энергия көзін сырттан қосса, типі жеке аккумулятор. Мүмкін, кейін тамақ ішудің де қажеті болмас… Бардың да асқазан аккумуляторын сатып алдың, қол-аяқтың батарейкалары өшуге жақын қалды – бардың да ауыстыра салдың… Бірақ, тірісің да, жаның, ойың өзіңде 🙂 Ғалымдар ойланып та жатқаны шығар сол туралы 🙂 Альтернативные источники энергии сияқты, мысалы 🙂

Қиял 8 Қиял 7 Қиял 6 Қиял 5 Қиял 4 Қиял 3 Қиял 2 Қиял 1

Бес блоггер екі оқырманымен кездесіп, блоггерлер ғана блог оқитын боп шықты. Блогтар блогшылардан басқа жанға керек пе?!

Әдемі сөздерім таусылып қалса да, алтыбақан тепкендегі сезім әлі кетер емес…

Көңіл-күйім тамаша, бәрін жақсы көрем, бәріне дән ризамын!

Б-А-Қ-Ы-Т-Т-Ы-М-Ы-Н!!!

Алтыбақан адресі: Алматы қаласы, Гоголь көшесінің бойымен, Байтұрсынов пен Шарипов көшелерінің арасында(«Қыз Жібек» киносындағыдай, көрініп тұрады), 10 минуты 100 теңге 🙂

Алматының аялдамаларында осындай баннер тұр. Мүмкін, қызығатын адамдар бар шығар 🙂

Келесі бет