Қозы бағып, қой бағып жүріп ән салатын ДАЛА қайда?! Пәтердегі маған тиесілі 2 м3 орным аздау ма, көршілердің жүйке жүйесіне келтіретін зақым көп па, үйде/ваннада/душта ән айтпаймын, шынымды айтсам 1998-ден бастап ел көзінше «әу» деу қалған…

Қазір дастархан басында ән айту қалып бара жатқан сияқты. Тойбастар дегенді жастар жағы атын білсе де, бір шумақ тойбастар/тойтарқар әнін айтудан қашады, мен де қашамын… неге НЕГЕ???

– білмеушілік;

– менсінбеушілік;

– өнеріңнің барына сенбеушілік;

– «ескі» жұрттың қалдығы деп санау;

– дауыстың жоқтығы/ұялшақтықтың қорлығы;

– әлде психологиядан іздейміз ба?! мысалы, кішкентайында орындыққа тұрғызып қойып «Ал! Шырқа, бозторғайым, шырқа!» деп «қинап» ән айтқызатын бала өсе келе «музыкалық училищеге түсем» дегенде ата-анасы тежеп, ұл болса – «өнермен семьяңды қалай асырайсың» деп, қыз болса – «білеміз ғой өнердегі қыздарды» деп я бухгалтер, я программист, я тағы да басқа мамандықтарды зорлап оқытуынан «жанбай өшкен өнер» иесі өз даусын/өнерін көмуінде ма?!

Дайсукэ Иноуэға рахмет, кезінде караокені ойлап тапқан. Енді еш комплекссіз караоке барға барып айғалап болады ма, сыбырлап болады ма, шыңғырып болады ма, қалай айтқың келеді солай ән «шырқап» қайтуға болады 🙂

Келесі қиындық – қазақша әндерінің караоке дисктері… Мен барған жерде орысша да бар, ағылшынша да бар екен да… қазақша жоқ екен :»(