Өкініп қалдым:

– бірнеше, мен үшін сөзі қомақты адамдардың сөзі 5 тиынға түсіп қалды;

– күн тіпті суық болды, суық тиді ме, көз тиді ме, 2 күнде сауыға алмай, қазір жұмыста ауырыңқырап отырмын;

– сағат 10-да(!) басталады делінген, 11/30-де басталды; Әрине, студенттерге бағытталған семинар, студенттер сенбі күні ТАҢҒЫ онда әзер тұрады, анау да мынау, түсінуге болар еді, алайда…

– бір ғана презентацияға қатысып, қалғандарына «қоя ғой» дедім;

– маған емес, болашақ журиктерге қажет кітаптарды арқалап үйге апардым, менің сөремде емес басқа бір студенттің сөресінде пайдалырақ болатын кітаптар. Салып жіберейін «Тәжірибелік журналистика» және «Практическая журналистика» кітаптары кімге керек?

Өкінбеймін:

– Мотороллердің әншісін көрдім;

– «Анатомия души» деген кітап алғаныма;

– кешкі 5-ке таман «гражданская журналистика» жайында презентацияға бармағаныма;

Елдармен кәдімгідей қол алысып, танысқаныма*.

Азаттықтың презентациясында болдым. Сайтты қалай қолдану керек, сайтта не бар, не жоқ, журналисттерге қойылатын талаптары, принциптері, сайттың оң жағында не, сол жағында не, тігінен, көлденеңінен тақырыптар, т.т айтылды(бұл ақпаратты сайттан да таба аласыздар). Сайтты жарнамалау, бір сөзбен айтқанда 😦

Меніңше, журфактарға барып, болашақ журналисттердің бәрін жинап оқылатын заттар, бес-алты студент-қыздарға айтылғаннан қандай нәтиже күтуге болады?!

* Толықтыру 16.11.2009

Advertisements