Балғырған


Жымиып отырыңыз 4

Posted in Шелектеп by balgyrgan on February 8, 2010
Tags: , ,

Бір үйге қонақ келіпті. Үй иелері қошемет көрсетпек болып ет асыпты. Қонақтың көзінше үй иесінің бәйбішесі келіп етке тұз салып кетіпті, келіні келіп тағы тұз сапты, содан қонақ та қарап тұрмай тұз қосыпты. Сөйтіп енді дастархан басына жиналғандағылардың бірі ет жей алмапты, сорпасы былай тұрғанда. Сонда қонақ былай деген екен:

- Бәйбіше салды қос уыс, келін салды бір уыс, қонақ салды кері уыс

Нұрж әжеме көмектесіп, жуындырады. Бір шыныға жететіндей суды отқа қояды, қайнай сала әжеме ап кетед. Мен оны білмейм, толтырып су тағы қоямын да, құлақты тығып ап Хаусты қарап отыра берем. Нұрж ваннаны жинауға кетед, о арада әженің шайы бітед. Көзге түскен Гүлекке бір шыны шай тапсырад. Ол барад та пеште тұрған шаугімнен құя сап апарып беред. Әже шыж-быж. “Суп-суық шайың не мынау” деп Гүлекке ұрсад. Гүлек ағыл-тегіл ақталад. Салтанат дым естімейд, отырған қалпы отыра беред. Бір кезде суық шайы біткен әже Тв қарап отырған Джандрға “шай!” дейд. Джандр барып, пеште тұрған сол шаугімнен тағы құяд та апарып беред. Әже ең құрығанда жылы шайға қолы жеткеніне мәз болад.

Ваннадан әлі құрып шыққан әже түнде ештеңе дей алмай, таң атпай бәрімізге ұрсад. “Үш қызым үш түрлі шай әкегені нес! Нұрж(естественно, өз атын атайд) әп-әйбәп ыстық шай әкелд, Гүлек(естественно, өз атын атайд) тап-тастай шай әкеліп қатырд. Джандр(естественно, өз атын атайд) жылы шай әкелд”.

Мен тымпиып отырым :) )) Гүлек, Джандр бәрі “Әже, пеште тұрған шаугімнен алдық”, әже одан сайын жынданады, “е, әкем-оу… бір шаугімнің шайы қалай үш түрлі болад” деп :) )))

Бәрі орын-орнына келген соң, әжем жоғарыда тұрған, бірінші әңгімені айтты :)

Сол, ағайын! Үлкендердің көңіліне көңіл аудара жүрейік :)

Жымиып отырыңыз 3

Posted in Шелектеп by balgyrgan on February 7, 2010
Tags: ,

Менің сіңлімнің құрбысының әпкесі мен оның құрбысымен болған оқиға.

Автобус лық толы болған екен. Ал, құрбылар базардан шықса керек. Қолдарында алған азық-түліктері: картоп, жұмыртқа, ет, т.т. Содан жұмыртқа сынып қалмасын деп жүргізушінің жанына қояды.

Автобустағылар азая бастайды да, арт жағынан орын босап, құрбылардың бірі екіншісін шақырад. Содан ана қыз былай депті:

- Ты сиди, я тут у водителя яйца держу…

Автобустағылардың реакциясын елестетіп көріңіз :)

Сериал: “Доктор Хаус”

Posted in Түр-түрімен by balgyrgan on January 12, 2010
Tags: ,

“Доктор Хаус” 6 сезонды сериал, әрбір сезонда 24 сериядан, әрбір серия 35-40 минут*. Уақытымды аямаймын ба? Басқаға жұмсамаймын ба одан да? Пайдалы іс бітірмеймін ба? Доктор Хаус – пайдасыз деп айта алмас едім. Медицинадан хабары бар адамдарға тіптен қызық болуы керек, ал маған ұжымдағы жұмыс, нағыз маманның жүріс-тұрысы, қабылданатын шешімдер мен сол шешімдерге әкелген логика, адамдарың қарым-қатынасы қызық.

Грегори Хаус(Хью Лори) мінез десе мінезі бар адам. Өз ісін жетік білетін адамдарың интуициясы дамыған болад дейді ғой(опять я за свое). Бастық ретінде қабылдайтын шешімдері – менің бастықтарымнын түсіне де кіріп шықпаған шығар.

Пысы: онлайн сілтеме берген досыма көп рахмет айтамын ;) Маған әлі 4 сезонын қарау керек, бар болғаны 4320 минут, 72 сағат, 3 күн :) )

*- шамамен, жуықтап

2009-бен қоштасу

Posted in Шелектеп by balgyrgan on January 5, 2010

2009 жылы бірнеше пост жазылмай “шимайлар” арасында жатқан. Жариялап құтылайн деп отырмын. Жаңа жылда тек жаңа посттар мен жаңа деңгейге жеткізсін :) (more…)

2009-дың қорытындысы

Posted in Түр-түрімен by balgyrgan on December 28, 2009
Tags: ,

Айконтайдан алдым дейін, Ақзереге тапсырдым дейін

Жылдың цитатасы: “ты – не человек, ты – женщина” (5 жасар бала айтақан)

Жылдың үздік сайты: Исабеков А

Жылдың танысулары: Аңсар, Аселхан, Асқар, Әлия*, Гауһармен де таныс екенмін, Елдар, Жанарбек, Қарақыз(Виктория), Русланннн, СәкенЭльвира.

Жылдың ең үздік тағамы: суши (тағамға жатады ма өзі?!)

Жылдың ең үздік сусыны: бал қосылған жылы сүт хе хе

Жылдың ең үздік әсері: таң қалатынды келесі жылға қалтырдық

Жылдың экстримі: арақ ішіп көрдім :) )))) + великке отырып көрдім*

Үздік кеш: “Бахчесарайские фонтаны” балеті.

Осы жылда ашылған қызығушылық: полимерлі саз

Орындалмаған арман

Рухани: хм хм

Орындалған арман: Ноутбук :)

Үздік қала: Астана себеп: басқа қалаға шықпадым :(

Жылдың ең үздік орны: жер үсті, күн асты.

Рухани өзіндік жаңалық: жан-жағың өзгермесе де, сен тоқтаусыз өзгересің.

Үздік әнші: Ерболат

Үздік фильм: “Келін”

Үздік кітап: келесі жылы оқимын

Ең керемет күн: 365 күннің бәрі

Жылдың әділетсіздігі: “етектен кесіп, жең болмас”

Сәтті сатып алынған мүлік (зат): соған жинап жүрмін :) )

Ең керемет адамдар: кішілерім, ата-анама солар үшін рахмеееет

Үздік киім: етік :)

Жылдық сыйлық: Англиядан, Германиядан келген кітаптар, енді Жапониядан кітап келсеееееее ғой деп армандааап отырмын :) ))

Керемет жаңалық: “Келе жатырмын”-нан басталатындардың бәрі жаңалық болды ;)

* толықтырулар: 28.12.2009 – 16:00

Йога

Posted in Ожаулап by balgyrgan on December 26, 2009

Бір ай бұрын, көрші үйден фитнес-клуб ашылды. Адам аз. Көбіне кішкене бүлдіршіндер екен. Нұрж екеуміз, біз қатарлас қыз-келіншектер “қозғалғанға” дейін тоса тұруға келісіп, телефон, андай-мындай байланыс амал-айлаларын тастап кеттік. Содан не керек, бір ай дегенде топ ашылды… Нұрж менімен бір топта болғанды қаламай шығыс биіне барайын деп тұрған мен йога сыныбынан бірақ шықтым.

1 күн:

Дұрыс тыныс алуға арналған жаттығулар. Негізі, үйренуге болады екен.

2 күн:

Дұрыс тыныс алуға арналған жаттығуларға қоса сіңірді созу жаттығулары… Өліп тірілдім десем де болар…

Инструктордың сөзінен:

- үшінші көзді ашып, адам ойын оқуға болады;

- адам қиялының күші адамның өзіне белгісіз;

- йога арқылы адам аурасын оқуға болады, сонда психология, қылық тілі, көзің түсі, алақандағы сызықтар, т.т. жолда қалады; (айтпақшы, менің аурамның түсін айтты, интернеттен оқып, өзімде өзгерістер енгізгім кеп кетті)

Жан, тән сау болсын!!!

Балалық…

Posted in Шелектеп by balgyrgan on December 25, 2009
Tags: ,

Алматыда әдееееміііі қар жауды… әдемі болғанда әдемі… аяқ астында қырт-қырт еткенін естігенде шаршағаның тарқап, ұйқың ашылып кетеді ма бірдеңе… сиқыры бар :)

Түскі ас кезінде “безобидно” далаға жүріп қайтамыз деп шығып, малмандай су боп, енді курткаларды жайып қойып кептіріп отырмыз, джинсы да дымқыл – үйге жеткенше құрғақтанса екен.

Қар деген аппаааақ, әдемііііііііііі… Қалай оны бұзбай өтіп кетесің? Бардық та аяқпен таптап таптап, ол аз болғандай оған еще жатып, бір бірімізге атып, қуалап, жұлқылап шалып, қара тоны ақ болғанша қарға шылап/көміп…

:) :) :)

Сәби болғым келеді, сәби болғым(с)… Балалықпен қоштасқым жоқ…

3…

Posted in Бір тамшыдан by balgyrgan on December 25, 2009
Tags:

***

Джандр бірінші сынып оқып жүргенде Нұкебалага мектепте көрген білгенін үйретіпті. Содан Нұкебала Джандрға былай деген екен: “Әріпті сен үйреттің, оқуды өзім үйрендім”.

***

- Әдемісің

- Өзіңе қарап ал!

***

Өз пікірің болмағасын біреудікі мықты сияқты.

***

Қиял 8. Шын болса…

Posted in Түр-түрімен by balgyrgan on December 23, 2009
Tags: ,

Көптен көрмеген досыма барғанмын. Анау да мынау.  Әңгімелогия. Бір кезде бір гу-гу еткен дыбыс шығады. Досым ыспокойно терезені ашып қойды – сонда дыбыс бәсеңдейді деп. Миға ма, құлаққа ма жаман батады екен, керегелер дірілдеп, табаннан өткен вибрация тас төбеден бір-ақ шықты…  Содан қиялға еркіндік беріп “адамдарға қойылған эксперимент” деп таптық :) )) Неге жұрттың бәрі нервный? – Себебі, олардың ұйқылары қанбайды – вибрациядан төсектен құлап қала беред :) ))

Салмақты айтатын болсақ, әсері жаман екен, ай далаға қашып кеткің келеді. Дрель сияқтының дыбысы болса ғой,  танып, барлық 9 қабатты араласаң да тауып алып, “көке, жүйкені аящ” дейтін. Ал мында, дыбыс қайдан шығып жатқаны байқалмайды, бүкіл үй өз-өзімен дыбыс шығарып, дірілдеп тұрғандай….

Баяғыда бір топас роман сатып алып, американдық. Сол жерде жазылған еді, психологиялық қарулар жайлы. Қарусыз халыққа қарсы қолданылған оқиғаларды мысал етіп келтірген… Шын-өтірігін тексеру кімнің қолынан кепті…

Бір қызығы сенебеген едім, тіпті ультрадыбыс арқылы адам санасына белгілі бір ақпарат, тапсырма жіберу мүмкіндігін тапқан дегенді оқып “мырс” етіп едім. Шын боп шықса …

“Пернетақта”

Posted in Кадрлар by balgyrgan on December 11, 2009
Tags: , ,

No comment-тен басқа сөзім жоқ… (more…)

Next Page »