Поштама келген хат:

—    «Max factor»-дың тушын алып кетесің бе не?

—    Ия.

—    Мен ше? (көзімді бақырайтып, түсінбеген кейіп танытып)…

—     Ол болса өзіне тән жайбырақат кейіппен «сен «Mary Kay»-дің тушымен амалдай тұрасың мен келгенше, — дейді.

—    Крем ше, тени ше? Мәссаған, сонда мені косметикасыз қалдырайын деп тұрсың ғой…(іштей сезіп тұрмын, кіші «ІІІ дүниежүзілік соғыс» басталып кетпесе осы деп)…

—    Сен «Chanel»-ді алып қал, маған қоңыр түсті тени  қажет емес. Румянаны да алып қал.

—    «Vichy»-дің де алып кетем деме тек…

—    Енді маған да керек қой ол крем…

Қап…амалсыз көнуге тура келеді…Қанша дегенмен кремнің қожайыны сол ғой. О, маған бір ой келді J

—    Сен костюм-шалбарыңды киесің ғой ия. Ол ана менің көк  жолақты кофтаммен  әдемі жарасып тұрады.

—    Ия. Түстері де сәйкес келеді, шынымен. Соны алып кетейін, ендеше.

—    Өзіме керек қой (yes, yes, әлсіз тұсыңды таптым-ау деп мәзбін іштей)

—    Саған крем керек пе?

—    (ойлан, ойлан, тезірек, крем, әлде тушь…сұра, сұра….түуууу, екеуі де қажет ау…тез, тез, айт енді…)…ия, крем керек

—    Жақсы. Кремнен құтыға құйып алып қал.

—    Қалайша, құйып алып қал …

—    Енді маған да керек емес пе. Мен саған дөңгелек сырғаны тастап кетем ғой

—    (эхххххх, сырғалар менің осал тұсым екенін біліп алған). «Ия» деп келісімге келмеске амал жоқ….

Әпкем екеуміздің екі жақты келісіміміз сәтті жасалған секілді.

— Ай, сен қыздар да осы, бір жаққа кететін болсаңдар, бәрін бөлісіп… қыздары бар үйдің бәрі осындай ма екен?— деген мамамның даусы естіліп жатыр келесі бөлмеден…

Advertisements

Кетті! Өскеменге алғашқы, өз қолыммен жазған хатым кетті… Аман жет 🙂 Жауабы да аман келсін 🙂

Қорықпаған жалғыз осы А. болғандықтан, жауап жазуға өзімді міндетті санадым. Өзі туралы қысқаша мәлімет беріпті де, орысша жазуымды өтініпті. Не деймін!? Орысша жаздым. Кеше бір «жынды» кездесуге барған едім, эмоциялар деген тасып, бүкіл напорыммен/екпініммен жазып, жазып тастадым, қағазым шимай-шимай, сия-сия… Ұят болмаса болды 🙂 Егер, менің ұсынысымды қабыл алса «Фантазияны дамытайық 2/n» деген жазбалардың орысша нұсқалары жарияланады деген үміттемін.

Қағаз хат 3-4 күнде жеткізіледі дейді поштадағылар.

Поштаға барсам жабық екен-түскі ас. Есік алдында жас келіншек пен үстіне іле салған курткасы бар, халат киген апа. 15 минут үнсіздікте тұрамыз ба?! «сіздер құжат жібермекші шығарсыздар?» деп едім «ия ия» деп бастарын изеп, конверттерін көрсетеді. «Мен хат жібермекшімін, электронды поштам жоқтай, телефоным жоқтай, хат жаздым!»-енді әйтіп-бүйтіп сөз бастау керек қой – «ааАа» деген жауаптары маған ұнаңқырамады, үндемей қалдым. Апамыз «еееее біздің заманда…» деп бастады бір кезде. Оказывается 🙂 Апамыз, әскердегі жігіттерден хат алса, қателерін қызыл сиямен түзетіп қайта салып жібереді екен. «Ұнағандарына жауап жазамыз!» дейді. Осы жерде, ойлардың түр-түрі кетті… Ертең отырсам қып-қызыл хат алып… Есік алды бірінен соң бірі «жабық па не?!» деп келіп жатқан адамдарға толды… Әңгіменің ағыны басқа жаққа бұрылды: ауылдарға хаттардың жетпейтіні туралы айтты, байланыс министрінің жалақысы қандай екенін айтты, шет елге жіберген хатың Қазақстан бойынша жіберген хатыңнан тез жететінін айтты, хаттың адресатқа жету механизімі туралы да айтып үлгерді… Үлкендер жинала қалса сол ғой…

Жіберер алдында, хаттың сыртына «не обращай внимания на ошибки!» деп жаздым, қайдан білемін қандай жауап келетінін 🙂

Өмірімде жібермейтін хаттардың бірі:

«Қал-жағдайыңды сұрау міндет. Көру былай тұрсын, естуге де зар болдық. Өзің туралы бейхабармын. Өзімнен де еш хабар. Жұмыс-іссапар-тығыз уақыт, т.т. толып жатқан сылтау-бос әңгіме. Басты қатырып қайтемін. Сол бос сөздің бірін бастамақпын: шын айтамын қолым тимеді, телефонда көк тиын да жоқ, жұмыстан жұмыс-әбіржіп кеттім, жұмыс-үй-жұмыс, одан қалса агент, интернет, блог…

Шындыққа жұғыспайды?!

Ал, мынау: емтихан, миымнан бастап, жүрегімді жаулап алды. Нәтижесін білмейінше, мен жоқпын, аспан асты, жер үсті қалқып жүремін. Мидағы блокираторлар қирап, «үрей» жүректен бір-ақ шықты. «Кітап құрты», «қағаз табынушысы» атанудан ми мен жүрек ортасында бір-ақ «реле» ұстап тұр: кернеу артып ол «ұшса» – күнім не боларын ойлауға жоқпын.

Қалай? шындыққа ұқсайды ма?

Ия, дұрыс… бес жылда еш емтиханнан құламаған… ЖОҚҚҚ өтірік айту мақсат емес. Сағынышымды жеткізейін десем қу «реле» өз дегеніне салып, өз әнін шырқауда. Жүректен шыққанды миға жеткізбей, «дРРР!» деп қойып. Әр дайым қосулы тұратыны да таң қалдырмайды. Бастапқы программалардың ақауы болар. Сырттан «возмущение» болмаса, қозғалмайды. Табиғат берген «саморегулирование» деген де «өшкен».

Амандықпен жүздескенше!»