2 желтоқсан. Сәрсенбі. Таңғы сағат 8:30-8:45

Әжемді Шалқар радиосынан естіп, мәз болдым…  🙂 Көңілім көтеріңкі.

Бір айдай бұрын екі бір-біріне ұқсас жобаларды екі топқа бөліп берген еді. Бірін қыздарға, екіншісін жігіттерге. Әр топта екі-екі адамнан. Кейбір себептерге (Ж. декретті демалыстан шыққанына 2 ай болған+мені басқа «жедел» деген жұмыстарға суырып тұрды+жалқаулық+нақты мерзімнің жоқтығы, т.т іздесең көп, естественно өзіңді жақтауың керек) байланысты менің тобым үлгермей жатты.

Содан 11-лерге таман бастығымыздың 120 кг-ға «қыздарға көмектес» деген сөзіне дөрекі түрде жауап қайтарды.

Түскі ас уақыты. Кеңсе бойына өсек тарады – «120 бастыққа гендирдің көзінше хамить етіпті де, гендир 120-ның өтініш жазуын сұрапты» деген.

Сағат 14-тен кете гендир бәрімізді шақырып, тәрбиелік әңгіме «айтты». Біз өз жұмыстарымызды 120-ның тобынсыз-ақ істейтінімізді қолдаттық/көндірдік.Көңіл-күй жоқ.

Түнгі 11-ге дейін отырып, «үлгеретінімізді» сезіп үйімізге қайттық.

3 желтоқсан. Бейсенбі. Таңғы сағат 8-ден кете.

120 кг да ерте кепті жұмысқа. Привет-привет… Бір кезде, бізге біздің дұрыс еместігімізді түсіндірмек болып, маған сөйлеп жатты. Оған Ж. шыдамады қарсы жауаптар кетіп жатты. Үндемей тұрғанда ғой.  120 кг басына қан көтерілді. Боқтай бастады. Біз в шоке. «Қойсайщ!» дегенге тағы болмай одан сайын оталып Ж.-ны 3 әріпке жол сілтеді(айта кету керек бірнеше рет). 30 метрдей жерде отырған Ж.-ның күйеуі атып тұрып, боқтық сөзге боқтық қосылып, бастықтарға қоңырау шалынып. Содан 120 Ж.-ның жұбайының тұмсығын бұзды, якобы 120-ғаға стакан лақтырғандықтан қол көтерген. Ж.-ның жүйкесі қатты екен, мен жылап жібердім.

Содан

Содан көп сөз болды, шып-шып өсек… Бухгалтерия «қыздарға» деп валерьянка беріп жіберіпті :)))

Немен бітті дейсіз ғой?! 120 өз еркімен кетуге өтініш жазды. Қол қойды ма, қоймады ма білмеймін. Ж.-ның жұбайын дигностический центрге алып кетті(4 сағат болды, әлі жоқ).

Ал, мен кеттім жұмысымды бітірейін…

Ұқсас жазбалар

Advertisements

Ну сол баяғы маршрут… Жалықпаған болсаңыз айта кетейін…

Автобус қиқаңдап, 8-ге ұқсас траекторрия сыза бастады… Ойымда түк жоқ. 104-ке(маршрутканың нөмірі) жақындап келіп, алдын кесіп өтіп, бағдаршамда ма*ма-лармен алмасып… Оқиға «температурасы» арта бастады…

Қателеспесем, Ахрименко көшесінде 104-тің алдына ** тоқтады – қызық басталды! Біздің водила жұлқынып, моторды өшірмей, 104-тегі водиланың жанында отырған жігітке кеп тиісті. Ну да, есік жоқ ол жақта, буквально терезеден суырып алды сыртқа. 104-тің водиласы да, кондукторы да шықты. Біздің де кондуктор қарап тұрсын ба… Екі автобустың зевактары да бар… Жолаушы-ерлер орындарынан айырылып қалатындай(«попу поднял – место потерял» деген қабылданбаған заң бар ғой, соның орнын аңдыыыыыыып тұрмын ғой мен) бастарын ғана көтеріп алған, студент-жігіттер «қайтесің, қайтесің» деп бір-бірін тоқтатып: бәрінің есіл дерті даладағы «разборкада»…

– Ма*ма айырам! Ма*ма тығам! Ма*ма ма*ма…

– Ма*ма ма*ма ма*ма ма*ма ма*ма…

– Араласпа, ма*ма… Араласпа дедім, ма*ма… Тыныш тұрсайщ, ма*ма… Ма*ма

Нормальный тілге аударылмас бірақ, мен аздап бұрмалайыншы:

– Сіз маған балағат сөз айттыңыз! Сөзіңізді қайтып алуыңызды өтінемін!

– Алмадым, ал! Айнамды сырып кеттіңіз сіз! Білесіз бе? Айнасыз мен арттағыларды/артымды қалай көрмекпін? Сіз қауіп төндірдіңіз!

– Достым, жігіттердің сөзін бөлмеңіз! Сіздің шаруаңыз емес! Өздері шешімін табады!

Біраз тұрды бір-бірінің жағасын ұстап. Апайлар шыдамады. «Қайда қарап тұрсыңдар! Ажыратсаңдаршы!»… «Жүреміз ба, жүрмейміз ба?»… Келесі свидание уақыты мен кездесетін жерді белгілеп алды-ау деймін, ұнатып қалса керек бір-бірін… Жұлқылады ғой жағадан алып, қызарғанша… Қайсысы қызарақ болды, байқамадым, сондықтан кім жеңгенін айта алмаймын…

Немқұрайлық… Маған бәрі бір… Сен тимесең – мен тиме… – ауада қалқып тұрды, білесіз бе…

Осыны да төбелес деп (с)… «Ұрамын! Соғамын! Бтщын шығарамын» деген адам олай тұрмайды… Жәй-әшейін қораздану… Арзан понт(с)…  Типі орнына қою…

Әйтеу жиналдық бәріміз автобусымызға… Орамал таққан апайымыз есін жинай алмай қапты: «Есебің келер алдыңнан!… Автопаркке ызвондау керек!… Шегіп алған мыналар!… Ай, сорлы қазағым-ай… Қайда жүрсең де қазақтар бір-бірінің бетін тырнап жатады…»

Ондай сөздер, сондай сондай әрекеттер еш ойландырмайды, керісінше жымитады. НЕГЕ? Бәрі оп-оңай… Өзіміз ғой осындай қоғам тудырған… Қазақ өзіміздікі, қоғам да біздікі… Осындай болып кеткенін кімнен көреміз? Тек өзімізден…

Толықтыру: Айко, ма*ма сөзін не по назначению қолданғаным үшін кешірші…

Мәтінді жазған: Салтанат Н. Е.