Алматыда әдееееміііі қар жауды… әдемі болғанда әдемі… аяқ астында қырт-қырт еткенін естігенде шаршағаның тарқап, ұйқың ашылып кетеді ма бірдеңе… сиқыры бар 🙂

Түскі ас кезінде «безобидно» далаға жүріп қайтамыз деп шығып, малмандай су боп, енді курткаларды жайып қойып кептіріп отырмыз, джинсы да дымқыл – үйге жеткенше құрғақтанса екен.

Қар деген аппаааақ, әдемііііііііііі… Қалай оны бұзбай өтіп кетесің? Бардық та аяқпен таптап таптап, ол аз болғандай оған еще жатып, бір бірімізге атып, қуалап, жұлқылап шалып, қара тоны ақ болғанша қарға шылап/көміп…

🙂 🙂 🙂

Сәби болғым келеді, сәби болғым(с)… Балалықпен қоштасқым жоқ…

Advertisements

7gifНе ғой… Мына әңгіме Жан-Айнанікі. «Блогыма жариялайыншы» деп сұрай алмай отыр едім, өзі «жарияласаңыз қарсы болмаймын» дегендей болды. Бірақ, мына туындының менің блогыма жариялануы «намысына» тиіп кетпес пе деп те ойлап едім(қарап отырсаңыз, шығармашылыққа, әдебиетке аса қатысы жоқ, тілі де тым қарапайым блог қой). Өзім үшін, үлкен МӘРТЕБЕ!

Баяғыда қыс патша тағынан түскісі келмей, билігін қолынан шығарғысы келмей, Көктемге орын бергісі келмей, елді біраз әуреге салыпты. Күллі жұрт көктемін аңсапты. Аң біткен көкке зар болып, күннің жылы шуағын күтіпті. Бәйшешек қара жердің бауырын түрткілеп, қашан еркіндік бересің деп мазасын алыпты. Қайдан білсін ол байқұс бұған кінәлі жер емес, Қыс екенін. Қыс та кәрін төгіп, қаһарланып, қарын қатайтып, сүңгіге айналдырып, одан әрі нығарлана түсіпті. Бірақ, «ештеңе де мәңгі емес» қой, бір күні Қыстың төл ұлы, ұлы мұрагері Қар қатты ауырыпты. Төсектен басын көтере алмай ауырыпты. Түрлі тәуіп, менмін деген мыңдаған бақсы да, емші де ештеңе жасай алмапты. Мүмкін олар қолдарынан келсе де, Қарды емдегісі келмеген болар, өйткені Қыстан әбден зәрезап болып бітті ғой. Сынақтан өте алмағандарды Қыс қылшылдаған аязымен үсітіп өлтіріпті. Сол уақытта біреу Түлкінің де емшілік қасиеті бар екенін айтады. Қыс бірден Түлкіге кісі шаптырып: «Қарды кім ажалдан алып қала алса, сол Қыстың суық мейіріміне бөленбек, Түлкі де келіп, бағын сынап көрсін!» – дейді. Емшілердің бәрі шетінен өліп жатқанын естіген Түлкі бұл тығырықтан шығар айла таба алмай әбден сасып, Қыстың алдына келеді. Қардың тамырын басып көрген ол: (толығырақ…)

snow1Жер бетіне 10-ның 24 дәрежесі болатындай қаршалар(снежинка) жауады дейді кейбір» ақылдылар».

17 ғасырда Джонатан Кеплер қаршалардың 6 бұрышты екенін анықтап, бірақ неге екенін түсіне алмай-ақ кетіпті.

Осы сұрақтың жауабын 20 ғасырда бір-ақ табылған. Чарльз Банның «Кристаллдар және олардың табиғат пен ғылымдағы рөлі» (Мир баспасы, Москва 1970) атты кітабында былай делінген екен:

«Қаршалардың барлық ғажап түрлері гексагоналды симметрияның вариациялары екені көрініп тұр ғой. Бірақ, неге мұз кристалдары тармақталған полиэдрикалық формада болып келеді екен, а?! Жауапты басқа заттарды зерттеу арқылы таба аламыз… У. Мезон (Лондо университеті) қатты қаныққан бу, табиғаттың қаршасындай, өте әдемі тармақталған формалар тудыратынын кристалдарының өсуін әртүрлі температура мен әр түрлі бу тығыздығын зерттей отыра көрсеткен.

Десе де, әр тармақ тармақталып кететіні түсініксіздеу ма, біртүрлі, ия?! Гексагоналдық жазықтық не призма формаларынан алғашқы аутқулардың себебі кристалдардың шыңдары басқа  қанығыңқыраған бумен жанасуында болуы мүмкін. Тағы бір себеп – қырлардың ортасына емес, шыңдарына бағыттайтын конвергентті диффузия. Екі себепті де ескере отырып, шыңдардың тұсында кристалдың өсу жылдамдығының жоғары болуын, әрі концентрация жоғарылаған сайын шыңдарда ерітіндіден алынатын заттар көбее түсуін  болжауға болады. Ең қызығы, кристалдардың көбінің қырлары тегіс/жайпақ қалпында қалады.»

Қызықты деп бағаланған деректер:

1) екі бірдей қарша жоқ: 1-бастапқыда су молекуласынан құралған алты бұрышты призма, әйтеу бір шаң түйіршігінің айналасында шоғырланады. Кейіннен, бір-біріне бейберекет «жабыса» бастағандықтан бірдей формадағы қаршалардың бар болу ықтималдылығы нөлге жақын. 2- 6-7-пунктерді қара 🙂

2) қаршаның формасы температураға байланысты: қатаю температурасынан -3°С-на дейін жазық, -3°С-тен -8 °С-қа дейін гексагональды призма, кейде қуыс призма, бірақ -8 °С-тан -12 °С -қа дейін қайта жазық! -12 °С-тан төмен жетерліктей қаныққан болса жапырақтанған өсінділердей болады, алайда -16 °С-та қайта жазық, -25 °С-та қайта призма.

3) Жердің әр түрлі аймақтарында, сол жерге ғана тән формалы қаршалар жауады екен.

4) Ғалымдар жаңа жауған қар әртүрлі биіктіктегі ауа ластығын, ылғалдылығын, температураның өзгерісін «айтып» береді деп ойлаған. Сөйтсе, жерге түсетін қардың көбісі зақымданып түседі екен да: бір-бірімен соғысады, желдің кесірінен ең құнды да маңызды қабатынан айрылады, тіпті сынады да қалады. Аспаннан қалай болса солай түскен қардан бүтін қарша табу қиын техникалық есепке айналыпты дейді. Тіпті дейді, бұлттар ақиқат ақпарат жеткізбейді екен.

5) жоғарғы пунктегі қиындықты мықты-мықты есептеу машиналарының көмегімен жүздеген, мыңдаған факторларды ескере отырып, бір ғана қаршамен емес, қаршалар тобының арасында байланыстар бар екенін дәлелдеді. Белгілі бір процедуралар арқылы алынған қаршалар жиынтығы дәл қазіргі климаттық жағдайдың ерекшелігін жеткізеді. Бұл амал тек қар жауғанда ғана жарамды боп шығады.

6) Токия Университетінде бір-бірінен аумайтын қаршаларды «Haar» қондырғысында тонналап «клондады».  Соның өзінде де, хромдалған камераларда «Haar» қаршаларды 100 пайыз аудырмай жасай алмады. Бұның себебін Toshiba Research Ltd. және Cavendish Laboratory (Англия) ғалымдары зерттеп, қондырғыны «сүзіп» өтетін сырт өріс тербелісінің әсері деген тұжырымға келді. Физиктер «өзінше» ол өрістің қандай екенін айтпапты, ғылымға қатысы бар «өсекшілер» бұл өріс ноосфера, яғни сана өрісі дегенді таратыпты.

7) әрбір қарша жазық линза екені анықталған, басқа қаршалардан түсетін сәуленің әсерінен әрі қысымынан өзгереді.

8 ) аспаннан түскен қарша қоршаған ортадан келетін ақпаратты жинайды әрі өзгертеді. Жансыз да өлі қарлы кеңістіктер- білім жиналатын алып резервуар, өзінде ұлан-ғайыр ақпарат сақтайды. Көктемде жержүзі өткен-кеткен білім құндылығын ұмытады – қар суының жақтаушыларна жаңа бағыт…

Мүмкін, бір күндері ғалымдар қарлы күні далаға шыға сап, қарға қарап жауап табар таппаған сұрақтарға 🙂