Адамдар, қомақты нәрсеге ми мен уақыт жетпей жүр. Ренжімеңіздерші, тағы бір өмірден оқиға…

Кеңседегі Ж. «Гауһартас» тұрғынүй кешенінің ашылу салтанатына шақыру билеті барын айтып «кеттік те кеттік» деп, болмай(негізі, бірден келісе салу ыңғайсыз ғой).

Жұмыстан екеуміз ұшып шығып, Ж.-ның баласын садиктен/балабақшадан ала сала Гауһартасқа баратын аптобсты тостық. ЖОҚ ЖОҚ… 2 жасар балаға жеткен шыдамдылық 112-ге жетпей қалды да, такси ұстап 20-25 минутта «белгіленген» орында болдық. Барсақ – тас-қараңғы, адам қарасы көрінбейді, құрылыс аяқталмаған да, салтанат дейтіндей салтанатқа ұқсамайды… Сөйтіп, Ж.-ның сөмкесінде жатқан шақыру билетін ашсақ… басқа адрес тұр :))) Ол жаққа бармайтын болып шештік те, үй-үйімізге тарадық 🙂

Так ышто, бір жерге бармас бұрын билетті қарап, адресін нақтылап алыңыздаааар 🙂

Advertisements