Жұмыстағы конфликт бүкіл коллективтің көңіл-күйіне әсер ететіні сөзсіз. Бәлкім, 3-4 реттен соң «ет үйреніп» те кетер… әй, бірақ қайдам…

Ер(Y)-генділердің арасына түскен «шоқты» жұдырық өшіре алатыны АНООООУ біржасушалылар кезеңінен келе жатса керек.  «Сызбаны 5 рет қайта сыздым» деп сыртқа шығып «мәселені» шешу, мұрынды бетпен теңестіру, қарда/топырақта аунау – романтика шығар, ия?! Қан қайнап тұрғанда жұдырыққа, аяққа жүгіртіп, реті келсе сыртқа да шығарып, көйлекті, қарды/топырақты қызылға бояп, жұлқылау/сілкілеу, елді шулату, өсекші елге 3 күндік әңгіме сыйлап… Кім біліпті?! жай ғана көзбояушылық/арзан понт(c) , жай ғана қораздану, «ЕРМІН!» деп кеуде соғу болған болар, десе де жақсы емес…

Ер азаматтардың арасында отырған маған, шынымен, қиын. Олардың «понятиесі» өзге… Қазір тіпті… О құдай, сақтай гөр… «Давай, выйдем!» деп жұпыр-жұпыр (4 ер жігіт: екеуі ажыратушы) сыртқа шығып кеткенде жүрегім тас төбемнен шықты. Бастықтарға «жеткізіп» салғаным «понятиеге» қарама-қайшы сияқты…

Жұмыс орнында төбелес орын алса, ұжымда бір шикілік барының белгісі болар?! Айтпағым, «корпоративті мәдениет» деген сөз біздің ұжымда атымен жоқ. Ұжымдық құрылымның осалдылығы, кәсіби менеджердің жоқтығы(салдарын да білерсіз: тапсырманың нақты болмауы, жұмыстың бабы мен мерзімін қадағалаудың болмауы, т.т), бастықтар мен қарапайым қызметкерлердің арасындағы қарым-қатынастың бір жақтылығы, қателердің көптігі, бәлкім мамандардың кәсіби дайындығының төменділігі, тағысын тағы толып жатқан себептер ұжымдағы көп түсінбеушіліктерге әкеледі(деп ойлаймын).

Өзгерісті төменнен емес, жоғарыдан бастау керек… Кеңес кезіндегі түсініктері әлі ауыса қоймаған ұжым-басшысының көзқарасын өзгерту оңайға түспес…

Advertisements