Осындайда, сол баяғы Интернеттегі, спам есіме түсіп кетеді: бір бала өте ашуланшақ, қызу-қанды екен, елдің бәріне жаман сөз айтып, өкпелетіп, ұрсысып жүреді. Бір күні әкесі шақырып алыпты да бір уыс шеге мен балға береді «адамға жының ұстағанда мына шегеден бір талдап ана тұрған қашаға қағып қой!» деп. Күннен күнге шеге саны азая береді, бала өз эмоцияларын жинауға, ашуын басуға үйрене бастайды. Шеге біткеннен соң әкесіне келген балаға «енді, әрбір сабыр сақтаған жағдайыңда шегені қайта суыр» дейді. Бір де бір шеге қалмағанда баласын әкесі сол қашаға алып келіп: «енді қарашы, сен ашуыңды басуды, сабырлықты үйрендің. Ал сен өкпелеткен адамның жүрегінде осындай тесік қалады» деп шұрық-шұрық қашаны көрсетіпті.

Кейбір адамдар елді өкпелетуден жалықпайды, «ұмытты-ау» дегеннің өзінде де «сыр-сандықтың» түбінде бір «тыртық» қалады. Білемін, өзінің жоғары екенін көрсету үшін де, санасына жетсін деп те қатты-қатты айтылады. Бірақ, әр нәрсенің шегі болады. Қазақтың жақсы қасиеттерінің бірі – жұрттың көңіліне қарау. ЖОҚ, оны жағымпаздық деп білмеймін, елеңдеу деп те білмеймін… Өз ойын, өз көзқарасын басқаның «ӨЗІМ» дегеніне тиіспей жеткізу.

Бір-бірімізге АДАМ деп қарауға үйренейікші 🙂