Шілде 2010


Аннан-мыннан жиналған фотолар. Сапасы үшін кешірім сұраудан жалықпаспын 🙂 Қалтафонға түсірілгендіктен боп тұр…

Өте жиі еститін сұрақтар(ым):

5) Неге?

4) Жоқ?

3) Не?

2) А?

1) Найман емессің бе?

Азаматтық неке… Айтып, айтып жауыр болған шығар, менің айналып өтетін тақырыптарымның қатарында еді 😦 Енді, менің достарымның басына түскен жағдай болып тұрғаны…

Жігіт – қарапайым мұғалімдер жанұясынан шыққан қазақтың қарасы.

Қыз – хохол-әкесі мен қазақ-анасынан жастай айрылған қыз.

Бірге тұратындарына бірер айлар болған.  Жігіттің әкесі келеді де тыныш өмірлерін шайқап жібереді… «Таста мына қызыңды» деп әкесі ауылына кетеді, бітті… Жігітте не амал қалды???

Менің ата-анам осындай оқиғаларға қалай қарайды екен деп анама айтып көріп едім… «Отбасының шаруасына ессіз араласады» деген сияқты бірдеңе айтты, бітті… Одан әрі қазбаламадым…

Азаматтық неке деген бір тыйым салынған, ел-жұртқа айтуға болмайтын жайт сияқты болып көрінеді. Жігіттің ата-анасы неге сонша қарсы болды екен… Үлкендерді түсіну қиын, ия?!

Сабыр Даутович

1. Барлық түлектер атынан Сабыр ағайдың туған-туыстарына көңіл айтып, иманы жолдасы болсын, жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын дейміз.

2. Барлық РФМШ (Республикалық физика-математика мектебі)  бітірген оқушыларға келесі бір келеңсіз осы заманның күйбің тірлігін айтып хабарлама беруді жөн көрдік, бұл хабарламаның негізгі мазмұны төмендегідей:

а)На похоранах выяснилось следующее, что единственная квартира, в котором живут вся семья Сабыр Даутовича (разведенный сын и дочь с внуком, жена), в настоящий момент находится в Залоге согласно договора залога №ДЗ 1417-НН-2628352006 от 23.03.2006 года в Альянс банке под обязательства по кредиту № 1417-НН-2628352006 на сумму 35000 долларов.

б) текущая задолженность по данному займу, который был оформлен на сына СД – Жанболата Сабырбаевича Оспанова, составляет согласно графика – 27932 долларов США.

в) таким образом, заемщиком является Сын Жанболат, Залогадателями являлись жена СД – Жумабекова Кумис Касымхановна и сам Оспанов Сабырбай Даутович

г) на данный момент не сын, не дочь СД не имеют постоянную работу, а жена – пенсионерка.

д) за неделю до случившегося инфаркта, Сабыр Даутович встретился с одним из выпускников нашей школы и рассказал свою проблему с данным кредитом: егер олай-булай болып кетсем окушыларга аманат, осы карызымды окушылар өтеп бермесе, семьямның колынан келмейды,- деп айтқан екен.

е) на основании вышеизложенного, и после того как обсудили данный факт с учителями школы, пришли к следующему мнению: 1.на днях будет открыт карточный счет на имя Жумабековой Кумис Касымхановны в Альянс банке

2. если посчитать за период работы Сабыр Даутовича в школе (за 32 года) выпустились минимум 120 классов, проживавших в интернате, то на каждый класс приходится по 250 долларов (так как учитываются штрафы и пени за просроченные долги) для сбора, чтобы погасить кредит. либо эквивалент в тенге =37500 тенге.

3. данные карточного счета через 3 дня вывесим здесь на сайте

4. просьба всем распространить данную информацию и даже выпускникам русских классов.

5. в любом случае, деньги лишнее останутся у семьи для проведения 40 дней, годовщины, строительство оградки, памятника и т.д.

6. те, кто были на похоранах были свидетелями, что наш Сабыр Даутович жил все годы на одну заработную плату и не оставил после себя ничего нажитого. 3-х комнатная квартира в панельном доме в Орбите, которая в залоге находится, является единственным имуществом (когда то полученный от государства, благодаря Жаутикову).

7. Осы айтылған мағлұматқа түсінікпен назар аударып, қолдан келген көмекпен ат салысуды өтінеміз. Көп түкірсе көл болады,- дегендей көпшілікпен шешпесек (бүгінгі заманда јркім өз қайғысымен бас сауғалап жүргенін де білеміз), бір ғана кластың немесе бір ғана оқушының қолынан келер іс емес.

Ұстаз алдындағы борыштың бір өтеуі болып, көрсеткен көмек үшін Алланың сауабы тиер деген ниеттен басқа айтар әңгіме жоқ.

Тааак, көзіңді қатты бояма, әшекейді азайт, ахха, дұрыс… Слишком вульгарно боп кетед, ерінді боямақой…

Ал кеттік… Артың көрініп қалмасын, арқаңды тік ұста… Мхм, дұрыс… Қиқаңдамай дұрыстап жүр… 10 см деген сөз боппа…

Оу, дядь Коль, сәлеметсіз бе, жағыңызды көтеріңіз, шыбын кіркетед…

Блиииин, ағай олай қарамаңызшы… Мен андай емеспін…

Плиз, плиз, плиз… Бардюрге жақын тоқтащ, плиииз… А-то автобусқа мінем деп, ағаға бәрін көрсетіп қоярм…

Құдай, мыналардың бәрі аяқ көрмеген бе? Хватит, не болд сонша… Аяқ как аяқ…Сан, жамбас…

Бррр бабушка, өзім де не то бовтұрм, санымды жалтыратып…

Блиииииииин, жел тұрса құриды екем… Фтю деп етегім басыма ұшайн деп тұр ғой, че-то… Құрысын!

Алло, Джандр… Төле бидемін, ласины апкещ, срочно… Ахха… Ну, жүре алмадым… Тез шық! Очм, остановканың артында күтем…

Евгеника дегенді естігеніңіз бар ма?! «Тайны ХХ века» (№27, 2010) деген журналда «наука о передаче наследственных качеств от родителей к детям» делінген (интернетте чето страшное жазылған).

Кім айтқаны есімде жоқ, «ата-ананың тілегі бірінші қабыл болады» деп еді. Онда логика бойынша, баланың да тілегі қабыл болу керек қой, да…

Бір тілек* (бірер секунд уақытыңызды алады): шын жүректен/іштей ата-анамызға тірісіне – денсаулық, марқұм болғандарға – тыныштық тілейікші**.

* Күніне мың рет қайталаса да болады 🙂

** Қабыл болсын…

1) Бастықтың 5 жасар қызымен сөйлескенім үшін сөгіс алғанмын. Сөйлеп қалған қыз екен мамасының қазақша білетінін айтып қалды. Содан келіп бастық «сәуірдің» орысшасын сұрайды и типо қазақша васшэ «дуб дубом».

2) Бастықтан жоғары тұрған шеф бір танысының танысының қызын жұмысқа алыпты-мыс. 8-наурызды тойлағанда әлгі қыз ішіп алып, шашылып билепті, 10- наурызда шеф оны жұмыстан шығарып жіберіпті-мыс.

Еденжуушы апай өз туған күнінде арақ-шарапты ұрттамағанын 8-і наурыздағы корпоративкада көп алып қойғанымен түсіндіріп, шефтің сол күйін көрмегеніне, Астанаға кеткені үшін Құдайына алғыс жаудырды. Уот…

Бір сөзбен: «КҮДІК!!!»…

Шешім: жұмысыңды істе!!!!!

Мүмкін, күн суық шығар?!

А может, су таза шығар?!

Алматыға жету де тез шығар 🙂

«Нүкте» қоятын уақыт емес 🙂

Тағы жұмыс ауыстырған едім. Өзіме ұнайды: бір орында отырмайсың, жыбырлайсың, қимылдайсың, ізденесің, сұрайтын адам табылса сұрайсың да, табылмаса миың жеткенімен әйтіп-бүйтіп бір ақылға жеткізесің (қате тапса, босқа, қайтарады :))) ), таңмен кетіп, түн жамылып келетін жұмыс… Армандағаным да осы, сенесіз бе? Зыр жүрігіп жүргенде тығыз шаруаларға ғана уақыт табылады екен (блогқа жазу солардың қатарында болып тұрғаны :))) )

Бір диалог болды, жақында. Айта кетейін.

Түс кезінде бастықтар астануға кетті, заказчиктер түстенуге кетпей тұрғанда мен (больше всех нужно) құжаттарды апара салайын деп машина күттім. Апаратын баланың өзінің жұмысы басынан асады: түскі ас кезінде де жұлып алып, жұмсай береді (бұл жолы менің өтінішім бойынша). Жаман ыңғайсызданып, жыбыршып тұрмын. Сонда, бухгалтерияның жұмысын жамандап, жамандап, жанымдағы камазист ағай былай дейді:

– Сенің бастығың – *қазақтан басқа ұлт*, бухгалтерді білесің – *қазақтан басқа ұлт*. Олар өз Отандарына кетеді, ал сен – қаласың. Қазір жақсылап үйреніп ал, сосын өзің сияқты қазақ қыздарына үйретесің…

Эмоциядан басқа дым қалмады, іштей жарыла жаздадым…

Хабарландыру: осы жазбадан кейін Балғырған блогында пікір қалдыру мүмкіндігі болмайды. Пікіріңіз болса жекеге жазыңыз: salteschka айқұлақ (@) gmail нүкте com