Сіңлім екеуміз жеке тұрсақ, жағдайымыз осы бір аптаның ар жақ, бер жағы болады екен:

Таңертең:

– Салтаааа!!! Тұрмасаң не будильник қоясың…

– ОХ блииин

Тұрасың, асүйге барып шай қоясың, түннен қалса тамақты отқа қоясың, қалмаса нанға майонез жағып сумен итеріп тастайсың. Нұрж боянамын дегенше мен киініп(таңдап, үтіктеп), ыдысымды шайып, жұмыста ішетін түскі асымды салып(это свято!), зып етіп кетіп үлгеремін(қоқысты типо байқамағандай).

Кеш:

– Салтаааа!!! Ужин бар ма?

– ОХ блииин Нұрж бірдеңе ала салш, а?!

Тұрасың, асүйге барып шай қоясың, таңертеңнен қалса тамақ отқа қоясың, қалмаса Нұржты тосасың. Нұрж жетем дегенше нанға майонез жағып сумен итеріп үлгересің.

Advertisements

shy«Желтоқсанның қақ ортасы, қар жоқ болғанымен ызғар ма, аяз ба, былай жалпы суық, бррр… Туф! Мына троллейбус келетін ойы бар ма жоқ па?! … УРА! … ХМ! Қызық! Контролер кіре қалса не дейді екенмін?! «ОбИбию, ағай, билетім жоқ! Волидатор істемей, «шығарда төлейсің» деді водитель! Қалтамда 25 теңгем ғана бар! 3 баланың анасымын! Өзім еден жуып ақша табам! Штрафтан құдай сақтасын! Ағай, 3 баланың 3 күндік тамағынана айырасыз ба?!» деймін ба?! а?» … ойларыңның жаманын… ОХ! Алматының жолдары-ай… Шоқалақ-шоқалақ…. ХЕЙ! водитель ағай, ақырындап жүрсе болмай ма?!… Мамычки, мамычки… неткен чувствительный едім… ПАРС етіп жарылып қалсам көл-көсір қылам ғой мына жерді… Так! Ойлама! Басқа бірдеңені ойла! Мысалы… мысалы… Ньютон! Аха! Ньютон! Алма басына түскен бейшараның, мозгатрясение бола жаздап бүкіл әлемдік тартылу күшін ашқан. Барлығы жерге тартылады, мен де, су да, шай да… Мамычки мамычки… СОНША секіртіп не болды!? Тартылыс күші болмағанда ішімде 2 литр шай бар екенін сезер ме едім?! … Қай жердеміз өзі?! АААААА әлі жарты жол бар екен ғой… Жеткізер ма жеткізбес па?! Хей, не болд сонша! спокойно!!! Ертең жұмыс, аха жұмыс… Ерте тұру керек… Не кисем екен?! Қызыл кофтаны бүгін жуды, кепкен жоқ шығар… блин! тезірек жеткізбесе, креслоңды кептіресің, қу қақпас – водитель! ой кешіріңіз, шыдай алмай барамын! … УОУ! Кафе! Кіре салсам ба екен?! ААААААААА Жүгіруге болмайды маған… Ойбай, қаз жарылам! … Так! уф… сақтапты! … Троллейбустан гөрі автобусым жылдамырақ! Мына водила малатес! Сдачасыз бере сап зытайын! … МӘӘӘӘӘә жаяу жүрудің азабы… Жапон қыздарына шаң жұтқызып кетер едім ғой :)) ойбай күлме! уф! МАМА! Бес айлық балам бардай боп кетіпті ғой мынау! трс-трс! Джинсы да жабысып, түймесі «қаз ұшам» деп тұр ғ ой… Ой блин! үйім қайда ед?! е ия… Төтесінен шыға салайыншы! … Ашпай «ит» қылады ғой, «мен! мен! Аш бол тез!» … ООООО надо же – лифт істеп тұр! УРААААААА! 2 … 3 … n… Барар жерім бос бола гөр!!!…»

«…

– Әже, мына қоржын менің тойымдағыдан әдемірек екен! Дука-Дука деп зыр жүгірдіңіздер ғой…

– Енді! Орыстан алмай қазақ тапқанына қуанып жатырмыз ғой, өзгемен құда болғанша, өзімізден қыз алайық та, айнымай тұрғанында…

– Ыхехехе… Жасы да кеп қапты ғой! Солтүстіктің қазағы болса да қайда жатыр … ыхе-ыхе…

– ЕЙ!!! Әкеңнің баласы! Сонша жүргіргені нес! Отыр! Үлкендер сөйлесіп жатыр ғой! Әлия! әй, Әлия! Ап кетші мынаны, шулатпай!

– Қоржын дайын! Құдаларға деген китті Астанадан толықтырармыз! Бізден кім-кім баратын болды, сонымен?

… »

– 10-15 минөт ішінде кеп қалады…

Тыныштық… Айтқан 10 минөті өтіп бітпеді… Тіл байланып, жүрек тоқтауға шаг қалды, кірерге тесік таппай, тамаққа тығылып, «А» десең ытқып шығып кетердей боп, «орныңа бар» деп жұтынып қойып отыр… Кеше ғана абыр-сабыр, дабыр-дүбір боп тұрған үш бөлмеде сағаттың «тық-тығы» мен мұрынның пысылынан басқа дыбыс шықпай, есіктің ашылғанын қорқынышпен тосып отыр…

Бір Алланың жазғаны, шара бар ма?!

39872011) Робинзон немесе нағыз жалғыздық

Жалғыздық – тамаша нәрсе! Бірақ, жалғыздық – тамаша нәрсе екенін саған біреу айту керек қой! (О. Бальзак)

Амалы: тотықұс болады ма, «Пятница» болады ма асырап алу керек. Тіпті, тасбақа 🙂 сөйлеу білмесе де, өмірге философиялық қарауға үлгі болады.

2) Тап-таза саналы жалғыздық

Дана жалғыздықта аса жалғыз емес (Менее всего мудрец одинок тогда, когда находится в одиночестве) (Джонатан Свифт )

Диуаналық(отшельничество) – саналы түрде қоғамнан шектелу – қайғы емес, қуаныш.

Амал: ішкі дүниеңнің талабымен, бір күні орныңыздан атып тұрып «тайгаға! Жан дүниеммен сөйлесуге кетемін» деп шешу.

3) Үлкен қаладағы жалғыздық

Жалғыздық – көңілсіздікпен көмкерілгендіктен адамға не қызығушылық, не тартымдылық туғызбайды. Адам өз жалғыздығынан ұялады. Бірақ, жалғыздық – әркімге тән. (Чарлин Чаплин)

Кішкене ауылда/қала типтес поселкеде бәрі бәрін таниды, келе жатып солға да оңға да «Сәлеместізбеңізді» жаудырасыз. Бірақ, әрбір қимылыңыз байқаусыз қалмайды.

Амал: үлкен қаладан кішісіне көшу. Бұл құрттай әлемнің бар жақсылығын ала отырып, теріс жақтарын да ұмытпаңыз.

4) Ностальния немесе «Топырақ» жібермейді

Бұл әлемдегілер жалғыз. Әркім зынданға қамалған және өз бауырластарымен белгілер арқылы ғана сөйлесе алады. Белгілер бәріне бірдей емес, сондықтан мағынасы бұлыңғыр әрі дәл емес. Жүректің асылымен бөлісіп бақанымызбен, қалай қабылдайтындарын білмейді, сондықтан өмірде өзіміз жалғыз сандырап жүрміз, серіктерімізбен қолтықтасқанмен бір емеспіз, түсінбей түсіністік таба алмай. Тілін білмесек те жат елдердегілергі ұқсаймыз, талай даналы, әдемі ойлар айтқысы келгенімен, мөрленген тілашар ұйқастарымен сөйлеуге мәжбүр. Миларында бірінен бірі өткен қызықтар жатқанымен «Біздің бағбанның тәтесі үйінде қолшатырын тастап кетіпті» дегендей сөзден ары кете алмас. (Сомерсет Моэм)

Амал: Өткен – кеткен. Сол сияқты, алыс елдерден, өзің білетін/білген еліңе оралу мүмкін емес. Естеліктерің «ашық» болсын!

5) Өркөкірек жалғыздық

Жалғыздық көрнекті даналардың бәсекесі. (А. Шопенгауэр)

Амал: Айнаның алдына тұрып алып, өркөкірек тұрысты, «өзіңше» болуды үйрену. «Нағыз суретшіні ешкім түсінбейді» немесе «Сөзсіз дарын байқалмай қалады» сияқты сөздерді жаттап алған дұрыс. Жиындарда, «жұмбақ» болып, мұңды да намысқой түрмен ойға кеткендей боп тұр. Бірен-саран «асқан» өнер туындысы немесе ғылыми еңбек «көзір» ретінде болғаны жөн – образ толық болуы үшін да 🙂

6) «Ақын» жалғыздығы

Құрметке тұрарлық дүние оңашада туындаған, бұл дегенің қоғамнан алыс. (Ж.-П. Рихтер)

Жалғыз жолаушы басқалардан алыс кетер! (Ф. Зальтен «Бемби»)

Шығармашылық жұмысқа керек ынта мен зейінді жалғыздықта табу оңайырақ.

Амал: Бөлмеде жалғыз қалуға болмаса, телефон өшпесе, телевизор, компьютер т.т болса – құлаққаппен беймаза/тыныш музыка қос та РАХАТТАН!

7) Жасөспірім жалғыздығы

Бәріміз бозбала мен бойжеткен болғанбыз. Біздей қайталанбас, қиын да нәзік жандарды түснер жан жоқ сияқтанатын, тұлға ретінде қалыптасатын кез. Шын ғой, бізді ересектер түсінді ма?! Егер, жанұядағы түсініспеушіліктер шамадан шығып кетсе «қиын жасөспірім» туындайды.

Амал: сен – жасөспірімсің, үлкендер сені түсінгісі келмесе… есеюден басқа амал жоқ. Қорықпа, көп тоспассың. Бірнеше жылдан соң, ата-анаңмен сөйлесетін ортақ әңгіме пайда болар. Қазірден бастап іздесең болады. Не істейміз, кейде үлкендерге даналық жетіспесе?! Сендей ғажап, бәрін түсінетін жанда ақыл жеткілікті емес пе?!

Егер, жанұяңда сөзге көнбейтін жасөспірім болса – жастығыңды есіңе ал! Түсінуге тырыс! Қиыншылығына мол кезең ғой, қанша дегенмен де…

8 Қарт жалғыздық (жерлер адам да жоқ)

Өмірде адам екі рет жалғыз болуы керек: жастық шағында: көпке үйрену үшін және өзіңе ойлау кейпін қалыптастыру үшін және қартайған шағыңда – өткенді таразылау үшін. (И. Циммерман)

Әнек: Бір аяғы көрде, бір аяғы жерде бір қарт ойлап жатыр дейді «Шүкір! Бала-шаға бар! Жерлейтін адам бар… әттең, өлгім келмейді!» …

Қарт адамдардың өмірі бәсең өтуі керек. Жастар болса, әрдайым асығып, мәңгілік туралы ойлау миларына кіріп те шықпайды. Жастар мен қарттардың араласуы ұзақ болса, жалғыздық пен түсініспеушілік көбее түседі.

Амал: туысқандармен жиі қатынаспау, өзіңдейлермен көбірек араласу.

9) Ерлер жалғыздығы (біреудің оты қыздырмайды)

Жалғыздықтан қорықсаң – үйленбе. (А. Чехов)

10) Жетім

Жалғыздақты көтере алмайтындар, әдетте жиындарда адам шыдатпас. (Албер Гино)

Өздерін өзі аяйтындар сол рөлмен бір болып, екінші «өзім»-і боп кетеді.

11) Әйелдер жалғыздығы (Не дейд? Әлі бойдақпысың?)

Махаббат – өмір бойы ерлер мен әйелдерді ойландыратын жалғыздықтан қашу амалының бірі. (Бертран Рассел)

Амал: елге ештеңе дәлелдеудің қажеті жоқ! Өзіңе шын мәнінде жақын адамды табуға тырыс. Отырып қалған қыз атанамын деген қорқынышпен емес, жалғыз қалу қорқынышынан емес… Бұл адам – өмірлік серігің екенін білгендіктен!

12) Бірге жалғыз…

Толық нұсқасы мына жерде

Дипломды жаңа алған кезім. Түскі астан кейін, төмегі қабаттағы монтажкаға кіріп едім ағамыз отыр екен. «Упс!» деп шығып кетуге бағытталғанмын, тоқтатып алды «давай поболтаем!» деп, баяғы. Ананы-мынаны сұрады. Келесідей диалогқа жалғасты:

– У меня вот брат в Канаде живет. Вот собираю документы

– Ухты! Я бы тоже хотела уехать за границу…

– Зачем?

– НУ! Посмотреть мир. Но пока возможностей нету

– Есть! Но, ты ведь не согласишься…

– А какие?

– НЕТ нет нет… ты не согласишься…

– Нет, вы скажите, решать же мне(!) соглашаться или нет…

– Дело в том, что я хотел иммигрировать в Канаду, для этого собираю баллы. Высшее образование *(не помню-прим. автора) баллов, ученая степень ** баллов, ну и так далее… У тебя же высшее образование?

– Ну да…

– Скоко тебе?

– 22

– На образование жены тоже смотрят и чем моложе тем больше баллы. Если ты согласишься, то я соберу все необходимые баллы…

– На что?

– Фиктивный брак

– ???

– Никаких обязательств, если захочешь можешь жить отдельно, без притензии… Главное уехать…

Айтпасам да, ауылыма барып қайтқаным белгілі ғой 🙂 Сол кезде, әкем бар, ағаларым бар, әжем бар-бәрі өткен-кеткендерді еске алып жатты. Кішінің аты кіші, аузымды ашып, әрбір сөздерін жаттап алуға тырысып бақтым. Ақпарат тым көп боп кетті ма, барлығы есте қалмапты. Сондағы қалғандарын құлақтарыңызға сыбырлай салайын, тек ешкімге айтағын:

***

Қи су болмасын деп үстіне шөп төгіп тастапты. Күзгі күн суық. Ағаларым жылынбақ болып, шөпті қуыстап(үңгірлеп дейміз ба) кіріп сіріңке жағады 🙂 Бір апта атамыздың көзіне түспей қашып жүрген екен. Жылуы қатты қи талай бықсып жатты дейді.

***

Жансүгір мен Сарқанттың арасындағы жолда үлкен диірмен тұр, көз сала жүріңіз. Сол диірменнің қожайыны қан қысымы артып қайтыс болыпты. Қасында әйелінен басқа ешкім болмапты, телефон жоқ, машина да жоқ, болғанда да не пайда?! Өсірген балаларының бәрі қалада, тыртыңдап жинаған дүниесі далада жатыр. «Өмір деген боқ, бүгін бар да ертең жоқ»…

***

Дүйсен (әжемнің інісі, әкемнің нағашы ағасы, сонда маған кім боп келеді?) енді трактор айдап жүрген кезі екен. Жолдан өтіп бара жатқан қойларды көріп: «басам-ау, ә! басам-ау!» деп «бырқ» еткізіп мыжып кетіп «бастым!» депті.

***

Үш ауылға 5-11 сыныптар оқитын бір мектеп. Ағарту мен Бақалы арасы 3 километрдей, Бақалы-Киров арасы 1,5-2 километр шамасында. Бақалыда орыстар көп болса керек, мектептен қайтқан Ағартудың балаларын ұстап ап «рэкетирлік» тірлік жүргізеді екен. Оны білген щеголдардың братандары жиналып, ұрған орыстарды үйлерінен суырып алып тұрып «әкесі бар екен, ағасы бар екен» демей быт-шыттарын шығарып, «әкелеріне танытқан» дейді.

*** (толығырақ…)