Қараша 2010


… Дежурный қызыл көйлегімді, қызыл рюгзагіме салып ап Ақтауға кеттім. Кәсіби қызжолдаспын ғой, себебі 🙂

Каспийді бірінші көргенде жүрек тоқтап қала жаздады…

Просты,  Алматыда таулардың күшін байқасаң, Ақтауда теңіздің күш-қуатын байқайсың, сезесің, естисің.

Енді Ақтаудан бірнеше фото:

Іңкәрді мектеп бітіргелі көрмегенмін. Өзгермеген емес, әрине өзгергенбіз: анық байқалады.

Сыныптасым жолдасы екеуі мені алдап кетті: 1- тойдың Ақтаудан 160 км жердегі Жаңа-Өзенде болатынын айтпады; 2- келесі абзацты оқыңыз.

Тойға екі апта қалғанда өзім барып қайтар билетке бронь қойдым. Ақтаудан күйеужігіт ақшасын төлейтін болып келісілді. Жоспарым мықты еді: тойдан шыға сала ұшақпен Алматыға қайтып, қарсы алатын әкем де, мен де жұмыстарымызға үлгеретіндей уақытты таңдап едім. Күйеужігіт… билетімді ауыстырып тастапты. Мен – аңқау, билетті тойдан кейін ғана сұраппын… Қаным қайнаса-шы… Елки зеленые!!! Ауыстырғанын мойындамайды ғой, еще! О, тоба! Сөйтіп, Жаңа-Өзенде тағы бір күнге қалып қойдым.

Бірақ, бұл екі «минус» қонақты сыйлау, қонақты күту сияқты «плюстарымен» жоқ боп кетті. БАҚЫТТЫ болыңдар!!!

Рауан деген оператор жігітке риза болғанда риза болдым. «Былай жүріңіздер! Мында қараңыздар!» деп гулянкіге берілген 2 сағаттың жартысын «өлтіруге» көмектесті, әрі «прикол центрі» болды 🙂

Руслан деген «гид» жігітке риза болғанда риза болдым. «Мынау 13 микрорайон! Мында 28-і микрорайон басталады!» деп аэропортқа жеткенше Ақтаудың микрорайондарымен танысуға көмектесіп, құрметтеп Алматыға шығарып салған… Рахмет, Руслан!

Бәрін айтайын десем, өзім жалығып кетем ба дейм :)))

Бесінші рет қызжолдас болып Тараз қаласына барсам… Вай вай вай… Арман бар ма 🙂

Нет, еще нет :)))))))))))))