Қазан 2008


Айконаның үнсіздігінен

Алғашқы нұсқа:

Махаббатың барына сенгізбейді ғой сенгізбейді… Жүрегімді алып ұшып «міні!» деп – «дүк-дүк дүк-дүк»: құлақ аспай, «ақ қайыңға барып сырыңды айттың…» Оңбайсың ғой оңбайсың! «Жаныма жалын берген сенсің» деп тағы ұсындым: айға қарап мені ұқсаттың ба?! есіңе түсірдің бе?! Ұқпадым! Бар көңілімді жинап, ойыма салып, ақылыммен буып әдемілеп, есім қалмай упоковать етіп берсем, не дедің: «…алма бақты аралаумен, жалғыз кетіп барамын-ау мен, махаббатым, қайдасың қайда?!…» Мүмкін, саған әшки керек?! Бойым кіші болған соң көрмеген болар деп каблук кисем «…бұл-бұл құсым жырақта ма?!…» дегеніңді қалай ғана түсінемін… Жерге түссеңші?! Қыз деген жерде жүреді-не деген жылаңқысың… «жанарыма кеп түйір жас тығылады»-жүрекке «пышақ» кеп сұғылады…

Шынымен, сезім болмаса мың жерден әдемі бол, мың жерден ақылды бол, сені көрмейді екен 🙂

Келесі нұсқа:

Кірпігіме күн оралып аштырмайды, сығырайған көз астынан қарап тұрған менің санама жымиған қалпың сақталып қалсыншы… Күннің құдіретін-ай…

Күн күлкіңмен жағаласып, көзіңді аштырмай тұрғанын қарамайсың ба?! Көздеріңе ғашықпын! Толықтай ашшы… Өмірдің сырын кірпіктерің жауып тұрғанын-ай…

Жауапты болғанының өзі бір бақыт қой 🙂 Айт айтпа оны екеу сезеді ғой…

Инженерлік ойдың шыңы! Бұрын-соңды көрмеген екенмін!

(толығырақ…)

Айконың бастамасын қалай жалғастырмаймын 🙂

Автобуста!

Вот, осы демалысттардан кейін, таңертең ұйықтап қалыппын, кеш шықтым. Ең соңғы аялдамадан отырып, ең соңғы емес аялдамадан түсемін. Адам қырғын. «Шығып кетейін! Өтіп кетейін! Жіберіңізші!» деп өз аялдамама бір аялдама қалғанда жылжыдым. Аялдамам! Мен әлі автобустың ортасында тұрмын-«Әй Остановите! Стойте! Мен қалып қалдым!» деген менің жіп-жіңішке даусым шықпасы бар ма!? ЖОҚ, тоқтамады. Келсі аялдамаға дейін шығар есікке тағы жетпей қалдым! Бұл жолы, жұлқынып «АРЫ ТҰР! ТАРТ КӨТЕНДІ!» деп итергенімді қайтейін тура есікке жеткенде екі адамның ортасына қысылып қалдым. Блин! Кондуктор қолымнан ұстап алып тартпайды ма… О ужас! «Бойым ұзарып кетер» деп ойлап қалдым 🙂

Кіруін кіріп, шығуы бір азап болды 🙂

Айтпасам да, ауылыма барып қайтқаным белгілі ғой 🙂 Сол кезде, әкем бар, ағаларым бар, әжем бар-бәрі өткен-кеткендерді еске алып жатты. Кішінің аты кіші, аузымды ашып, әрбір сөздерін жаттап алуға тырысып бақтым. Ақпарат тым көп боп кетті ма, барлығы есте қалмапты. Сондағы қалғандарын құлақтарыңызға сыбырлай салайын, тек ешкімге айтағын:

***

Қи су болмасын деп үстіне шөп төгіп тастапты. Күзгі күн суық. Ағаларым жылынбақ болып, шөпті қуыстап(үңгірлеп дейміз ба) кіріп сіріңке жағады 🙂 Бір апта атамыздың көзіне түспей қашып жүрген екен. Жылуы қатты қи талай бықсып жатты дейді.

***

Жансүгір мен Сарқанттың арасындағы жолда үлкен диірмен тұр, көз сала жүріңіз. Сол диірменнің қожайыны қан қысымы артып қайтыс болыпты. Қасында әйелінен басқа ешкім болмапты, телефон жоқ, машина да жоқ, болғанда да не пайда?! Өсірген балаларының бәрі қалада, тыртыңдап жинаған дүниесі далада жатыр. «Өмір деген боқ, бүгін бар да ертең жоқ»…

***

Дүйсен (әжемнің інісі, әкемнің нағашы ағасы, сонда маған кім боп келеді?) енді трактор айдап жүрген кезі екен. Жолдан өтіп бара жатқан қойларды көріп: «басам-ау, ә! басам-ау!» деп «бырқ» еткізіп мыжып кетіп «бастым!» депті.

***

Үш ауылға 5-11 сыныптар оқитын бір мектеп. Ағарту мен Бақалы арасы 3 километрдей, Бақалы-Киров арасы 1,5-2 километр шамасында. Бақалыда орыстар көп болса керек, мектептен қайтқан Ағартудың балаларын ұстап ап «рэкетирлік» тірлік жүргізеді екен. Оны білген щеголдардың братандары жиналып, ұрған орыстарды үйлерінен суырып алып тұрып «әкесі бар екен, ағасы бар екен» демей быт-шыттарын шығарып, «әкелеріне танытқан» дейді.

*** (толығырақ…)

Өмірімде жібермейтін хаттардың бірі:

«Қал-жағдайыңды сұрау міндет. Көру былай тұрсын, естуге де зар болдық. Өзің туралы бейхабармын. Өзімнен де еш хабар. Жұмыс-іссапар-тығыз уақыт, т.т. толып жатқан сылтау-бос әңгіме. Басты қатырып қайтемін. Сол бос сөздің бірін бастамақпын: шын айтамын қолым тимеді, телефонда көк тиын да жоқ, жұмыстан жұмыс-әбіржіп кеттім, жұмыс-үй-жұмыс, одан қалса агент, интернет, блог…

Шындыққа жұғыспайды?!

Ал, мынау: емтихан, миымнан бастап, жүрегімді жаулап алды. Нәтижесін білмейінше, мен жоқпын, аспан асты, жер үсті қалқып жүремін. Мидағы блокираторлар қирап, «үрей» жүректен бір-ақ шықты. «Кітап құрты», «қағаз табынушысы» атанудан ми мен жүрек ортасында бір-ақ «реле» ұстап тұр: кернеу артып ол «ұшса» – күнім не боларын ойлауға жоқпын.

Қалай? шындыққа ұқсайды ма?

Ия, дұрыс… бес жылда еш емтиханнан құламаған… ЖОҚҚҚ өтірік айту мақсат емес. Сағынышымды жеткізейін десем қу «реле» өз дегеніне салып, өз әнін шырқауда. Жүректен шыққанды миға жеткізбей, «дРРР!» деп қойып. Әр дайым қосулы тұратыны да таң қалдырмайды. Бастапқы программалардың ақауы болар. Сырттан «возмущение» болмаса, қозғалмайды. Табиғат берген «саморегулирование» деген де «өшкен».

Амандықпен жүздескенше!»

Заңды некелесу рәсімін  ерте бастап кеткен де жаңа түскен келіннің ата-анасы, туған-туысы, достары үлгермеген. Көңіл-күй деңгейі сол нөлден төмен, жүректе қуаныштың орнына суық көңілсіздік, көзден шыға алмай тұрған ыстық жас, көкіректе миллион сұрақ…

Ит қайтқанда келді туыстары, Алматының тығырығын кінәләп. Әрине, ешкім өзін кінәлімін деп мойындамайды ғой, басқаға жаба салу оп-оңай. Қойш, әйтеуір, бір сағат жасалған макияждың жұғыны ғана қалып, өтірік болсын/шын болсын жас-жұбайлар жымиып топпен суретке былай да былай да түсіп жатты. Мен? ой, мен тұрдым сырттан қарап, бірін танымаймын…

Гулянка туралы айтар ерекше ештеңе жоқ, білесіздер ғой Алматыда 4 жерге міндетті түрде баратынын: не Райымбек атаның басына барып құран бағыштау, не мешітке барып неке қидыру, Мәңгілік алауға гүл қою, жаңа алаңға бару, Медеу не Алма-Арасанның табиғатында болу. Соларды аралап, суретке түсіп, ішетінін ішіп, айтатынын айтып жүрдік.

Ең қызығы – той уақытында басталды 🙂

БЕТАШАР… менің онша жақсы көрмейтін дәстүрімнің бірі. Ақ жаулықтың астында тұрғанда қыз не туралы ойлайды екен?… Басың салбырап, екі жағыңда екі жеңге(абысын) қолтықтап, беліңді бүгіп, өз ұяңнан ұшқаныңды, артқа жол жоқтығын сезініп, ешкімге бас имеген, мында келіп, танымайтын-білмейтін адамдарға «бір сәлем!» дейсің, мінезіңді сындырғаның ба?! табиғатқа бағынғаның ба?! алдыңда көр ма, бақ па?! Қорқынышты-ақ 🙂 Не болса да, барлығы өз қолыңда 🙂

Досымның енесінің дауысы-ай… тыңдай бергің келеді екен, нағыз қоңыр, қазақи дауыс. Жалпы, тойға келген қонақтарының сөздері де тұп-тұнық, жарқын шықты. Енесі айтып өткендей «тойдан Сырдың иісі сезіліп тұрды»(екі жақ та Қызылорданың ЖаңаҚорғанынан, просто әртүрлі ауыл да). Тілектерін бірі жылап айтса, бірі күлдіртіп айтты, бірі өлеңдетіп айтса, бірі қара сөзбен көркемдеп айтты, бірі домбырамен айтса, бірі қағаздан оқытып айтты.

Биді антрактқа дейін-ақ бастады, бірнеше тосттан кейін – БИ, ән айтылса – БИ, былайша тренировка/разминка. ЗАТО … Антракт кезінде барлығының секіріп билегенін айтсаңшы, ұялу деген жоқ, қысылу-қымтырылу деген жоқ, ашыла биледі десем де болар, тамаша болды 🙂 конкурстар да болмады, жеңгелері өліп-тіріліп билеп жатқандарға сыйлықтарын лөстіріп жүрді 🙂

Қалыңдықтың гүлі маған бұйырмады 😀 Ұстаймын-ау деп те ұмтылмаймын, жай-әншейін «группа поддержки»/»толпу создавать ету» үшін тұрамын, тұрғанда да шет жағында, гүл «өмірі» ұшпайтын жерге тұруға тырысамын 🙂

Той иелеріне той солай аяқталды, шілдеханда кездесетін болып келісіп тарасты. Бірақ, жасжұбайлармен әңгімесі бітпей қалған жастарға той енді басталып еді…

Тойлы күндерде кездескенше!!!

Мардымды ештеңке істемесем де, басқа ақылды да пайдалы материал табылғанша, өмірімде болып жатқандарды жазайын.

Жұмыстан ертерек шығамын деген жоспарым быт-шыт болып, асып-сасып 20 минутта сыйлық таңдап, оны 15 (дәу да емес) минутта оформить етіп, 30 минутта жиналып, 20 минутта той орнына жетемін дегенше 15 минутқа кешігіппін. Ал тойдың өзі 2 сағат 30 минутқа кеш басталса керек.

Қыз ұзату рәсімі құда күтуден басталады, ия? Сосын ресторанда болатын тоймен аяқталады. Солай емес пе? Құдалардыкінде қандай-қандай дәстүр болғанын білмеймін. Дәстүрді айтқанша, тойда болған қызықты айтайын.

1) Антракт: Ура! деп далаға шығып келсем – би жайына қалған, жұрттың бәрі жас-жұбайларды қоршап суретке түсіп жүр…

2) Тост: таңертеңнен өзімді қайрап жүрдім «давай» да «давай» деп. Сондағым – бір шумақ ән айту. Микрофон қолымда, жиналғандарда «шок» болмас үшін «әнші емеспін» деп ескерттім де бастап кеттім, қолым да, даусым да дір-дір етеді, зал тым-тырыс. Қайырмасына келгенде сөзін ұмытып қалдым, қан деген бетке шықты, құлақтарым дуылдай жөнелді. Сол сөзді тастап кеттім де «уф!» деп аяқтадым. Төрде тұрғандар ғана шапалақтады-ау деймін, достарым ғой, қанша дегенмен 😀

3) Аукцион: жастардың суретін табаққа жапсырып 1-25-50 жыл деп белгілеген. Жаңа құдаларға сатпақ. Онысы анықтан анық көрініп қалды. (қысқаша былай болды: «100 доллар» деп бір кісі (қыз жағынан шамасы) алмақ болды, сосын қыздың ең үлкен ағасы «200 доллар!» деп қалып еді ешкім одан жоғары баға айтпады, сонда асаба мырза «құдалар ойлана тұрсын, сосын аукционымызды жалғастырамыз» демесі бар ма. «Сосыны» келгенде де ешкім ала қоймады, енді асаба «ОНДА 200 долларға бермейміз!» деп табақтарды бөлек қойды.) Өз басым ондайға қарсымын: шығынды басқа әдіспен де толтыруға болады деп ойлаймын.

4) Ұзату: Есенгүл күнделігіндегідей болмады. Қызды ақ матамен екі жеңгесі қолтықтап апарып күйеуіне тапсырды да солармен бірге кетті, сыртқа қыз жақтан ешкім шықпады. Соғысқа кетіп бара жатқандай бәрі дерлік жылап, бір-біріні жұбатумен болды.

Той бітті, қыз кетті. Барған жерінде ата-анасын ұятқа қалтырмасын, үлгілі келін, жақсы әйел, өнегелі ана болуын тілеймін. Бағың жансын!!!

Сарқанттың басты алаңындағы Мұхамеджан Тынышбаевқа қойылған ескерткіш:

Жасыл қалалардың(поселке типтес қала) бірі ғой:

(толығырақ…)

Тегін МОЙКА

Кировтегі тегін МОЙКА

бірінші артын

(толығырақ…)

Осы апта Бүгін – суреттер аптасы күні болмақ. Келесі фотолар жинағы ауылымның жанында ағатын шағын өзен – Көк-иірім туралы. (Сегодня – решила сделать днем рисуноков. Следующий сборник фотографии о речке Кок-Ирм, близ моего аула.)

Неге Көк-иірім? Баяғы бай заманда, Көк-иірімнің ағыны қатты және суы мол болған дейді, арнасынан шығып кеткен, ел арасы су болған жағдайлар да болған дейді. Сол кезде өзендегі иірімдер көп болып суға түскен адамды «иіріп» әкетеді екен да тірі оралмайды екен. Өзен суы, негізінде тұманың суынан тұрады, иірімдердің болуы да сол себепті шығар. (Почему Кок-ирм? Давным давно, говорят течение Кок-ирм было сильное и река была широкой, говорят было даже такое что Кок-ирм вышла из своих берегов, связь между аулами прерывалась. В то время на речке было много воронок, те кто заходили в воду «засасывала» в эти воронки и живыми не возвращались.  В основном, вода в речке от подземных источников, может из-за этого появляются воронки. )

Суреттер іңірде түсірілгендіктен сапасы онша емес. Талғампаз Фотограф оқырман, тым қатты сынамағын. (Фотографии сделаны и не вечер и не день и качество не очень. придирчивый фотограф читатель не будьте критичны. )

(толығырақ…)

Келесі бет