Көптен көрмеген досыма барғанмын. Анау да мынау.  Әңгімелогия. Бір кезде бір гу-гу еткен дыбыс шығады. Досым ыспокойно терезені ашып қойды – сонда дыбыс бәсеңдейді деп. Миға ма, құлаққа ма жаман батады екен, керегелер дірілдеп, табаннан өткен вибрация тас төбеден бір-ақ шықты…  Содан қиялға еркіндік беріп «адамдарға қойылған эксперимент» деп таптық :))) Неге жұрттың бәрі нервный? – Себебі, олардың ұйқылары қанбайды – вибрациядан төсектен құлап қала беред :)))

Салмақты айтатын болсақ, әсері жаман екен, ай далаға қашып кеткің келеді. Дрель сияқтының дыбысы болса ғой,  танып, барлық 9 қабатты араласаң да тауып алып, «көке, жүйкені аящ» дейтін. Ал мында, дыбыс қайдан шығып жатқаны байқалмайды, бүкіл үй өз-өзімен дыбыс шығарып, дірілдеп тұрғандай….

Баяғыда бір топас роман сатып алып, американдық. Сол жерде жазылған еді, психологиялық қарулар жайлы. Қарусыз халыққа қарсы қолданылған оқиғаларды мысал етіп келтірген… Шын-өтірігін тексеру кімнің қолынан кепті…

Бір қызығы сенебеген едім, тіпті ультрадыбыс арқылы адам санасына белгілі бір ақпарат, тапсырма жіберу мүмкіндігін тапқан дегенді оқып «мырс» етіп едім. Шын боп шықса …

Advertisements

Оқымас бұрын: Басқа жерден оқысаңыз менің көңіліме қарамай тура айтыңыз – мен, өзімді, супер ақылды сезінбес үшін :)) Алдын ала ескертіп қояйын, тым дөрекі десеңіз, тура бетке айта аласыз – дым/түк/еш ренжімеймін(ну, басында бұлтан-талқаным шығуы мүмкін).

Биоэнергияның қолданысы туралы естіген боларсыз. Мысалы, қимен(жалпы айтқанда) жүретін трактор, қимен жылитын, жарықтанатын үй, т.т. Сиырдың жапасын(аналогы боқ) арнайы контейнерлерге салып метан бөліп алып, содан оны кинетикалық энергияға айналдырып, одан ары электр тоғын алады екен(деп естідім). Ауылдық жерде осындай жанар-жағармай табу оңай, қалада не болмақ? Мысалы деймін да, адамның несінен(сіз түсіндіңіз ғой не екенін) де энергия алатын болсақ. Сондай машина жасаса, прям орындыққа керек кезде ашылатындай етіп тесік жасаса, оны құбырмен контейнерге түсіп, ары қарай энергияға айналса. Күшті ғой?! Өз машинаң жоқ болса, тұлпарлы досыңа барып, «Подбросишь? Я те залью» деп кете беретін едік та… Бірақ, жағымсыз иісті кетіру мен машинада тамақтану туралы арнайы ойластыру керек екен… Қол жууды дымқыл майлықтармен шешсе болады, бірақ нетіп отырған жерде тамақтану біртүрлі сияқты ма…

Автобуста келе жатып, өзімді энергия шоғыры деп, «паф» етіп жарылып, бәріне тарап кетсем деп елестетіп көрдім, ойша әрине… Білесіз бе, қолымнан/ойымнан келмейді екен… Толықтай «жоқ» боп кете алмайтынымды байқаймын. хе хе энергияның сақталу заңы бойынша: жоқтан пайда болмайтын энергия менде қайта қайдан пайда болады деген ой шығар :))) Өмірді сүйетін шығармын, мүмкін эгоистпін, да?!

Путевка дайын. Бірер минутым бар… Бұйыртса «Дүниеэйр» жеткізіп салады. Тек сен мені қарсы ал, о дүниеде адасып кетпейін, бұл дүниеде адасып әзер тапқанымды. Мен жеткенше, міне газет-журналдарда, ұзын-қысқа құлақтардан әңгіме:

Зере екіқабат. Алдыңғы аптада кеп кеткен, шөбереме құда түсуге. 10-ы баласынан кейін «Қаһарман ана» деген медаль алып еді ғой, былтыр 20-сышын туып «Халық анасы» орденімен марапатталған. Меніңше, матриархат құрмақшы. Гавай аралдарынан бір аралды таңдап қойдық деген бір сөзінде. Жеке мемлекет құрамыз ба деп қояды… Жеке конституциясы бар, Матриарх мамасы бар, Туы бар, ну очм барлық прибамбастары бар бір кіші-гірім мемлекет болмақ.

Руслан, Руся, Русланнн(Русико, Русипо, Рускантус, Русжан, Руснұр, Русгүл(удачный эксперимент), Русберген, Русалған, Рустуған, т.т. аттары есімде жоқ)  Нобель премиясын алғаннан соң алжыған профессордан аумай қалды. Өз аппаратымен клондарын жасай берген, жасай берген… Қонаққа келсе шатасып кетемін, ең құрығанда әртүрлі киінсе шіркін… Бірі ғана келмей шұбырып келетінін қайтесің…

Айкона Антарктидаға тас көрмесімен кеткен. Ағарып келетін шығар енді… Моншаға заказ беріп кетейін, бір қыздырынсын.

Көңілашар 2030-дан соң Жапонияда дүкен ашқан еді ғой, есіңде ме? Сол қазір жүйе боп, Жапон нарығын жаулап алғандығы сондай жапондықтар «Жанна теориясын» әлі зерттеп жатыр дейді. Онымен талай сөз болды да, бірақ жапондықтар «ғылыми жауап алмай тоқтамаймыз» деп жапондықтар қазақ тілін үйреніп, дүкенге шпион-сатушы жіберіп көне американ киносындағыдай болыпты.

Дәруішөлгенді дәруішөлгендіктер Сат мемлекеті деп өзгертіп тастағанына 30 жылдай боп қалыпты. Патриархаттың патриархы кім екенін біліп отырған шығарсың… Олардың Братзаңы бойынша патриарх 2 ғасырға сайланады, осы орайды Русланнның клонизаторының көмегі тиді. Патриарх жас болғанда 3 клон қатырылып қойылған, әрбір 60 жыл сайын сол клон «жаңаланып», тірілтіп тұрады екен.

Дәрішөлгендіктерге мәдениеттілікті үйретуге Қазақстандық қайырымдылық қоры ашылған. Жетекшілері: Жан-айна, Эльвира, Аңсар(виза берілмесе де, Дәруішөлгендіктерге жанашыр), Әлия, Өрімтал, т.т. мен танымайтын адамдар. Қор жетекшілерін «Дүниеэйр» ақысыз Жұмақ санаторийына жолдама алдын ала дайындап қойған(оған екінің бірі қол жеткізе алмайды). Патриархтың бұйрығымен шығарылған «Қазақша боқтап үйренеміз» атты кітап Қазақстанда 2-і басылып шығарылып, қайырымдылық қордың дайындаған «Мәдени нақ» кітабы Сат мемлекетінде n данамен таралмай қойса керек. Кейін, Қазақстандық шпион(дәруішөлгендік тілде «өсекші») Гастарбайтер кітаптың қазақшаға аударылып «Қазақша боқтап үйренеміз»  деген атпен Қазақстанда сатылғанын айтып, нақты ақпарат беруге дайын екенін айтып, қорғаныс сұрапты дейді Қитартас.

Ең танымал бренд «Баян модс» болып тұр. Дәруішөлгендіктермен тіл табысып(аудармашысыз!), Жапониямен қатынасып жүріп, Саян3-тің көмегімен Галактикалық дәрежеге жетіп Корпорация болып кеткелі жарты ғасыр уақыт өтті. О дүниеге кететін болып, жарты ғасырлық юбилейіне бара алмайтын болып отырмын. 2010-да еденін тескенім жетер ия?!

Айко бас бостандығын ақ найзаның(100 томдық энциклопедия-аударма) ұшымен қорғап, атқа(бір адамдық ұшақ-аударма) қонып Саян3-тің көмекшісі боп, бала-шағасын Венераға көшірген. Құрығанда, аптасына бір көретін күйге жеттік…

Щеголдардың күнін көрдің ғой, бірі танк зерттеп, бірі комп зерттеп, бірі аударма зерттеп, бірі бағдарлама оқып, бірі өлең жазып, бірі ән айтып, т.т. қазір одан миллион есе артық… Біздің кезіміздегідей өмір жоқ… Тірі, шынайы өмір…

Балаларды, немерелерді уайымдама, Құдайға тапсырдым(Шөберелерімді Зереге тапсырдым)… Жыласаңдар қайтып келем деп кеттім 🙂

Менің рейсім келді… Кездескенше…

Е…қызы, *** келіні Салтанат

31 шілде 2065 жыл Жер уақытымен 24:00

Аударған Салтанат Н. Е.

Ескерту: ешбір ақпарат шындыққа сай емес. Бір ғана шындық – туған күнім мен өлген күнім бір болғанын қалауым 🙂

Бір Ой болыпты. Мекен жайы Мида екен. Дене Республикасының ең энергоемкий аудандарының бірі, әрі Басқару жүйесінің тұрақты тұрағы болса керек.

Көз джимайлға хат жолдап, Құлақ дауысты/дыбысты СМС жазып, Тері неше түрлі спам лақтырып, Тіл ханым импульстар жіберіп, Мұрын мырза қорап-қорап пәсілке жолдап, Мидың ел танымайтын өгей деп саналатын 6-ы баласы да азды-көпті, жетер-жетпес ақпарат беріп, қайтесіз әйтеуір ел жабылып Ойды туғызып алыпты. Шілдеханасы 0,01 нсек болар болмас жиналған жұрт келесі толғақ «қызығына» кетіпті.

Акушерлерінің берген ақпаратына тоймаған Ой Архив атаға барыпты(физикалық тұрғыдан ата өзі Ойға келеді ғой). Архив ата **-і болса керек, бейшара бала-Ой біріншісінен бастап соңғысынан дейін қыдырмай, 24-і «болуы мүмкін» деген ендері барларға сілтепті. Аталар аздап қартаяйын деген ба «солай ғой деймін» деген жауаптарына налыған Ой өз тумаларына барыпты, ақылдаса отырып, олардың тәжірибелеріне жүгіне отырып, «жұдырыққа жұмыла отырып» 5 ағайындыға ашық  хат жазыпты.  Тілеуін бергірлер лезде басқа Республикалардан, Материктерден, Ғарыштардан барлық ақпарат жинап беріпті. Ой рахметін айтып, жаңа «азыққа» толығып, қорыта бастапты… Бәрібір Ой ойынан ойы кетпей қойыпты… Тумалары қолдарын бір сілтепті «шизик» деп, 5 ағайынды Республиканың қамын қамдап Ойға қолдары жетпепті, Архив ата куәліктің мерзімі өтіп кеткенін айтып жібермепті… Сүмірейіп Ой анда сандалып, мында сандалып энергиясын тауысыпты да Пассив ауданына көшіп кетіпті.

Әлденіп Ой Пассив ауданынан қашып шыға беріпті, шыға беріпті. Вообщим, Миды ашуландырғаны сонша, Ми Ойды суырып алып, Бүкілденелік жиынға салыпты! Қуанышы қойнына симаған Ой жарылыпты да қалыпты, прикиньте… Ішінен шыққан Шешім деген көбелек типтес қанаттандыратын субъект Миға жаңа Белестерді көрсетіпті.

🙂 Журналистсымақпын* ғой, ойымды жай сөздермен жеткізе алмаймын. Айтайын дегенімді түсінген шығарсыз 🙂

* Түзету – 23.07.2009

Ерте ерте ертеде бір бай болыпты. Бай болғанда бай, ішкені алдында, ішпегені артында, өзі би, өзі қожа екен. Байдың бай болуына бір қарт көмектесіпті-мыс. Қарт өз даналығын ғасырлар бойы жинаған, көп көрген, көп оқымаса да көп білетін, дала тілін, ірі-қара, ұсақ-түйек малдардың тілін де білген  ақсақал деседі. Қарт байды бай болып, байлықтан көзі байланар деп ойлапты ма?! Ақ-көңіл, кішіпейіл қарт о дүнеге аттанарда артында қалған жалғыз ұлын байға тапсырыпты.

Надандығы ма, білместігі ма, орнын басады деп па бай жас баладан қатты қорқыпты. Мал қора мен жатар орнының арасында безілдеген жас тез азып-тозыпты. Шыдай алмай қожайынына ашулана барғанда бай азын-аулақ сыйлықтарымен алдап-сулап жібереді екен. Сол қолы жеткен сыйына жас бала мәз, тыныштандырғанына бай да мәз.

Уақыт рұқсат сұрамай жылжи береді. Жас бала отбасылы болып, бала сүйіп, тіршіліксымақ өмір сүріпті. Тұрмыс жағдайы жанына батса да көрмегенсіп жүре беріпті, жүре беріпті. Көп ойланады екен, өзі жайлы емес – ұрпағы жайлы, қайда барады, кім болады, не өмір көреді?! Бай да құр қол отырмаса керек. Баюдың амал-айлаларын іздеп тауып – табысты жолға салыпты.

Байдың қол астындағылары жаңа әдістерді түсенбейді екен де, бай сырттан көмек шақырыпты. Сөйтіп, ескі жұрт ысырыла беріпті, ысырыла беріпті, оған жұрт көне келіпті көне беріпті. Кешегі жас бала бүгін Ер, баймен күресудің амалын іздегенімен, тапқызбапты. Бір амалын, бар үмітін Ер баласы Беріктен көріпті. Тәрбиесіне, білімі мен оқуына көп көңіл бөледі екен. Жиған тергенінің бәрін Беріктің кітап-қаламына жұмсайды екен. «Оқы да ОҚЫ!» деген бұйрық ретінде емес, баппен түсіндіріп, Беріктің алдына мақсат қоя білген Ер баласынан да жауапты құлшынысты көріпті. Қарт-ата айтып, үйретіп үлгерген нақылдарын, даналығын шамасы келгенше Ер Беріктің қанына сіңіруге тырысып бақса керек.

Бай қартайыпты. Күндердің күнінде соңғы демі де шығыпты. Өкінішті-ақ, бар байлығы осы дүниеде қап кетіпті(қап-ай, ай ә!). Ол уақытқа дейін Ердің Берігі да ер жетіп, қатайыпты, сана-сезімі қалыптасып, ояныпты, өзгеріске деген талпынысы қанша жаншылса да жарқын болашақтан үмітін үзбеген екен.

Берік көп ойланып, жанына ойластарды жинап, жүйенің жаңа жүйесін тауыпты да енгізіпті 🙂 Қалың жұрт «бай жив» деп қайта қораларына оралыпты дейді ертегі…

Дисктегі соңғы ән… Қолға бір нәзік дүниені бергендей… Әрбір адымды ойлана, ілгері қарай, бір аяқпен сипап – қара жердің бар-жоғын тексеріп барып қоярлықтай… Бар ойым алақандағы дүниеде – алақандағы дүниеге сай болу, тең болу, бір болу, бар болу… Бұл қараңғылықта жан-жақтан «бұйт! сұйт!» деген ақпарат атқылап тепе-теңдігікті бұзып, ортаға түсіп жатыр… Отыра қап, денемен ықтап «бәрі жақсы болады!»-ның астынан алып… Алақаннан алақанға салып, беттеген жолдан қайтпай … Алдыда тек жақсылық барына сеніп, тоқтауды өліммен теңестіріп, алақандағы өзімді жоғалтпай жолымның соңына жетсем… 😀