Қазақстан мен Жапония қыздары шайбалы хоккей ойнағанда билет іздеп Балуан Шолаққа (стадион) барып, билет таппай, көңіл түскені сондай тамаққа тойып алып үйге тарасқан күні аялдамада бір қыз келіп «*** микрорайонына Төле би-Әуезовтан қалай жетуге болады?» деген. Мен сол *** микрорайонында тұрамын. «Қаланы білмейтін біреуге түсіндіруі керек шығар» деп дұрыстап айтып тұрғанымда менің күтіп тұрған автобусым кетті де қалды. Шынымды айтайын, өзім онсыз да ызалы боп тұрғанмын, іштей біраз «жақсы» сөздер айтып қалдым әлгі қызға. Содан, таныстым деңіз: жақында ғана тұрмыс құрған екен, *** микрорайонында тұрады екен, күйеуі ыстрашно қызғаншақ екен, сенбейді екен, әрдайым тексеріп тұрады екен, жан-жарына айтпай, Төле би-Әуезовта тұратын әпкесіне бармай Абай-Байтұрсыновтағы құрбысына барғанын айтып шықты. Екі автобус ауыстырып баратын болдық (ақшасы да соған жетеді екен). Не керек әңгімені жақсы айтады екен. Көрші болғандықтан телефон алмастық (қарап тұрсаңыз, безобидно). Сонымен, үйіме жеттім. Әлгі қыз туралы ұмытып та кеттім. Бір сағаттай өткенде таныс емес нөмір телефон соғад… МА-МА… әлгі қыздың күйеуі!!! «Қайдан танисыз? Қайдан қашан қай автобусқа отырдыңыздар?… » анау-мынау… е-мое… сөзім жоқ, ағайындар…
Наурыз 2, 2011 at 9:41 тд
mama, wizik koi ol degen! le4itsya nado est je!!! ujas, ALLA saktastyn! brrr. aj bir turli bop kettim goi. ne degen adam. navernoe, zakompleksovannyi bireu wygar.
Наурыз 2, 2011 at 10:05 тд
«Көңілдесімін» деп жауап бермедің ба?! 🙂
Қызық болсын 🙂
Наурыз 2, 2011 at 10:21 тд
Кетшііі…сен қыз да бір…:) адамның қарадай күлкісін келтіріп… қатты күліп жібергенімді өзім байқамай қалдым…
Наурыз 3, 2011 at 4:41 тд
Дұрыс!!! Неге қызғанбасын??? Дұрыс еркек сүйіктісін қызғанады! Ал сенің оның телефонында не шаруаң бар??? Біреудің ақ адал жарында не шаруаң бар сенің!!!? Онымен қоймай оны елге жариялап! Осы сенің бір жерің дұрыс емес-ау!
Наурыз 3, 2011 at 4:59 тд
Рахмет.
Наурыз 3, 2011 at 5:37 тд
қызғану бөлек ағасы, сенімсіздік таныту, тінтіп, жұбайын жұрт көзінше ұятқа қалдыру бір бөлек! Әйеліне сенбей өтсе, кімге сенеді?
Балдырғандікі дұрыс. Сабақ болсын кейбір жігіттерге, қыздар жа жар таңдарда мұқият болсын.
Егер мына жігіт әйелін сабайды десе таң қалмаймын. Қызғаныш емес ол қызығатындай, бар болғаны «паранойя»
Наурыз 4, 2011 at 3:43 тд
агрессияға жауап жазғым келмейді 🙂 к тому же, бұл кісі жазбаны дұрыс түсінбеген + еркектік «кішкентай» комплексі бар сияқты(!), ал егер қыз болса, онда өз басынан өткен шығар, мүмкін тіпті оны мақтан тұтатын шығар (жалпы маған бәрі-бір) – бұл алғашқы 5 сөйлемге қатысты. 6-ы сөйлем: автобус нөмірі, микрорайон аты, адам есімі, я телефоны тұрса бір жөн…
Ең қызығы соңғы 7-і сөйлем. Бұл негізі комплимент. Жаман болсын, жақсы болсын 🙂 Ойлап қарасақ, мен tagdirға ұқсамаймын, «бір жері дұрыс емес»- яғни одан өзгемін, оның ойындағы стандарттан өзгемін, бөлекпін, басқамын. Құдайға шүкір!
Енді блог жайлы. Адамды сөгуден, іс-қимылына баға беруден аулақ болуға тырысамын (әрқашан қолымнан келе бермесе де, жәй болжап отырамын). Оқырманның өзі жалғастырып, бір түйін тапса тапты, таппаса «ну и ладно» деп жүре беремін.
Леп белгілері мен сұрақ белгілерін жаудырып ойланып/ойланбай айтылған ауыр сөз бос кетпейді. Сөзге абай болайық. (Түсінер адам түсінер, түсінбесе «ну и ладно») 🙂
Наурыз 4, 2011 at 2:25 тк
әр нәрсенің өз шегі бар ғой. мұныкы тіпті шектен асқандық екен.
Салта, әлгінде сілтемесін беріп едім ғой. ұсынбапсыңдар ғой блогтарыңды байқауға. әрқайсыларыңның блогтарыңа өзім келіп айтпасам, болмайды ия? )))) қиын болмасын деп, сілтемесін де жіберіп отырм
http://www.kerekinfo.kz/blog/blogcampkz/466.html
«қызым саған айтам, келінім сен тыңда» демекші, өзгелердің де құлағына алтын сырға)))))
Наурыз 5, 2011 at 3:42 тд
Жақсы жақсы пікірлер жолданған екен. Рахмет. Жігіттер. Қыздар. Өкпе жоқ. Сіздер де маған өкпелемеңіздер. Тек біреудің жеке өмірін суреттеп (кемшілігін айтып, тексереді екен, сенбейді екен тсс)елге жариялау деген жақсы нәрсе емес қой. Не в тақырып нәрселерді жариялау сәнге айналып бара ма қалай?
Наурыз 8, 2011 at 4:53 тд
akyldy adam oz katesinnen sabak alady, akymak adam ew bir kateden sabak almaidy, al dana adam ozgenin katesinen sabak alady deidi.
Ozgenin jeke omirin mysal kylmasak, baskaga karap ospsek, kateni kaidan koremiz?
Jalpy, otirik oidan wygarylgan angimege karaganda omirden alyngan jailar adamdy kobirek oilandyrady emes pe?
Omirde mundai da bolady eken au, mundai da jarlar kezdesedi eken au dep oilanyp, saktyk tanytsak jaman ba? Otbasyn kury oiynwyk emes, bugin toi, erten aiyrylysyp jure beretinderdin katarynan emespiz. Sol sebep bizdi mundai takyryptar tolgandyrady. )
Aitpagym osy.
Наурыз 11, 2011 at 12:43 тк
Ужс! ол сенің номеріңді қайдан алған?
Наурыз 11, 2011 at 6:23 тк
әйелінен алмаса, басқа, менің телефонымды білу мүмкін емес…
Наурыз 21, 2011 at 11:52 тд
Менің де осындай басымнан өткен еді. Әрбір қадамымды бақылайтын «біреу» болған. Ақыры өзінің де кейін параллельно жүріп жүрген қызы бар екенін білдім. Бір емес, екеу, менімен үшеу болды. Енді не айтайын, қазір Құдайға мың тәуба деймін. Онымен бас қоссам, ажырасып, жынданып, не асылып өлетін едім деп ойлаймын.