Маусым 2009


Комментарий керегі жоқ 🙂 Ауылдың көрінісі былтырғыдан позитивтірек сияқты, біртүрлі, тірілген сияқты/әлде мен тірілдім бе 🙂 (толығырақ…)

Advertisements

bicycleМеня не научили в свое время. Приходится учиться, относительно, в зрелом возрасте. Сперва, братишка провел инструктаж: «как не следует ездить». Я, собственно, это и повторила, в точности да наоборот(руль не поворачивать в разные стороны, расслабиться при вождении, поворачивать руль туда куда падаешь). Сложновато что ли, во первых сложно сесть на сам велик, потом сложно собрать ноги и начать двигать ими при этом не забывая о руках, которые направляют тебя в нужном направлении, и во вторых – остановки, я про повороты вообще молчу. У меня страх! Еще какой страх! Братишка показал 2 способа «взбирания» на велик: 1) Правая нога на педали(по ту сторону), а левая на земле: отталкиваясь левой, наступаешь на педаль правой и попой на сиденье и поехала! аХХа!!! АЖ 2 раза! 2) Левая на педали, правой отталкиваешься и как поехал так сразу правую через сиденье откидываешь на др. сторону… НИ ТУТ ТО БЫЛО! СТРАШШШНО!!! Я этому моменту так и не научилась. Чему меня братишка(и не только он) научил так это – ездить прямо, повороты – дело будущего.

Был вечер. Мадёка увидела свой старый велик. Тут как тут оказался насос, накачали/закачали/докачали. Мадёке около 11 лет. Она летает на «двухколесном». Все мы в душе дети… Мне захотелось тоже «полетать» (честно говоря, сейчас жалею). У меня не получалось с начала(да и после прогресс был не такой заметный), зато оказалось –  мама в 5-м классе уже между аулами каталась, женгешке на большом велике дедушки училась, для остальных в этом нет ничего сложного(такое ощущение, что они сели на велик и тут же поехали).

ЭХ… Лето-то на дворе – пора коротких юбок да шорт… А у меня ноги в синиках… К тому же не только ноги, руки. Да бог с ними, можно под одежной скрыть, а вот проблема – ни сесть, ни встать…

Заключение: нужно работать над страхами. Я пока не знаю как 🙂

Ескі оқиғалар ғой:

1) Сарқант ауданының бір ауылынан бір ата Алматыға жол тартыпты. Таксист балаға «Қапшағайға жеткенде оят» деп тапсырып қойыпты да ата ұйқыға кетіпті. Шопыр-бала есіне пысылдап жатқан ата Алматыға жете бірақ түсіп, «қап-ай, ә!» деп қайта Қапшағайға машина тұмсығын бұрты. «Ата Қапшағайға жеттік!» деген таксистке ата аузындағы насыбайын түкіріп тастап – «Енді тарт Алматыға!» деген екен дейді.

2) Алдар Көсе ма, Қожанасыр ма поездта келе жатыпты да, жанындағы жігіттерге «Пәленбай стансаға жеткенде оятыңдар» деп өзі жоғарғы орынға жайғаса кетіпті. Қартаға(карты) әуес жігіттер екен дейді, соның бірі бар ақшасынан ұтылып ұйқыдағы қарттың сақал-мұртын алып тастауға ойнапты. Пәленбай стансаға жеткенде, атаны оятыпты, есіктен шыға берген Алдар Көсе/Қожанасыр айнадан сақал-мұртсыз өз бейнесін көріп «Кімді оятып жіберген, мыналар» деп айтқан дейді.

3) Поездта бір атамен бір топ жігіттер келе жатса керек. Сосын, жігіттер атаның бәкісін сұрап алып, шошқа майын кесіп жепті де «Ата, мына бәкі бізде қалатын болды! Біз бұнымен шошқа майын кестік» дегенге ата: «Е! ештеңе етпейді! Аяғымның тырнағын алатын бәкім ғой» деп сүртіп-сүртіп қалтасына сап қойған екен дейді.

Джандр… Джандр… эх Джандр…

Джандр туралы ауыз көпіріп айтуға болады. «Жынды» ғой жүрген: кейінгі кезде бір әдет тауып алыпты, келеді де басыңды құшақтап «балапаным менің» дейді, тіпті мамаға барып айтқанын қайтерсің(папамен олай ойнамайды ғой 🙂 )… Кейде, көңіліміз жақсы бола қалса «қыздар болып» шиқ-шиқ, чықылық-чықылық деп кетсек, бәрінен бұрын Джандр «таяқ» жейді :)) Нұрж «ақырын сөйлещ! микрофонмен туғансың ба?!» деп те ұрсады… Үйден шығып бара жатып, айнаға қарап «Гүлмін ғой ГҮЛ» дегені де бар(еще с таким важным видом, шынымен-ақ айнада жер-көкте жоқ гүл тұрғандай)… «ТУФ! менен басқа жұмсайтын адам жоқ па?!» деп жынданғаны да өзіне жарасымды…

Өсіп қалыпты… Оған қарап өзіңнің нешеде екеніңді, ол үшін жауапкершіліктің де артқанын ойлағың келмейді… Айтпағым тіпті басқа…

«Қыз балаға қырық жерден тиым» дегенді бәріміз білеміз. Бірақ, Джандрға бостандық/еркіндік бергім келеді… Қыдырып келсе, сұрақ жаудырып тергемей; түнімен телефонда отырса ұрыспай; сұранған жеріне рұқсат беріп, я рұқсат алуға жәрдемдесіп; сеніммен қарап, т.т. Есейді, өз ісіне өзі есеп беретіндей дәрежеге жетті, ақ – қараны ажырата алады… Ол үшін қанша қорықсам да, оның өз тәжірибесі, өмірге деген көзқарасы, достары/круг общения болуы керек. Онысы бар да…

Нұрж екеумізден соң Джандр… Бір күні былай дейді «менде сенен де бірдеңе бар, Нұржтан да бірдеңе бар!». Ол дегеніңіз – Джандр өзін бізбен салыстырады. Біз жақсы болсақ, ол қайдан жаман болады?!

Үлкен-кіші болып бөлінбей-ақ, Нұрж, Джандр, Нұкебала дос болайыншы, а?!

Мен тұратын ауданға жүретін автобустар кешкі 9 болмай тоқтап қалады. Сондықтан бірігіп, қосылып барамыз/барады(скидываемся). Ауа-райы бұзылайн-бұзылайн деп тұрған кез. Қолшатыр қолтықасты-сөмкеде болғанымен, сыртқа шыққысы жоқ.

Аялдамада адам аз екен. Бір келіншек «таксимен кеттік» дегенін дұрыс көрдім/құптадым. Өзі сөзшең екен, әңгімесін айтып, сұрамасам да осы аптада халықаралық сертификат алғанын, ҚазҰУ-да оқығанын, сол жақта 1 жылдай сабақ бергенін айтып берді, мен тек басымды изеп, «е! да? ммм ия ия» деп отыра бердім, үйреншікті боп кеткен, негізі. Көп сөйлей бермеймін ғой, жалпы 🙂 И так, басымды көп изеп қойдым ба жаңағы келіншек менің телефонымды алмақ – ауданымыз, шынымен-ақ, алыста, адам жетем дегенше үш түс көріп, төртіншісінің титрларын жаттап үлгереді; «дос боламыз» деген оймен 10 санмен алмастық, сосын қызыл-сары-жасыл шамға тоқтағанда:

– Жасың нешеде?

– 8* жылғымын

– Ойбай, жоқ! Подружка болмаймыз!

– 😀

Күліп жібердім.. ой жоқ … ҚАТТЫ күліп жібердім 🙂 Келіншекте үн жоқ, ал мен… езуімді жинай алмай қалдым… уот 🙂

Ашуым басылып, сабырлық оралып, өз сабама түстім… Бірақ, бар ашумен келген ойларым жоқ боп кетті… Бірдеңені түсіндім, бірақ нені екенін әзірге білмеймін…

Сіздермен бірге түсініп көрсем қалай қарайсыздар? Тек, күлмеуіңізді өтінемін…

Уақыт деген сөзді әркім әрқалай қабылдаса керек, әркімге оның құндылығы әртүрлі де. Уақыт дегенді «өмір» деп түсінсе қалай екен?! Енді қараңыз, сізбен бір уақытта кездесуге келістік. Сіз кездесуге бірер сағат қалғанда кездесуге келе алмайтыныңызды айтып хабарластыңыз. Сонда не болды дейсіз, сіз сізге бөлінген менің «өмірімнің бір мезетін»=уақытымды «жойдыңыз». Ия, дұрыс қой(!), бізге тәуелсіз жағдайлар да боп тұрады, оны да естен шығармаймыз ғой. Десе де, уақыт белгілемес бұрын басқа қосалқы жағдайларды есере отырып белгілеген дұрыс деп ойлаймын – өз уақытың мен өзгенің уақытына бармақтай болса да сый/сыйластық ретінде.

Енді, адамның уақытқа деген көзқарасы «өмірлік фазалардың» қайсыссында қалыптасады? Мен де бір күні ана болармын, сонда балама уақыттың не екенін қалай және қашан түсіндерер едім?! Ең бастысы, айтқаныма ісім сай болуы керек болар ия?! Бірінші «фазаларда» уақыт деген «қазір», «ертең», «сосын», «ерте-кеш», т.т сөздермен өлшенсе керек, кейін есею барысында өзің біле бастайсың ғой «2 сағат», «түнгі 1», «таңғы 4», т.т уақыт өлшемдерін. Ата-ананың рөлі қандай?! «Кешікпей кел» деген не? Бұл ой бұрын да болғандай/айтылғандай – дэжавю? 🙂

Бос уақыт… Дем-алысқа бөлінген уақыт деп түсінген дұрыс емес сияқты, біртүрлі. Бос уақыт – бос уақыт, ешкіммен, еш нәрсемен «толтырылмаған» уақыт. Сонысымен қызық та… Қалай жұмсаймын десең солай жұмсайсың – бос құмыра сияқты, немен толтырғаныңа байланысты өзіңе қайтады. Жәй мысал, артық уақытты дем аласқа/ұйқыға кетірдің – өзіңе пайдалы, шаршаған ми/дене тынығып қалады(сізден басқалар да дем алуы керек қой, анда-санда); кітап оқыдың – қазір пайдасы көрінбегенімен, сөз алысың, ой өрісің, тіпті білім деңгейінің өзгергенін бірер уақыт өте көресің; достарыңмен кездестің – көңіл көтердің, бар жиналған шеріңді шығардың, басқаның көзқарасын байқадың – өзіңмен салыстырдың; мексикан сабыноперасын қарадың – жылап-сықтап, ертесін ұмытып кеттің; тағысын тағы толып жатқан бос уақыттың қолданысы.  Ал, менің бос уақытым қайда кетіп жатыр?

Негізі бұл ойлар «өз уақытың» мен «өзге уақытының» арасындағы айырмашылықтан басталған еді.

Болды енді 🙂 Ары қарай қазбалаудың қажеті шамалы 🙂

Түсінгенім бұрыннан белгілі, өзіме де өзгеге де… Уақыт – қайтып оралмайды, сіздің де менің де 🙂 «Қазір» мен «тура қазірдің» ортасындағы баланста жүру деген қандай…