осы өмірге ылайық...Той дегенді өз басым жақсы көремін, бірақ басыма той әлі бұйыра қоймағандықтан басқалардың тойына қызыға қарайтыным да бар.

Тойдың атмосферасы ұнайды: «өп!» деп мейрамханаға кіргеннен әдемі-әдемі, түрлі-түсті көйлектер киген ұл-қыздар жүгіріп жүреді, үстел қамын ойлаған жеңге, асабамен сөйлескен ағалар да, шаңырағы кеңейген ата-ана қуанышы… Бәрі бәрі ауады ұшып, қалқып жүреді…

Зере өз тостын айтты, мен тойда айтсам «Айтылған тілектерге толығымен қосыламын» деп «құтылып» кетер едім, Зеренің айлық үлкендігін қолданып қалып 🙂 Сосын 8-үстел «три-четыре АЙ ДА ТОООСТ» деп шатыр-шұтыр стакан соғыстырар еді 🙂

Қуаныш пен Әселге бақыт, мәнді де сәнді ғұмыр тілеймін.

Бір жұп өздерінің «алтын тойын» тойлап жатыпты. Сонда бір журналист қыз келіп: «Апа, сіздің сонша жыл бойы жұптарыңыз жазылмай, қолтықтасып келе жатқандарыңыздың сыры қандай?» депті. Апа көп ойланбастан «шыдамды болу керек» деген екен.

Семейная жизнь оңай еместігін айта береді, айта береді, оларға сенбеңдер 🙂 бәрі өтірік 🙂 Бір-біріңе сенсеңдер болды дер едім 🙂

«Сендерге әрдайым орын бар,
Ақ отау төріне қоныңдар
Ақ тілек батамыз, мінекей,
Бақытты болыңдар, болыңдар!»(с)

Advertisements

Заңды некелесу рәсімін  ерте бастап кеткен де жаңа түскен келіннің ата-анасы, туған-туысы, достары үлгермеген. Көңіл-күй деңгейі сол нөлден төмен, жүректе қуаныштың орнына суық көңілсіздік, көзден шыға алмай тұрған ыстық жас, көкіректе миллион сұрақ…

Ит қайтқанда келді туыстары, Алматының тығырығын кінәләп. Әрине, ешкім өзін кінәлімін деп мойындамайды ғой, басқаға жаба салу оп-оңай. Қойш, әйтеуір, бір сағат жасалған макияждың жұғыны ғана қалып, өтірік болсын/шын болсын жас-жұбайлар жымиып топпен суретке былай да былай да түсіп жатты. Мен? ой, мен тұрдым сырттан қарап, бірін танымаймын…

Гулянка туралы айтар ерекше ештеңе жоқ, білесіздер ғой Алматыда 4 жерге міндетті түрде баратынын: не Райымбек атаның басына барып құран бағыштау, не мешітке барып неке қидыру, Мәңгілік алауға гүл қою, жаңа алаңға бару, Медеу не Алма-Арасанның табиғатында болу. Соларды аралап, суретке түсіп, ішетінін ішіп, айтатынын айтып жүрдік.

Ең қызығы – той уақытында басталды 🙂

БЕТАШАР… менің онша жақсы көрмейтін дәстүрімнің бірі. Ақ жаулықтың астында тұрғанда қыз не туралы ойлайды екен?… Басың салбырап, екі жағыңда екі жеңге(абысын) қолтықтап, беліңді бүгіп, өз ұяңнан ұшқаныңды, артқа жол жоқтығын сезініп, ешкімге бас имеген, мында келіп, танымайтын-білмейтін адамдарға «бір сәлем!» дейсің, мінезіңді сындырғаның ба?! табиғатқа бағынғаның ба?! алдыңда көр ма, бақ па?! Қорқынышты-ақ 🙂 Не болса да, барлығы өз қолыңда 🙂

Досымның енесінің дауысы-ай… тыңдай бергің келеді екен, нағыз қоңыр, қазақи дауыс. Жалпы, тойға келген қонақтарының сөздері де тұп-тұнық, жарқын шықты. Енесі айтып өткендей «тойдан Сырдың иісі сезіліп тұрды»(екі жақ та Қызылорданың ЖаңаҚорғанынан, просто әртүрлі ауыл да). Тілектерін бірі жылап айтса, бірі күлдіртіп айтты, бірі өлеңдетіп айтса, бірі қара сөзбен көркемдеп айтты, бірі домбырамен айтса, бірі қағаздан оқытып айтты.

Биді антрактқа дейін-ақ бастады, бірнеше тосттан кейін – БИ, ән айтылса – БИ, былайша тренировка/разминка. ЗАТО … Антракт кезінде барлығының секіріп билегенін айтсаңшы, ұялу деген жоқ, қысылу-қымтырылу деген жоқ, ашыла биледі десем де болар, тамаша болды 🙂 конкурстар да болмады, жеңгелері өліп-тіріліп билеп жатқандарға сыйлықтарын лөстіріп жүрді 🙂

Қалыңдықтың гүлі маған бұйырмады 😀 Ұстаймын-ау деп те ұмтылмаймын, жай-әншейін «группа поддержки»/»толпу создавать ету» үшін тұрамын, тұрғанда да шет жағында, гүл «өмірі» ұшпайтын жерге тұруға тырысамын 🙂

Той иелеріне той солай аяқталды, шілдеханда кездесетін болып келісіп тарасты. Бірақ, жасжұбайлармен әңгімесі бітпей қалған жастарға той енді басталып еді…

Тойлы күндерде кездескенше!!!

Мардымды ештеңке істемесем де, басқа ақылды да пайдалы материал табылғанша, өмірімде болып жатқандарды жазайын.

Жұмыстан ертерек шығамын деген жоспарым быт-шыт болып, асып-сасып 20 минутта сыйлық таңдап, оны 15 (дәу да емес) минутта оформить етіп, 30 минутта жиналып, 20 минутта той орнына жетемін дегенше 15 минутқа кешігіппін. Ал тойдың өзі 2 сағат 30 минутқа кеш басталса керек.

Қыз ұзату рәсімі құда күтуден басталады, ия? Сосын ресторанда болатын тоймен аяқталады. Солай емес пе? Құдалардыкінде қандай-қандай дәстүр болғанын білмеймін. Дәстүрді айтқанша, тойда болған қызықты айтайын.

1) Антракт: Ура! деп далаға шығып келсем – би жайына қалған, жұрттың бәрі жас-жұбайларды қоршап суретке түсіп жүр…

2) Тост: таңертеңнен өзімді қайрап жүрдім «давай» да «давай» деп. Сондағым – бір шумақ ән айту. Микрофон қолымда, жиналғандарда «шок» болмас үшін «әнші емеспін» деп ескерттім де бастап кеттім, қолым да, даусым да дір-дір етеді, зал тым-тырыс. Қайырмасына келгенде сөзін ұмытып қалдым, қан деген бетке шықты, құлақтарым дуылдай жөнелді. Сол сөзді тастап кеттім де «уф!» деп аяқтадым. Төрде тұрғандар ғана шапалақтады-ау деймін, достарым ғой, қанша дегенмен 😀

3) Аукцион: жастардың суретін табаққа жапсырып 1-25-50 жыл деп белгілеген. Жаңа құдаларға сатпақ. Онысы анықтан анық көрініп қалды. (қысқаша былай болды: «100 доллар» деп бір кісі (қыз жағынан шамасы) алмақ болды, сосын қыздың ең үлкен ағасы «200 доллар!» деп қалып еді ешкім одан жоғары баға айтпады, сонда асаба мырза «құдалар ойлана тұрсын, сосын аукционымызды жалғастырамыз» демесі бар ма. «Сосыны» келгенде де ешкім ала қоймады, енді асаба «ОНДА 200 долларға бермейміз!» деп табақтарды бөлек қойды.) Өз басым ондайға қарсымын: шығынды басқа әдіспен де толтыруға болады деп ойлаймын.

4) Ұзату: Есенгүл күнделігіндегідей болмады. Қызды ақ матамен екі жеңгесі қолтықтап апарып күйеуіне тапсырды да солармен бірге кетті, сыртқа қыз жақтан ешкім шықпады. Соғысқа кетіп бара жатқандай бәрі дерлік жылап, бір-біріні жұбатумен болды.

Той бітті, қыз кетті. Барған жерінде ата-анасын ұятқа қалтырмасын, үлгілі келін, жақсы әйел, өнегелі ана болуын тілеймін. Бағың жансын!!!