Мен тұратын ауданға жүретін автобустар кешкі 9 болмай тоқтап қалады. Сондықтан бірігіп, қосылып барамыз/барады(скидываемся). Ауа-райы бұзылайн-бұзылайн деп тұрған кез. Қолшатыр қолтықасты-сөмкеде болғанымен, сыртқа шыққысы жоқ.

Аялдамада адам аз екен. Бір келіншек «таксимен кеттік» дегенін дұрыс көрдім/құптадым. Өзі сөзшең екен, әңгімесін айтып, сұрамасам да осы аптада халықаралық сертификат алғанын, ҚазҰУ-да оқығанын, сол жақта 1 жылдай сабақ бергенін айтып берді, мен тек басымды изеп, «е! да? ммм ия ия» деп отыра бердім, үйреншікті боп кеткен, негізі. Көп сөйлей бермеймін ғой, жалпы 🙂 И так, басымды көп изеп қойдым ба жаңағы келіншек менің телефонымды алмақ – ауданымыз, шынымен-ақ, алыста, адам жетем дегенше үш түс көріп, төртіншісінің титрларын жаттап үлгереді; «дос боламыз» деген оймен 10 санмен алмастық, сосын қызыл-сары-жасыл шамға тоқтағанда:

– Жасың нешеде?

– 8* жылғымын

– Ойбай, жоқ! Подружка болмаймыз!

– 😀

Күліп жібердім.. ой жоқ … ҚАТТЫ күліп жібердім 🙂 Келіншекте үн жоқ, ал мен… езуімді жинай алмай қалдым… уот 🙂