energy

Электрэнергиясынсыз өмірді көзге елестету мүмкін. Бірақ, қызығынсыз(жылу, ақпарат алу/тарату/білу, өнім өндіру/өңдеу, т.т) елестету қиын… Мысалы, бүгін энергетиктердің кәсіби мейрамы. ҚҰТТЫҚТАЙМЫН!!!

Advertisements

Асет Қалымовтың «Қазахстанская правда» газетінде жарияланған Георгий Папафанасопуло Анастасовичпен сұхбатынан өзіме «керек» деген материалды аударып алдым:

– 2005 жылы «Ақтөбемұнайгаз» 385 млн м3 газ жағыпты. Бұл көлемнен 2,5 млрд киловатт/сағат өндіруге болады екен. Ақтөбе аймағына 1,5 млрд сырттан сатылып алынады.

– Жамбыл ГРЭС 5,3 млрд киловатт/сағат өндіре алады, бірақ үштен бір бөлігі ғана – 3,2 млрд – өндіріп отыр.

– 1990 жылы оңтүстік – 26 млрд киловатт/сағат тұтынылса, 2007 жылы – 15 млрд болған.

– 1977 жылы Балхаш көліне жақын Шығанақ теміржол станциясында ГРЭС-і үшін ең қолайлы деп шешіледі, сол кездегі жобаланған өндірістілігі – 25 млрд киловатт/сағат.

– Евросоюзде 60 %-дан төмен ПӘК (КПД) электроэнергиясын өндіруе тыйым салынған. Біздің елдегі ең-ең деген электростанциялар 40 %-дан төмен ПӘК-пен жұмыс істеуде (Екібастұз – 37.6, Жамбыл – 39%).

– Кеңес уақыты кезінде Екібастұз электростанциясының күлі Байкалға жеткен.

– Әлемде кең таралған газопоршындық қондырғылар шикі мұнаймен, мазутпен, сонымен қатар тазартылмаған газбен де жұмыс істейді. ПӘК-і 45 %-дай және мұнайөндірісінің қосалқы газын қолданып арзан электроэнергиямен қамтамасыз ете алады.